271
ФАРМАЦИЯ ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
Сабақ: Дәрілік заттардың алмасуы
Ӛзіндік дайындыққа арналған сҧрақтар мен олардың жауаптары
1. Дәрілік заттардың метаболизмінің сатылары.
Дәрілік заттардың метаболизмі бірнеше сатыдан тұрады:
1.
Сіңірілу, биологиялық мембраналар арқылы тасымалдану;
2.
Қанмен тасымалданып тіндерде таралуы;
3.
Метаболизм, биоӛзгерістерге ұшырауы;
4.
Ағзадан шығарылуы.
2. Дәрілік заттардың сіңірілуі.
Дәрілік заттардың ағзаға оптималды әсері
дәрілік заттарды таңдаудан
басқа, оның ағзаға түсуі мен сіңірілуіне де байланысты. Дәрілік заттардың
түрін таңдаудың бір түрі, олар жақсы әрекеттесуі үшін, биологиялық ортаның
жағдайын дұрыс таңдай білуде. Асқазан –ішек жолдарында (АІЖ)дәрілік
заттардың дұрыс сіңірілуіне
олардың гидрофиль-дігі, гидрофобтығы,
қышқылдық-негіздік қасиеттері және диссоцияция-лану дәрежесі әсер етеді.
Дәрілік заттардың физика- химиялық қасиеттерін білу арқылы олардың қанға
сіңірілуін, ағзалар мен тіндерге таралуын алдын-ала болжауға болады.
Жартылай ӛткізгіштік қасиеті бар мембраналардан дәрілік заттардың ӛтуінің 4
түрлі механизмі бар. Тасымалдану пассивті немесе активті болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: