252
терінің бӛлінуі кезіде зәр қара түске боялады. Ауыр бауыр ауруларында да
зәрдің түсі ӛзгереді.
Мӛлдірлік: жаңадан шығарылған зәр мӛлдір, ал тұрып қалған кезде жеңіл
лай сияқты бұлыңғырт болады. Ол түлеген эпителийдің, фосфаттардың (зәрдің
рН-ы сілтілік болса), ураттардың (зәрдің температурасы тӛмендегенде)
тұнуынан пайда болады. Патологиялық жағдайда жаңадан шығарылған зәр
лайлы болады.
Иісі – қалыпты жағдайда зәрдің арнайы жаңадан қайнатқан еттің
сорпасының иісіне ұқсайтын иісі болады. Жаман жағымысз иіс - сарымсақты,
ақжелкекті (хрен) жегенде пайда болады. Жаңадан шыққын зәрде аммиактың
иіс цистит, пиелит аурулары кезінде пайда болады. Жеміс-жидектің иісі қант
диабеті кезінде пайда болады. Нәжістік иіс – пузырно-прямокишечном свище
және колибациллярларлы цистит кезінде пайда болады.
Зәрдің рН 5-7 арасында, яғни әлсіз қышқылдықтан бейтарап ортаға дейін
болады. Осы рН натрий фосфаты (NaH
2
PO
4
) мен калий фосфатының (KH
2
PO
4
)
болуымен қамтамасыз етіледі. Ет тағамын және дәндерді жегенде зәрдің
қышқылдығы жоғарлау болады, сүтті, кӛкӛніс және минералды су
пайдаланғанда – зәрдің қышқылдығы бейтарап ортаға жақындайды (зәрде екі
орынбасқан (двухзамещенные) натрий мен калий фосфаттары, бикарбонаттрар
кӛбірек болады). Зәрдің күрт сілтілік болуы кӛп құсқаннан кейін, ісіну кеткен
кезде, несеп шығару жолдарының қабынуы кезінде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: