Заттар алмасуыныѕ реттелуі


Сабақ: СҤЙЕК ТІНІНІҢ БИОХИМИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет71/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

Сабақ: СҤЙЕК ТІНІНІҢ БИОХИМИЯСЫ 
Ӛзіндік дайындыққа арналған сҧрақтар: 
1.
 
Сҥйек тінінің атқаратын қызметтері. 
Жауабы:
Сүйек тіні – дәнекер тінінің ерекше бір түрі. Ол келесі 
қызметтерді атқарады:
1)
Қорғаныштық – сүйек организмнің негізгі қаңқасы болып саналады, 
оған бұлшық ет пен ішкі мүшелер байланысады.
2)
Сүйек бұлшық ет, буын және байламдармен бірігіп тірек-қимыл 
қызметін атқарады. 
3)
Метаболиттік – сүйек тіні заттар алмасуына, әсіресе минералды 
заттардың алмасуына қатысады.
4)
Минералды заттардың қоры – сүйек тінінде кальцийдің 99%, фосфордың 
87%, магнийдің 50%, натрийдің 46% және т.б. заттар қорға жиналады. 
5)
Реттеуші – ішкі ортаның гомеостазын (иондық құрамын, қышқыл-
сілтілік тепе-теңдікті (қанның рН-ын)) сақтайды.
2.
 
Сҥйек тінінің қҧрамы. 
 
СYЙЕК ТIHI
Жасушалар 
Жасушааралык зат 
остеобластар 
остеоциттер
остеокластар
Фибриллярлы 
структуралар 
(талшыктар)
Аморфты 
белокты-комiрсулы 
зат
Сүйек тінінің ерекшелігі – жасушаларының саны ӛте аз, ал жасушааралық 
заттары кӛп.
 


256 
Жасушалары: 
Остеобласттар 
– 
жасушааралық 
заттардың 
(коллаген, 
белокты 
компоненттер, 
гликозаминогликандар, 
протеогликандар, 
ферменттер). 
синтезіне қатысатын сүйек тінінің жасушалары. Остеобласттарда белок 
синтезінің қуатты аппараты бар.
Остеоциттер остеобласттардан түзіледі. Бұл сүйек тінінің жетілген ӛсінді 
жасушасы, ол жасушааралық заттың компоненттерін түзіп, обычно 
замурованная в нем. 
Остеокласттар – сүйек тінінің макрофагтары, олар қандағы моноциттерден 
түзіледі. Бұл – сүйек тінінің алып кӛпядролы жасушасы, онда лизосомалар мен 
митохондриялар кӛп. Функциясы – сүйектің даму және қайта құрылу 
үрдістеріндегі талшық пен аморфты затын ыдыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет