Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет88/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   99
Деминерализация
(резорбция) остеокласттар арқылы жүзеге асады. 
Қышқылдану, лактат пен цитраттың босауы, кристалдардың еруі жүреді.
10.
 
Тіс тіндеріндегі заттар алмасуының гормондармен және 
витаминдермен реттелуі.
Жауабы: 
Кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге паратгормон, 
кальцитонин, СТГ, жыныс гормондары, Т
3 и 
Т
4
, витаминдерден Д және А 
витаминдері, ал ферменттерден сілтілік фосфатаза, қышқылдық фосфатаза
пирофосфатаза, лизосомалық гидролазалар, микроэлементтер қатысады. 


270 
11.
 
 Кейбір стоматологиялық аурулар кезіндегі тіс тіндеріндегі 
биохимиялық ӛзгерістер.
Жауабы: 
Тістің ӛлшемі, пішіні мен санындағы ӛзгерістер тұқым 
қуалайтын және жүре пайда болған болуы мүмкін. Егер бала кезде сәулеге 
ұшыраса, тіс бастамаларының ӛлуіне байланысты гиподонтия дамуы мүмкін.
Ерте байқалатын гипотиреоз (Фагге ауруы) кезінде тіс жаруы кешеуілдейді, 
себебі гипотиреоз кезінде тез жаңаланатын белоктардың, соның ішінде тіс 
тіндерін құрайтын белоктардың трансляция жылдамдығы тӛмендейді. 
Эмаль түсіндегі аномалиялар клиникалық тұрғыдан қызғушылық 
тудырады. Олар организмдегі пигменттік алмасудың жүйелі түрдегі 
бұзылыстарымен (ұрықтың эритробластозы, эритродонтия, порфириялар) 
байланысты болуы мүмкін. Кейбір коллагенопатияларды генетикалық 
идентификацияланған нозологиялық формалар ретінде қарастыруға болады. 
Оларға жетілмеген амелогенез, жетілмеген дентиногенез, жетілмеген 
остеогенез жатады. Жүре пайда болған энамелогенез бұзылыстары олардың 
ӛліміне әкелетін себептерге байланысты. Бұл бұзылыстың негізгі себептері: 
кальций-фосфат-магний алмасуының бұзылыстары, әсіресе гипопаратиреоз бен 
рахит. Әр түрлі генездегі созылмалы гипопаратиреоз гипокальциемияны, 
гиперфосфатемияны туғызып, тістердің дамуын бұзады. Бұл кезде эмаль 
сапасы тӛмендеп, кариес ӛршиді, тістер сынғыш болады, оларға салынған 
пломба ұзақ тұрмайды. Фтордың артық мӛлшері энамелобласттардың 
апоптозын туғызып, флюорозға – эмальдің бетінде қоңыр және ақ дақтардың 
пайда болуына әкеледі. Эмальдің ең жиі кездесетін зақымдануы – кариес. 
Эмальдің ақауларының пайда болуына әкелетін басты үрдіс микроорганизмдер 
ӛндіретін қышқылдар мен лейкоциттерден түсетін протеазалар мен тіс 
қағындағы бос оттекті-галогендік радикалдар. Қышқылдың әсерінен эмаль 
деминерализацияға ұшырап, кариестің дамуына әкеледі. 
Студенттің ӛзін-ӛзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет