73
– жоғары кәсіби білім берудің диверсификациясы, негізгі білім
бағдарламаларының жүзеге асуын бағдарламалармен және қосымша білім беру
қызметтерімен қамту;
– білімнің мазмұны мен нәтижелерін стандартизациялау;
– фундаментальды теориялық және қолданбалы аспектілердің білім
мазмұнында қатар үйлесуі;
– отандық кәсіби даярлық жүйесінің
жетістіктері мен ең озық
дәстүрлерін сақтау барысында жоғары білім беруді еуропалық жоғары білім
беру жүйесіне интеграциялау;
– білім процесін модернизациялау мен сапасын арттыру мақсатында
инновациялық жаңа құрылуларға ұмтылу.
2. «Үздіксіз білім беру» түсінігі «бүкіл өмір бойы барысында білім алу»
формуласымен берілетін білім берудің жаңа конструкциясына ауысуды
сипаттайды. «Үздіксіз білім беру» түсінігін анықтай келе ғалымдар оның негізгі
сипаттамаларын атайды – адамның бүкіл өмірін қамтиды, өзіне формальды
және формальды емес білім түрлерні қосып алады, оқылып меңгерілетін пәндер
мен адамның дамуының түрлі аспектілері арасында байланысты жүзеге
асырады (кәсіби,
моральдық, кәсіби және т.б.), ғылыми, мәдени және
әлеуметтік прогресстің жаңа жетістіктерін ассимиляциялауға қабілеттілікті
қалыптастырады. Ол оқу-танымдық шеберліктерді жетілдіруге, оқуға
мотивацияны стимулдауға, табысты оқу үшін
тиісті жағдайлар мен
атмосфераны құруға бағытталған, білім берудегі шығармашылық және
инновациялық бағыттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, адамның өзі білім
алуына акцент жасайды. Үздіксіздік идеясы білім кеңістігінде субъектінің
өзінің белсенділігінің басымдылығын мойындаудан туындайды, бұл студенттің
кәсіби қалыптасуы мен жеке тұлғасының дамуы жайлы түсініктер мен
тұжырымдардың осы идеяға қоыслып кетуін білдіреді.
3. Білім беру жүйелері мен процестерінде органикалық бірлікте үздіксіз
білім беру жағдайында педагогтардың әдістемелік даярлық жүйесін құру
мүмкіндігімен
шарттаса
отырып
интеграция
мен
дифференциация
құбылыстары болатындығы ғылыми дәлелденді.
Мәселе педагогтың
әдістемелік даярлығы жүйесінде интеграция мен дифференцияция процестері
арасында динамикалық тепе-теңдікке қол жеткізуде болады.
Интеграция түсінігін талдау оның тек қана оқу процесін интеграциялы
формаларын ұйымдастырудың сыртқы байқалуларымен (нәтижеге бағыттылық,
пәнаралық байланыстың болуы) ғана байланысты емес. Интеграцияның мәні
білім беру процесінің бірлігі, тұтастығы мен жүйелілігі мен үйлесімділігі және
оның компоненттерінің өзара байланысы категориялары арқылы адекватты
ашылады. Білімдегі интеграцияға орай педагогикалық жүйенің тұтастығы, оның
компоненттерінің бірлігі мен өзара байланысы қол жетімді болады. Интеграция
мен дифференциацияның өзара байланысы, олардың білім жүйесінде
ажырағысыз орын алуы жоғары оқу орны оқытушысыынң үздіксіз әдістемелік
даярлығы
процесінде
интегративті-дифференциалды
қарым-қатынасты
қолданудың заңдылығын көрсетеді.
74
4. Білім берудегі интеграция мен дифференциацияның өмір сүруінің
объективті заңдылығы заманауи ғылыми
білімнің заңдылықтарымен
шарттасады және кез келген білім беру жүйесінің барлық компоненттерінің
бірлігі мен сабақтастығын негіздейтін интегративті-дифференциациялық
тұжырымдамаларында бекітілген. Берілген бағыт-көзқарастың өнімділігі оның
функциясының көпмағыналылығымен шарттасады – ол педагогикалық
процестің ұйымдастырылуы мен жүеге асуында, оқытуда таным феноменін
түсіндіруде принцип, әдіс және шара ретінде ашылады.
5. Жоғары білімнің заманауи таңдағы сапасы мен нәтижелілігін түсіну
құзіреттілік бағытында дамиды. Білімнің құзіретті бағыттылығында болашақ
ағылшын тілі оқытушысының әдістемелік даярлығының нәтижелілігін негіздеу
үшін теориялық базис құрайтын түсініктердің жиынтығы құрылды. «Құзірет»,
«құзіреттілік» категорияларын талдау, оларды
өзектілік және кәсібилік
тұрғыдан нақтылау кәсіби-әдістемелік құзіреттілікті әдістемелік даярлықтың
интегративті нәтижесі ретінде мойындауға негіз құрайды. «Әдіс» пен
«әдіснама» түсініктерінің мәнді байланысы, ағылшын тілі оқытушысының іс-
әрекеті мен кәсіби сипаттамасындағы жеке тұлғалық пен кәсіби қасиеттері,
білімі, дағдылары арасындағы өзара байланыс кәсіби-әдістемелік құзіреттілікті
маңызды жекелік жаңа құрылым ретінде анықтауға мүмкіндік береді.
6. Педагогикалық жүйенің мәнді сипаттамаларын зерттеу келесіні
констатациялауға алып келеді, яғни жоғары
оқу орны ағылшын тілі
оқытушысының үздіксіз әдістемелік даярлығын педагогикалық жүйенің
сипаттары бар мәдени және гуманистік сипаттағы жүйе деп қарастырған заңды
болады. Ол педагогикалық жүйеге тән базалық сипаттарға ие
болады әрі сол
мезгілде лингвистикалық кәсіби білім беру жүйесінде жүйеасты болып бой
көтереді. Мұндай жағдай қоғамның дамуының жалпы әлеуметтік-мәдени
ағымдарымен детерминациялы болуымен және педагогикалық ғылым мен
білімнің заманауи әдіснамасымен шарттасады. Ұйымдастырушылық жоспарда
үздіксіз әдістемелік даярлық өз алдына интеграциялы-дифференциалды білім
беру
процесін білдіреді, ал сапалы-нәтижелік тұрғысынан – ағылшын тілі
оқытушысының кәсіби-әдістемелік құзіреттілігінің қалыптасуын білдіреді.
Жоғары білімді дамытудың күрделілігі мен ағымдарының көптүрлілігі,
заманауи оқытушының кәсіби даярлығы процесіне ұйымдастырушылық пен
мазмұндық талаптардың жаңаруы, құзіреттердің құрылымды және мазмұнды
күрделілігі оқыту нәтижесі ретінде ағылшын тілі оқытушысының әдістемелік
даярлығының
заманауи
тәжірибесінің
қарама-қайшылықты
сипатын
шарттайды. Осы тарауда белгіленген ағымдар мен түсініктер түрлі дәрежедегі
дифференциация мен интеграция идеясының байқалу дәрежесін көрсетеді және
тиісті сипаттамаларға ие болады, бұл жоғары оқу орны ағылшын тілі
оқытушысының үздіксіз әдістемелік даярлығын модернизациялау үшін
теоретикалық- әдіснамалық база құрайды. Үздіксіз әдістемелік даярлықтың
жүйесінің практикалық құрылуы құзіретті мазмұнды бөлшектеп талдау
негізінде және оның мәні мен болашағын анықтайтын ғылыми
тұжырымдаманың құрылуы барысында ғана мүмкін болады.