Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет28/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме


ПЕДАГОГТАРДЫ 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ІС-ӘРЕКЕТКЕ 
ДАЯРЛАУДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
МАҢЫЗЫН 
ЗЕРТТЕУДІҢ
АСПЕКТІЛЕРІ 
 
2.1 Педагогтардың ағылшын тілін меңгеруінің лингвоәдістемелік 
және инновациялық құзіреттілік кешені: құрылымы мен мазмұны 
Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде зерттелетін мәселенің пайда 
болуының негізі мен алғышарттарын, қалыптасуын анықтауға қызығушылық 
ағыны қарастырылады, әрі олар зерттелетін зат туралы ұғым-түсініктерді 
анықтайтын, объективті бар жағдайлар деп түсіндіріледі.
Педагогтар біздің көзқарасымызға орай, үздіксіз әдістемелік даярлық 
алғышарттарының үш негізгі тобын ерекшелеп бөлуге болады. Бірінші топқа 
әлеуемттік-мәдени тәжірибенің негізгі сипатты ерекшеліктері жатады, белгілі 
бір білім беру қажеттіліктері мен олардың әлеуетін олар өмірде бар әлеуметтік, 
мәдени, экономикалық, саяси және т.б. жағдайлар арқылы қанағаттандыруды 
детерминациялайды. Олар қоғамның әлеуметтік тапсырысын нормативті 
актілер, кәсіби қауымдастық пікірлері мен көзқарастары, қоғамдық пікірлер 
және т.б. арқылы бейнелеп зерттеу нысанын дамытуды бейнелейді. Әлеуметтік 
тапсырыс деп әдетте «адамдардың саналы іс-әрекеті мен тарихи қажеттілік 
диалектикасы нақтыланатын рухани-практикалық іс-әрекеттің ерекше 
аумағын» айтады [138]. Екінші топ алғышарттарына біздер ғылыми әдебиетте 
орын алған интегративті-дифференциациялық бағыттың тұжырымдарын, 
теориялық зерттеуді аламыз. Олар ғылыми тағылымды тіркеп отырады, ол өз 
кезегінде білім берудегі интеграция мен дифференциация жайлы теориялық 
ұғымдар мен түсініктердің генезисін (кең мағынада) қадағалап отыруға және 
олардың болашағын педагогтардың үздіксіз әдістемелік даярлығы жүйесінде 
жасауға мүмкіндіктер береді. Үшінші алғышарттар тобы сыналатын нысанның 
практикалық меңгерілуі үшін оны нақты ғылыми және білім саласында 
практикалық қолдануды сол не өзге сапа деңгейіне көтеруге бағыттап 
бағдарлайды.
Берілген 
мәселені 
қарастыру 
логикасына 
сүйенетін 
болсақ, 
педагогтардың кәсіби даярлығын модернизациялаудың жалпы ортақ маңызды 
негіздемелерін анықтауды аса қажетті деп есептейміз, осы тұрғыда біздер 
студенттердің жоғары оқу орнында үздіксіз әдістемелік даярлығын, 
интегративті-дифференциациялық бағыттың тұжырымдарын педагогтардың 
үздіксіз әдістемелік даярлығы үшін базалық ғылыми негіздеме ретінде
талдауды және білім берудің құзіреттілік моделі үлгісін берілген даярлық 
сапасына қол жеткізу үшін әдіснамалық бағдар ретінде қарастырамыз.
Жаңартылған білім беру жағдайында педагогтардың әдістемелік 
даярлығы модернизациясының әлеуметтік-мәдени алғышарттары
Лингвистикалық білім беру жүйесі заманауилық дамуға үн қоса отырып, 
стуенттерді түрлі кәсіби салаларда даярлау үшін шетел тілдеріне оқытудың 
жаңа ғылыми негізделген үлгілері мен технологияларын ұсына отырып даму 
үстінде. Шетел тілдеріне қатысты қазіргі таңдағы статусының артуы берілген 


76 
пән бойынша білікті мамандарға деген қажеттілікті күшейте отырып, олардың 
әдістемелік даярлықтарының тұтастай жоғары лингвистикалық білім беру 
жүйесінде модернизациялауының қажеттілігімен шарттасады. Жоғары білімде 
педагогтарды 
модернизациялау 
процестері 
отандық 
білім 
берудің 
модернизациясы жайлы жалпы тұжырымдарға, яғни құжаттарға негізделіп 
сүйенеді.
Білім беру ісін модернизациялау идеясын жасау және оның бейнесі 
заманауи ғылыми басылымдар мен нормативті құжаттарда оның жоғары білім 
саласында жүзеге асуының жолдары мен бағыттарын, мәнін түсіну үшін база 
құрайды. 
Қазақстан 
Республикасының 
білімін 
2025 
жылға 
дейін 
модернизациялаудың Концепциясында баяндалғандай, ол құжат әрі қарай
өзінің жалғасына «Қазақстандық білім-2020» стратегиясында және соңғы 
жылдардағы білім жайлы нормативті құжаттарда ие болып дамыды. Білім 
берудің модернизациясының мәні оның үнемі жаңарып отыруын қамтитын 
даму механизмдерін игеру деп түсініледі. Білім беруді модернизациялау 
мәселелеріне арналған жарияланымдарда модернизациялаудың мәнін ашатұғын 
өзекті түсінік-ұғымдар заманауи білімдегі проблемаларды шешуде жетекші 
бағыт бола отырып, әрі мәнін ашады, олар- сапа мен инновациялылық 
ұғымдары [139] және т.б. Әрі зерттеушілер назарға білімнің әлеуметтік, жеке 
тұлғалық, дамушы мағынасы тұрғысынан қарайды.
Педагогтардың әдістемелік даярлығының мәденилілігі логикалық 
тұрғыдан білім институтының өзімен шарттасады. Мәдениет пен білімнің 
байланыс-қатынасы өте күрделі және көпжоспарлы сипатта болып келеді, әрі 
түрлі аспектіден қарастырылады. Біздер тек қана педагогтардың ағылшын тілін 
меңгеруге кәсіби әдістемелік даярлығы жүйесін концептуалды жүйелеуге 
тікелей қатысты мәселелерді қарайтын боламыз.
Тарихи қалыптасқан көзқарастардың бірінің мәні мынада, білім өз алдына 
мәдениеттің «қалпын, бейнесінің көшірмесі» және басты мақсаты қайта 
жаңғыру болады. Мұндай көзқарас С.И. Гессеннің жұмыстарында өте айқын
берілген. «Мәденет каталогына» автор ғылым, өнер, адамгершілік, дін, заң, 
мемлекеттілік, шаруашылық пен техниканы қосады. Олар мәдени қоғамның 
өмір мақсаттары ретінде де алға шығады. Бұл мақсаттар, С.И. Гессеннің 
айтуынша, яғни білімнің мақсаты мынада: «Білім мен мәдениет арасында нақты 
сәйкестік бар. Білім ерекше бір нәрсе, индивидтің мәдениеті секілді» [140].
Жеке 
тұлғаның 
мәдениетінің 
қалыптасуы 
белгілі 
ғалымдар 
көзқарастарына сай жаңа жүзжылдықта білім саласындағы бірден бір негізгі 
міндеттің біріне айналып отыр; мәдениет осы кезде өзін-өзі ұйымдастыру мен 
өзін-өзі дамыту шарты ретінде бой тартады (М. Каган және т.б.). Бұл контексте 
заманауи білім беруде бірінші жоспарға жеке тұлғанң функционалды 
мәдениетін қалыптастыру мәселесі шығады, әрі ол келесі жайтқа дәлел болады, 
яғни «жеке тұлға үнемі белгілі бір фундаментальды мәдени білімдердің 
жиынтығын меңгеріп қана қоймай, оларды кәсіби-еңбек, қоғамдық-саяси, 
рухани аумақта, отбасында, сауықта, қарым-қатынаста және өзімен өзі жалғыз 
қалғанда тиімді түрде оны жүзеге асырады» [141].


77 
Жоғарыда айтылғандардың негізінде біздер келесі қорытындыға келеміз –
үздіксіз әдістемелік даярлық жүйесінің мәдиенеттілігі принципі негізінде келесі 
ғылыми көзқарастарды қолданған заңды болады: білімнің мәдени контексте 
дамуы жалпы, ал оның құрамдасы әдістемелік даярлық жеке ұғым-түсініктер, 
педагогтардың лингвобілім алуы барысындағы кәсіби жеке тұлғасының дамуы 
мен әдістемелік даярлығының қайнар көзі әлеуметтік мәдени даму екендігі 
жайлы, әрі оның жеке тұлғасының құндылықты-мағыналық анықталуы 
мәселелері.
Білім беруді әлеуметтік-мәдени тәжірибенің саласы деп, ал оның 
әдістемелік даярлығын педагогтардың тұтастай кәсіби лингвобілім алуы 
жүйесіндегі күрделі жүйеасты екендігін білу әрі оның әлеуметтік ортамен 
көптеген өзара әрекетте болуы аса маңызды диссертация мәселесіне ерекше 
зейін қоюға алып келеді. Мұндай алғышарттардың қатарына аса маңызды деп 
біздер келесілерді жатқызамыз: 
Жаһандану процесі елдегі тіпті әлемдегі барлық әлеуметтік-мәдени 
тәжірибеге ықпалын тигізе отырып, индивид өзін және білім жүйесі өзін 
индентификациялайтын қауымдастықтардың кеңеюінде байқалады. Берілген 
процестің мәні педагогикалық мәдениет пен білімдік процестердің жабықтығы 
мен тұйықталуын жеңуге, диалог үшін мүмкіндіктердің кеңеюін, өзара әрекет 
етуге ашық болып, өзара бірін бірі толықтыруға дайындығын білдіреді. 
Педагогикалық ғылымда жалпы ал, шетел тілдеріне, ағылшын тіліне оқыту 
әдістемесі жекелеп әдіснамалық маңызды болып «вариативтілік» және 
«көпқырлылық» түсініктері ие болады. Идентификациялық ортаның алуан 
түрлі болып өсуіне орай және жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы барысында 
адам өзі алған білімдері, яғни құндылықтарға сүйенеді. Нәтижесінде жеке 
алғанда шетел тілдерін оқып меңгеру нәтижесінде қалыптасатын мәдени 
идентикалылықтың жиынтығы арқасында өзін көпжақты идентификациялай 
алатын адамның даралығының жаңа мазмұны қалыптасады, оның ішінде – 
кәсіптік білім де кіреді. Бұл жиынтықтың компоненттерінің едәуір бөлігін 
әдістемелік даярлық алады.
Заманауи кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-мәдени дамуының айрықша 
ерекшелігі – ақпараттық өркенниетті дамуға ауысу. Ақпараттық өркенниет 
әрбір адамның шығармашылық бастауы едәуір артатын жағдайда ғана орын 
алады. Бұл әлеуметтік қажеттілік жоғарыда аталған ағымдарды бейнелейтін 
қазіргі таңдағы білімнің реформалануының ерекшеліктері мен міндеттерін 
түсінгенде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет