«Үздік информатик» атты квн тақырыбы: «Үздік информатик» квн сайысы



Дата28.03.2023
өлшемі18,59 Kb.
#76843
түріСабақ
Байланысты:
Үздік информатик 26.01.2023ж


«Үздік информатик» атты КВН

Тақырыбы: «Үздік информатик» КВН сайысы


Мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету;
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Б) Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Үздік информатик» атты КВН сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сонымен қатар сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. _______________________________________
2. _______________________________________
3. _______________________________________

Сайыс екі команда арқылы өтеді. Сайысқа қатысатын командалар;


I топ – «Білімділер»
II топ – «Зиректер»

Сайыс 7- кезеңнен тұрады. Кезеңдері:


1 - кезең: «Сәлемдесу»
2 - кезең: «Полиглот»
3 - кезең: «Paint-бағдарламасында сурет салу»
4 - кезең: «Кубик жинау»
5 - кезең: «MS Word-бағдарламасында мәтін теру»
6 - кезең: «Капитандар сайысы»
7 - кезең: «Крассвордты шеш»

1 - кезең: «Сәлемдесу». Сайысқа қатысатын үш топ өздерін кезекпен таныстырады. (Максимум 5 ұпай)

2 - кезең: «Эмблеманы қорғау». Дайындаған эмблемасын қорғап береді.(Максимум 5 ұпай)

3 - кезең: «Полиглот» ойыны.Экранда сан жазылған жұлдызшалар шығып тұрады. Әр команда мүшесі қалаған санын таңдап, сол сан артында жасырынған сұраққа жауап береді. (Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпай.)

4 - кезең: «Айырмашылығын тап».Әр топқа суреттер беріледі 2 минут ішінде кім көп айырмашылығын табу. (Әр бір айырмашылыққа 1 ұпай)

5 - кезең:«Капитандар сайысы» Бұл кезеңде үш топтың копитандары ортаға шығады. Экранда 10 сұрақ жасырылған, сұрақтарға кім бірінші жауап береді. Сол оқушыға ұпай саны қосылады. . (Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпай)


Сұрақтары:
1. Компьютердің миы (процессор)
2. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)
3. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі (бит)
4. Зиянкесті программа (вирус)
5. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (монитор)
6. Компьютер несіз жұмыс істемейді (программа)
7. Сандар мен әріптерді енгізу құрылғысы (пернетақта)
8. Компьютердің атасы деп кімді атаған? (Ч. Беббидж)
9. Сурет салуға арналған программа? (Paint)
10. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас? (интерфейс)

6 - кезең: «Крассворд шешу». Әр топқа крассворд беріледі. (Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпай)


7 - кезең: «Еркін тақырып» (Максимум 5 ұпай)



Қорытындылау. Марапаттау.
Осымен ойынымыз аяқталды. Сөз кезегін әділ - қазылар алқасына береміз.
Бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет