Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері


Үздіксіз білім беру педагогтарының ағылшын тілін меңгеруге



Pdf көрінісі
бет47/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

 
3.2 Үздіксіз білім беру педагогтарының ағылшын тілін меңгеруге 
даярлығын зерттеу бойынша эксперименттік жұмыстарының нәтижелері 
Тәжірибелік-эксперименттік оқытудың қалыптастырушы кезеңінің 
мақсаты үздіксіз білім беру жағдайында педагогтардың тілді меңгеруге 
даярлығына тиімді септігін тигізетін кәсіби құзіреттерді қалыптастыратын 
негіздемелі әдістемелерді апробациялау болды.
Эксперименттік зерттеу «аралас көлденең-тік сипатта» болды. 
Біздер ұсынған оқыту моделі зерттелетін процестердің динамикасын
бақылау (БТ) мен эксперименттік топтарда (ЭТ) зерттеу арқылы, бақылау 
тестісі кезінде алынған мәліметтерді салыстыру жолымен анықталды. Содан 
соң ғана эксперименттік топтағы жалпы кәсіби құзіреттердің қалыптасу 
нәтижелері бақылау тобындағы алынған мәліметтермен салыстырылды.
БТ мен ЭТ-тар үшін міндетті және өзін әртүрлі байқататын 
қалыптастырушы эксперименттің кезеңінің өтілу шарттарын құрастыру талап 
етілді. Бірінші топтың шарттарына: курс (біздің зерттеуіміз үшін бұл 1-2 
курстар), сабақтарды өткізу уақыты, сабақтарды педагогтардың өтуінің жиілігі 
(аптасына 2 рет (оқу сабағының 1/3 бөлігі), өзгетілді оқырмандық іс-әрекет 
өнімдерін құру шеберлігі қалыптасуының деңгейін бағалау критерийлері, оқу 
процесінің бірдей болу режимі (сабақтардың сағатының бірдей болуы, оған 
сағаттар бөлінуі мен ол сабақтардың семестрге бөлінуі), және педагогтарға 
берілетін жаттығулар мен тапсырмалардың көлемі мен мазмұны. Ал екінші, 
яғни өзгертетін шарттарға: педагогтардың А2-ден В2-ге дейінгі аралықтағы 
түрлі деңгейлік даярлықтары, ағылшын тілін меңгеруге, оқуға деген 
мотивацияларының дәрежелерінің түрлі болуы, кәсіби бағыттылығы мен 
ағылшын тілі оқытушысы болып жұмыс жасауға қалау-ниетінің болуы. ЭТ-та 
үздіксіз білім беру жағдайындағы өзгетілді оқырмандық іс-әрекет өнімдерін 
жасауда қиындықтарды жеңуге бағытталған жалпыкәсіби құзіреттерді 
қалыптастырып дамытатын авторлық әдістеме қолданылды. БТ-да ағылшын 
тілінен оқыту дәстүрлі әдістеме бойынша өтілді.
Ұсынылған әдістемелердің тиімділігі жоғарыда айтылғандай, түрлі оқыту 
кезеңдеріндегі эксперименттік пен бақылау топтарының бақыланушы 
әрекеттерін салыстырудағы жалпыкәсіби құзіреттердің қалыптасу деңгейінің 


134 
динамикасын зерттеу жолымен анықталды.
Екі рет бақылау тестісі, сынағы өткізілді: аралық (диагностикалаушы 
кезең ортасында) және қорытынды, қалыптастырушы кезеңде өткізілген. 
Алдында алдыңғы және аралық, кейін аралық пен қорытынды сынақтардың 
нәтижелері салыстырылды.
Бұл 
нәтижелер 
педагогтардың 
білімдері 
мен 
шеберліктерінің 
саласындағы өзгерістер жайлы мәліметтер беріп отырды, әрі ол нәтижелер 
өзгетілді оқырмандық іс-әрекет өнімдерін табысты етіп жасауда аса қажетті 
болды. Ағылшын тілін оқып-меңгерудің соңғы мақсаты жайлы жауаптары 6-
кестеде көрсетілді, БТ-ң респонденттері (аз дәрежеде) мен ЭТ-та да ағылшын 
тілін оқып меңгеруге деген қатынастар өзгерді. Әрі эксперименттік топта жаңа 
ұстанымдар пайда болды: «Ақпаратпен жұмыс жасауға үйрену және өзгетілді 
оқырмандық іс-әрекеттің өнімдерін жасау»; «Корреспонденциямен жұмыс 
жасай алу», «Шетелдік әріптестермен сайтта қарым-қатынас жасай алу»; 
«Іскерлік корреспонденциямен жұмыс жасай алу»; «Әріптестермен кәсіби 
диалог жүргізе алу». БТ-да немқұрайлы жауап бергендер болмады.
Нәтижесінде жауаптар келесідей сипатта бөлінді.
Кесте 6 – Жалпы кәсіби құзіреттердің қалыптасуы мақсатында ағылшын 
тіліндегі оқу-ғылыми мәтіндердің маңыздылығы туралы педагогтардың 
жауаптары
 
Бақылау тобы (БТ) 
Эксперименттік топ (ЭТ) 
1. Өзінің жазбаша пікірінің мағынасын 
түсінікті 
ету 
және 
коммуникация 
серіктестерінің көзқарастарын түсіну. 
1. Кәсіби іс-әрекетте ағылшын тілінде 
ауызекі сөйлеу тілінде еркін сөйлесу, мәтін 
негізінде қандай да бір өнім жасай алу. 
2. 
Кәсіби іс-әрекетпен байланысты 
мәтіндерді оқып әрі түсіну. 
2. Кәсіби іс-әрекетке байланысты мәтіндерді 
оқу әрі түсіну және осының негізінде кәсіби 
сөздік қорын жасай алу.
3. 
Күнделікті 
өмірде 
қарапайым 
деңгейде сөйлесе алушылық. 
3. Ақпаратпен жұмыс жасай алу және оны 
жазбаша, ауызша коммуникацияда қолдану. 
4. Кәсіби іс-әрекетте ауызекі ағылшын 
сөйлеу тілін меңгеру. 
4 С1деңгейінде ағылшын тілін меңгеру және
шетелдік әріптестермен позитивті қарым-
қатынастар орната алу. 
5. Өзге мақсаттар секілді ағылшын 
тілінен 
менің 
білімдерім 
қандай 
болатынына көңіл қоймау, себебі менің 
өзге мақсаттарым бар. 
5. Іскерлік корреспонденцияны жүргізе алу, 
аргументативті 
қарым-қатынас 
техникаларын қолдану алушылық. 
«Сіз сабақта белсенді болуыңыз үшін ағылшын тіліне өнімді –
бағытталған оқыту процесінде себепші болған нәрсе не деп ойлайсыз?» деген 
сұраққа ЭТ-та жауаптар келесідей бөлінді: 
– оқу-ғылыми мәтіндер оқыту басталғаннан бері жалпы мәдени және 
кәсіби құзіреттіліктерді дамыту үшін қолданылды; 
– презентациялар мен шығармашылық жобаларды, рөлдік ойындарды, 
пікірталастарды талқылау мен комментарий жасау негізінде жазбаша және 
ауызша кәсіби қарым-қатынас жасау жағы көбірек қосылды; 


135 
– педагогтың кәсіби сөздік қорын меңгеруіне сепші болатын лексикалық-
грамматикалық материалды беру жағы оңтайландырылды; 
– меңгерілетін ағылшын тілі мен оның мәдениеті жайлы мазмұнды 
ақпарат толықтырылып қосылды; 
– шығармашылық тапсырмаларды білдіретін ( өз көзқарасыңды айта алу 
мүмкіндігін қоса; тақырыптық импровизация, яғни тақырыпқа сай суырып 
салып өлеңдер және тағы басқа шығару; кәсіби тақырыптарда баяндамалар 
жасай алу; жарнама, эссе, аннотация, реферат және т.б. құру.) дүниелерді жасай 
алушылық; 
– оқытатын сипаттағы материалдар ақпаратты, қызықты және 
шығармашылық мазмұнда болды; 
– көптеген оқытатын кәсіби бағытталған материалдар педагогтар арқылы 
дербес тиімді жұмыстар жасау үшін өзгетілді оқырмандық іс-әрекет 
маршрутын дамыту мақсатында тілді меңгеру дәрежесін ескере отырып 
бейімделдендірілді; 
– эссе, реферат, аннотация, конспект секілді жазбаша жұмыс түрлері жиі 
қолданылды; 
– сабақтар педагогтар мен білім алушылардың арасында бірлесу 
ұстанымы тұрғысында өткізілді, бұл өз кезегінде білімдер, құндылықтар мен 
таным тәсілдерімен алмасуға себепші болды, әрі білім беру ортасын жеке 
тұлғалықты-маңызды, креативті етті; 
– ағылшын тіліне оқытудың өнімді-бағытталған әдістемесі педагогтар 
арқылы құндылықтар мен елес, түсініктерді, өзінің және өзге мәдениеттің 
әрекет 
үлгілерін, 
жалпыкәсіби 
құзіреттерді 
жүзеге 
асыруды 
координациялайтын тіл қарастырылды; 
– ағылшын тілін педагогтар кәсіби өзгетілді қарым-қатынастың шарасы 
әрі маңызды құралы деп қарастырды. 
Өзгетілді оқырмандық іс-әрекетті жасау үшін қажетті компоненттерге 
педагогтар кәсіби лексика мен ағылшын тілінің грамматикасы; ситуацияларды
шығармашылықпен қайтадан жасай алу; лингвистикалық контексте бағдарлана 
алушылық; рефлексия; сыни ойлау; өзіндік ойлаудан басқа ЭТ педагогтары
келесілерді қосты: 
– өзіндік даму мен өзін өзі жетілдіру мақсатымен үздіксіз білім беру 
жүйелерінде өзгетілді оқырмандық іс-әрекетке мотивация; 
– сабақ барысында ғана ағылшын тілінде ақпарат пен тәжірибемен 
алмасып қана қоймай, сабақтан тыс уақытта да ғаламтор-әрекет ету 
шеңберінде (әлеуметтік желілер, аудио материалдар) де өзара алмасу; 
– ағылшын 
тіліндегі 
оқу-ғылыми 
әдебиеттердің 
мазмұнын 
интерпретациялауға, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, жеке тұлғаның
«инновациялық ойлау» сұлбасын қалыптастыру; 
– импровизациялауға қабілеттілік: синонимдер табу шеберлігі, тіл иесіне 
тән аргументативті қарым-қатынас техникаларын қолдана алушылық (клише, 
идиомалар, тұрақты білдірулер және т.б.); 
– экстралингвистикалық контексте бағдарлана алушылық: фондық 
лексиканы білу (фразеологиялық бірліктер, историзмдер); 


136 
– кең жалпымәдени дүниетаным: мәдениетаралық коммуникативті 
құзіреттерді игерушілік. 
Мысалы, тәжірибелік-эксперименттік оқыту процесінде «БАҚ-жобасына» 
үлкен зейін аударылды. Педагогтар өздерінің шығармашылық жұмыстарын 
жариялады (эссе, репортаждар, шығармашылық қайраткерлермен, шетелдік 
педагогтармен «National geographic learning» сайтында интервью жасау 
[https://eltngl.com/]. 
Төменде педагогтардың кейбір жазбаша жұмыстарын мысалға келтірдік, 
олар ағылшын тілінде өнімді шығармашылық іс-әрекет прогресіне дәлел 
болады, (А – аударма; В – интервью; С – эссе), (7-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет