Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет39/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

 
 
 
 
 
 
 


116 
Кесте 4 – Үздіксіз кәсіби білім беру жағдайында педагогтардың ағылшын тілін 
меңгеруге даярлықтары қалыптасқандығының критерийлері мен көрсеткіштері 
 
Критерийлер 
Көрсеткіштер 
Коммуни 
кативті-кәсіби 
- алынған мәліметтерді қысқа байланысты жазбаша хабарламалар құру 
үшін қолдана алу; 
- кеңейтілген эссе жоспарын құрай алушылық; 
- ауызша жазбаша өнім құрай алу: реферат, аннотация, эссе, жарнама; 
- ағылшын тілінде мультмедиялы презентациялар жасай алу; 
- қажетті мәліметтерді жазба, тезистер, өзекті сөздер, жоспар, ағылшын 
тілінде конспект түрінде тіркей алу. 
Когнитивті 
- кәсіби 
бағыттылықтағы 
бастапқы 
оқу-ғылыми 
мәтіндік 
аналитикалық-синтетикалық амалдарды орындай алушылық; 
- кәсіби мәдениетаралық коммуникация ерекшеліктерін білу; 
- өзінің мамандығы шеңберінде ағылшын тілінде терминоло гиялық 
сөздік қорын кеңейте алушылық 
Рефлексивті 
- аутентикалық 
оқу-ғылыми 
мәтіннен 
ақпаратты 
сыни 
қабылдаушылық және қажетті өзекті ақпаратты таңдай алу; 
- шетелдік 
қайнаркөздерден кәсіби іс-әрекет жайлы қажетті 
мәліметтерді бағалай алушылық; 
- жарнама, мақала, Ғаламтор желісіндегі ақпараттардан негативті, 
позитивті жақтарын ерекшелеп бөле алушылық 
Интегративті 
- өзгетілді кәсіби коммуникация барысында пәнаралық байланыстарды 
қолдана алу; 
- метабілімдер мен әмбебап оқу іс-әрекеттерімен қарулану; 
- меңгеретін 
тіл елінің мәдени салт-дәстүрлерін білу, оны 
инновациялар, мінез-құлық бейнелері мен тәсілдері негізінде бағалау 
Ерекшелеп бөлген критерийлер мен көрсеткіштерге сүйене отырып, 
біздер үздіксіз білім беру жағдайындағы педагогтардың ағылшын тілін 
меңгеруге даярлықтары деңгейлерін анықтаймыз: төменгі, орташа, жоғары: 
1. Төменгі 
деңгей. Бұл ағылшын тілін меңгеруге байланысты 
жалпымәдени кәсіби құзіреттердің қалыптасуының бастапқы кезеңі болады, 
педагогтар шешімдер шығаруда қиындықтар кешетін болады. Студент 
бакалавриат тек қана репродуктивті жаттығуларды орындай алады. Бұл 
деңгейде негізінен оқу мен дайын мәтіндерді аудару тәжірибеде іске 
асырылады. Соған орай оқытушының міндеті – оқып білім алушыларға 
шығармашылық әлеуеттерін ашу үшін жұмыс жасау әдістерін меңгертуге 
көмектесулері керек.
2. Орташа деңгей. Бұл деңгейде студенттер өзекті сөздерді іріктеп ала 
алатындықтан жіне түрлі қайнаркөздерден мәліметтер ала алуына байланысты 
да, педаготар осы бағытты тереңдетуге күш салулары тиіс. Педагогтар ғылыми 
мәтіндермен жұмыс жасатуға күш салулары тиіс. 
3. Жоғары деңгей. Студент заманауи мәселеге қатысты күрделі оқу-
ғылыми мәтіндерді түсінетіндіктен, оқу-ғылыми мәтіндермен жұмыс жасату 
тәжірибесі мол болады. Шетелдік қайнаркөздердегі ақпараттарды сыни 
тұрғыдан бағалаушылық әрекеті де жоғары. Бұл деңгейде оқырамандық іс-
әрекетте шығармашылық өнім табысты жасалынады. Бөлінген деңгейлерге 


117 
орай ағылшын тілін меңгеруге даярлықты қамтамасыз ететін кәсіби 
құзіреттіліктерге сәйкес осы құзіреттердің қалыптасу кезеңдері жүзеге асады.
Кезеңділік – педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығы 
қалыптасуына септігін тигізетін жалпымәдени кәсіби құзіреттердің қалыптасуы 
процесінің динамикалылығы, кезектестігі. Кезеңдердің ауысуында қозғаушы 
күш болып тәжірибе көрсеткендей, танымдық мотивация бой тартады. Әр кезең 
алдыңғымен байланысты және оқытушының кәсіби құзіреттері қалыптасуы бір 
деңгейден екіншісіне өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Кезеңдер деп нақты мақсаттық 
бағдарлармен сипатталатын, нәтижесі ағылшын тілін меңерудің бір денгейі 
болатын, белгілі бір пәндік мазмұны бар және нақты әрі дәл технологиялық 
қамтамасыздандырылған, логикалық жағынан аяқталған үздіксіз кәсіби білім 
беру жүйелеріндегі оқу-тәрбиелік процестің үзінділерін айтамыз.
Оқу-ғылыми мәтіндер мен ағылшын тілін меңгеруге даярлықты жақсарту 
бойынша жұмыстар жасаудың түрлері мен формаларын іріктеп таңдау үшін 
педагогтар мен білім алушылардың шетел, ағылшын тілін меңгеру деңгейлерін 
ескерген жөн, себебі аса күрделі деңгейлер қиындық тудыруы мүмкін, әсіресе 
А1 мен А2 деңгейлі мамандар үшін. 
Осы модельдің негізінде нәтижені болжауға болады: үздіксіз білім беру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет