Заттар алмасуының сатылары. Зат алмасуы сатыдан тұрады саты


Тағам липидтері, олардың жіктелуі мен маңызы



бет5/22
Дата18.11.2022
өлшемі417,44 Kb.
#51099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Заттар алмасуыны сатылары. Зат алмасуы сатыдан т рады саты

14.Тағам липидтері, олардың жіктелуі мен маңызы.
ТАҒАМ ЛИПИДТЕРІ: ТРИАЦИЛГЛИЦЕРИДТЕР (ТАГ), ФОСФОЛИПИДТЕР (ФЛ), ХОЛЕСТЕРОЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭФИРЛЕРІ (ХЭ), КӨП ҚАНЫҚПАҒАН МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫ (КҚМҚ).
ТӘУЛІКТІК МӨЛШЕРІ: 60-80 Г ӨСІМДІК ЖӘНЕ ЖАНУАР ТЕКТЕС
МАЙЛАР, 300-500 МГ ХОЛЕСТЕРОЛ ЖӘНЕ ХЭ, 2% - КҚМҚ.
Тағам липидтерінің көп бөлігі - майлар. Майлар ұйқы безі және аш ішектің кілегейлі қабықшасы бөліп шығаратын ферменттер - липазалар әсерінен аш ішекте гидролиз арқылы ыдырайды.


15.Липидтер қорытылуына панкреатиттік және ішек липазаларынын қатысуы.
Панкреатидтік липаза (рН оптимумы 8,0-9,0) келесі реакцияны катализдейді:ТАГ→β-МАГ+2 БМҚ.
• Ішек сөлі липазасы (рН оптимумы 8,0-9,0) – келесі реакцияны катализдейді:β-МАГ→глицерин+ БМҚ


16.Өт қышқылдары, өкілдері, маңызы.
ӨТ ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ:
1. МАЙЛАРДЫ ЭМУЛЬСИЯЛАЙДЫ
2. ҰЙҚЫ БЕЗІ ЛИПАЗАСЫН АКТИВТЕЙДІ
3. МИЦЕЛЛА ТҮЗУГЕ ҚАТЫСАДЫ
4. ХОЛЕСТЕРОЛДЫҢ АҒЗАДАН БӨЛІНУІНІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ
5. ЕРІТКІШТІК ФУНКЦИЯ АТҚАРАДЫ, төмендегі арақатынаста болғанда холестерол ерігіш болады: 1,0 : 2,5 : 12,
Өт қышқылдары (ӨтҚ) ХС-ң бауырда тотығуы нәтижесінде түзіледі. ӨтҚ глицин және тауринмен конъюгацияланады да, жұп ӨтҚ: vгликохоль, гликодезоксихоль; vтаурохоль, тауродезоксихоль қышқылдары түрінде кездеседі. Ішекте майлардың эмульсиялануына қатысады, өйткені ӨтҚ тұздары май/су беткейіндегі беттік керілісті азайтумен қатар түзілген эмульсияны тұрақтандырады. 2. МИЦЕЛЛАНЫ ТҮЗУГЕ ҚАТЫСАДЫ 3. ХС-Ң АҒЗАДАН БӨЛІНУІНІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ (ХС ӨтҚ-на дейін тотығады). 4. ЕРІТКІШТІК ФУНКЦИЯ АТҚАРАДЫ: 5. ХС: ФЛ: ӨтҚ белгілі бір арақатынаста болғанда=1, 0 : 2, 5 : 12, 5 ХС еріген күйде болады. ӨтҚ сіңірілуге қатысқаннан кейін қайтадан ішек қуысына түсуі немесе v. рortae арқылы бауырға, одан (өт жолы арқылы) өт қабына, одан кейін секрецияланатын өтпен бірге қайтадан ішек қуысына келеді. Сонымен үнемі бауыр мен ішек арасында өт қышқылдарының циркуляциясы өтіп тұрады. Бұл айналым өт қышқылдарының бауыр-ішек айналымы немесе энтерогепатикалық айналым деп аталады, цикл тәулігіне 6 -8 рет қайталанып отырады. Бұл айналым ХС-ті үнемдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет