Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет30/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

Үздіксіз білім, осылайша, бірыңғай біртұтас білім кеңістігі мен ыңғайлы 
жағдайларды құрады, онда жеке адамның өзіндік даму жолы бойынша 
көпшамалы қозғалысының жүзеге асуы мүмкін болады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың басым 
бағыттары мақұлданған болатын, онда келесі жайттар айтылған, үздіксіз білім 
әрбір адамға оның ары қарайғы кәсіби, мансаптық және жеке тұлғалық өсуіне 
қажетті кәсіби даярлықты алуға және жеке өзінің білім алу траекториясын 
қалыптастыратындай институционалды мүмкіндіктер беруі тиіс. Берілген 
жүйенің дамуы сыртқы талаптарға үн қоса отырып, еңбек нарығы тарапынан да 
үлкен сәйкестіктерге жауап беруі мүмкін.
Ғылыми басылымдарда үздіксіздік фактісінің үздіксіз білімнің өзінің ішкі 
жүйесіндегі орын алуы жайлы көп сөз етіледі, әрі бірмезгілде осы жүйені 
қолданушыларға қатысты субъектілері үшін дискреттілігі [143], оның білімдегі 
интеграция мен дифференциациясының бірлігін көрсетеді. Үздіксіз білім 
жайлы ұғым-түсініктердің эволюциясын зерттеу оның құрылуының алты негізгі 
принциптерін анықтауға мүмкіндік береді: а) базалық білім принципі (білім 
кеңістігінде еркін қозғалу үшін белгілі бір білімдік старттық негіз алу керек – 
жалпыға білім беретін, кәсіби); ә) білім бағдарламаларының көпдеңгейлілік 
принципі (білімдегі көптеген деңгейлер мен сатылардың болуын білдіреді); б) 
базалық пен дипломнан кейінгі қосымшалық принципі (өзара толықтырылу ), 
яғни (үздіксіз білім жағдайында әрбір адам ол тіпті келесі деңгейге барып оқу 
оқитын болса да, ол өмір бойына өзінің білім алуын жалғастыруы керек 
болады); в) білім бағдарламаларының маневрлығы принципі (білім 
бағдарламалары оқып білім алушыға бір білім бағдарламасын жеңіл меңгеріп, 
екіншісіне өтуіне мүмкіндіктер беруі тиіс); г) білім бағдарламаларының 
сабақтастығы принципі (үздіксіз білім берудің барлық жүйесінің бірдей 
мақсатына негізделетін, білім бағдарламаларының «соқтығысуын», тікелей 
стандартталуын білдіреді); ғ) білімдік құрылымдардың интеграциясы принципі 
(бір жағынан, білім мекемелерінің көпбейінді, көпдеңгейлі және көпсатылы 
білім мекемелеріне айналуы, екінші жағынан, түрлі типтегі білім мекемелерінде 
бір не сол білім бағдарламаларының жүзеге асуының мүмкіндігі). 
Үздіксіз білім беру жүйесінде жоғары кәсіби білім берудің негізгі білім 
бағдарламаларын жүзеге асырудың және оны қосымша білім берудің 
бағдарламаларымен қамтудың шынайы мүмкіндігі туады. Соңғы кезеңде 
жоғары кәсіби мектептерде негізгі білім бағдарламаларын жүзеге асырумен 
қатар қосымша білім беру жүйесі де белсенді дамып отыр [144]. Негізгі және 
қосымша 4 білім өзара байланысты және бір-бірінің дамуын шарттайды. Негізгі 
білімде нормалық регламенттелетін, жалпы қабылданған және анықталған 
оқытудың әдістері, тәсілдері мен формалары жүзеге асатын иерархиялық 
құрылған білім жүйесі бой тартса, әрі оның білім нәтижесі бағалауға тиісті 
болады, ал қосымша (немесе формальды емес) білім деп дәстүрі мектеп пен 
жоғары білім беруден тыс жүзеге асатын ұйымдасқан және тұрақты 
коммуникация процесі саналады. 


80 
Кәсіби 
білім 
берудегі 
педагогтардың 
үздіксіз 
білімінің 
ұйымдастырушылық аспектісі заманауи жоғары білімнің құрылымында 
ұсынылған.
Деңгейлік білім идеясын дамытуға күшті, импульсті Боллондық 
декларация (1999) берді, Еуропа елдерінің біртұтас білім кеңістігін 
қалыптастырудың Боллондық процесінің бастауы болды [145]. Ресей бұл 
процеске 2003 жылдан бері қатысып келеді. Боллондық декларацияға сәйкес 
Еуропа елдеріндегі жоғары білімдегі ұлттық білім жүйелерін салыстыруға 
жетелейтін негізгі мақсаттар 2010 жылы қол жеткізілу жоспарланған болатын, 
ол үшін қатысушы-алты негізгі міндеттерге қол жеткізулері тиіс болған: 
– 
жоғары білім саласында жалпыға түсінікті салыстырылатын 
біліктіліктерді ендіру; 
– 
екісатылы жоғары білім беру жүйесіне ауысу (бакалавриат – 
магистратура); 
– 
сынақтық бірлікте (кредиттер) еңбек сыйымдылығын бағалау (курстар, 
бағдарламалар) және БҰҰ-ң мамандандырылған мекемесі жасаған дипломға 
халықаралық қосымшада оқу бағдарламасын бейнелеу; 
– 
оқу 
мекемелерінің 
студенттері, 
педагогтар 
әкімшілік-басқару 
тұлғаларының мобильділігін арттыру; 
– 
қажетті білім сапасын қамтамасыз ету; 
– 
жоғары оқу орындарының автономдылығын қамтамасыз ету. 
Интегративті-дифференциалды көзқарасты бағыт негізінде педагогтардың 
үздіксіз әдістемелік даярлығын құрудың концептуализациясы білім 
саласындағы интеграция мен дифференциацияның бірлігі феномені жөніндегі 
ғылыми ақпаратты зерттеуге құрылады, интегративті-дифференциалды бағыты 
түсінігін талдауға және ағылшын тілі оқытушысының үздіксіз әдістемелік 
даярлығы жүйесінің мінездемесін қолданудың маңыздылығын да қоса 
көрсетеді.
Ғылыми жариялымдарда ағылшын тілінің жоғары интеграциялық әлеуеті 
туралы айтылып жүр (Л.К. Мазунова, Е.Ю. Протасова, Н.М. Юрьева және т.б.), 
олар «көппәнділікте» байқалатыны, кез-келген пәнмен интеграциялана алу 
қабілеті болатындығы да (И.А. Зимняя) айтылып жүр, бұл оны «өзекті» пән 
ретінде пәнаралық пәндер жүйесінде қолдануға мүмкіндік береді 
(Е.Ю. Бахталина, Н.Л. Московская, А.Н. Утехина және т.б.).
Шетел тілдеріне оқытудың интеграциясының түрлі аспектілерін 
ашатұғын ғылыми-әдістемелік жариялымдарды жалпылай келе, (И.Л. Бим, 
В.В. Воробьев, Г. Крампиц, Е.И. Пассов, Ю.Е. Прохоров, Е.Н. Соловова және 
т.б.), интеграцияны қолданудың негізгі үш нұсқасын қарастырамыз: 
Біріншіден, теориялық пен практикалық, саналы (білім жүйесіне қатысы 
бар) мен санадан тыс (дағдыларды қалыптастыруға бағытталған) оқыту 
құрылым компоненттерінің бағыты. Мұндай бағытты жүзеге асыру келесідей 
ұйымдастырылады: 
зерттелетін 
тілдің 
аспектілері 
жайлы 
білімнің 
меңгерілуінен бастап тілдік автоматизмдерге, немесе білімді қатар меңгеру 
және соңғының алдына шығып шеберліктердің қалыптасуы. 


81 
Екіншіден, интеграция айнала әлемді тұтастай қабылдаумен байланысты 
оқыту 
мазмұнын 
ұйымдастыру 
принципі 
ретінде 
қарастырылады.
Интеграцияны бұлайша түсіну шетел тілдерін сол тілде сөйлейтін халықтың 
мәдениеті арқылы меңгеруді жақтайтындардың лингвомәденитанушылық 
зерттеулерде ұсынылған. Әрі осы кезде тек қана жәй ғана пәнаралық байланыс 
жайлы сөз болып қана қоймай, тілдің, халықтық мәденеит, әлеуметтік рөл мен 
қарым-қатынас стратегиялары да сөз етіледі. 
Үшіншіден, өзіне оқыту мен суггестияның бағдарламалы элементтерін, 
саналы- практикалық, белсенді-ситуативті, аудиовизуалды әдістерді де қосып 
алатын интегративті оқыту әдісі ретінде. Бұл әдісті құрушы (Г. Крампиц) келесі 
тұжырымдардан ой түйеді: ағылшын тілдерін оқыту коммуникативті және 
елтанушылық бағыттылықта болады; оқыту барлық тілдік іс-әрекеттегі тілдік 
шеберліктерді кешенді қалыптастыруға бағытталған; сабақтар тілдік 
автоматизмдерді жасап қана қоймай, білімді де қалыптастырады.
Стандартты білім беру мазмұны оқытушысында түрлі деңгейдегі білімдер 
болады. Бір жағынан – ол білім-сипаттамалар немесе эмпирикалық білімдер
адам мен оның даму шарттары жайлы, оның кәсіби іс-әрекеті жайлы, нақты-
пәндік саласы бойынша мәліметтердің жиынтығы және т.б. Эмпирикалық 
білімдер мұғалімнің кәсіби еңбегінде орын алатын кейбір заңдылықтарды 
тіркеп отырады, айталық, олар – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, оның 
даярлығының арнайы саласы болатын мәдени ақпаратты оқыту. Кәсіби 
педагогикалық білімде бұл білімдер типі оқу мәліметінің негізгі бөлігін 
құрайды.
Кәсіби оқу ақпаратында эмпирикалық білімнен басқа ерекше бір 
категория бар, ол – концептуалды білімдер. Олардың ерекшелігі студенттердің 
бойында кәсіби маңызды жиынтыққа қатысты кәсіби іс-әрекет табиғаты жайлы 
негіз қалаушы түсініктерді қалыптастыру болады. Танушы субъект (студент) 
ұстанымы мен ол алатын білім сипаты арасында өзарабайланыс 
фундаментальды идеялар мен үлгі таңдауда және сол не өзге кәсіби әлем 
картинасы құрылатын негіз байқалатын болады. Жоғары оқу орнынан тыс, әрі 
қарай ол педагогикалық шындықты түсіну үлгісіне және оқытушының кәсіби 
еңбегінің жеке-дара үлгісінің қалыптасу негізіне айналады. Осылайша, 
концептуалды білімдер студенттің танымдық процесінің субъективті 
еркіндігінде және кәсіби даярлықта таңдау еркіндігіне кедергі келтірмейді.
Интеграциялық процестер жайлы ғылыми түсініктердің дамуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет