Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет38/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

құзіреттердің қалыптасу әдістемесін шетел тілдеріне оқыту тиімділігін 
қамтамасыз ететін тәсілдер жиынтығы; кәсіби бағытты оқыту мақсатына 
тиімді жету тәсілі деп қарау керек. 
Сурет 3 – Ағылшын тілін меңгеруге даярлықты анықтау бойынша 
мотивацияның құрылымдық компоненттерінің өзара байланысы 
Педагог 
Ағылшын тілін өнімді бағытталған оқытудың мақсат, міндеті 
Оқу ситуациясы 
Оқу-ғылыми мәтін 
Семантикалық 
ерекшеліктері: 
- сюжет 
- фабула 
- мотив/мотивтер 
- лейтмотив 
- мораль 
Құрылымдық 
ерекшеліктер: 
- макроқұрылымды 
- микроқұрылымды 
Вербальды 
монифестациялық 
ерекшеліктер: 
- макродеңгей 
- микродеңгей 
Мотивтер, қажеттіліктер 
қызығушылық 
эмоциялар 
Оқу-ғылыми мәтінмен жұмыстар 
Оқу-ғылыми мәтін бойынша жұмыстардың нәтижесі 
Өзге тілді оқырмандық іс-әрекет негізінде дамитын өнімді-бағытталған шебер 
ліктердің белгілі номенклатурасының қалыптасқандығына қанағаттанушылық 


114 
3-суретте, ағылшын тілін меңгеруге даярлықты анықтау мақсатында 
шетел тілдерінен сабақ берудің практикалық тәжірибесі ағылшын тілін оқытып 
меңгертудің мотивациясының құрылымдық компоненттерін ескеруге тиісті 
оқу-ғылыми мәтіндермен жұмыс жасаудың әдістемесін құруға біздерге 
мүмкіндік берді. 
Бұл берілген суретте педагогтардың кәсіби іс-әрекетке, ағылшын тілін 
меңгеруге даяр болуларының табыстылығы негізінде ең алдымен 
қызығушылық, өзінің кәсіби іс-әрекеті үшін жағымды эмоциялардың болуы 
маңызды екен [190].
Педагогтардың тілді меңгеруге даярлықтарын және инновациялық 
әлеуметтенулеріне тиімді септігін тигізетін оқытудың технологияларын 
қысқаша қарастырамыз. 
Контексті білім беру технологиясы басынан аяғына дейін оқу-өндірістік 
іс-әрекеттің түрлі формада динамикалық жасалатын оқу-өндірістік сипаты 
болады. 
Контекстілі оқытуда іс-әрекеттің үш негізгі түрін қадағалап отыруға 
болады: оқу, оқу-кәсіби мен квазикәсіби (нақты ситуацияларды талдау, іскерлік 
ойындарын жүргізу негізінде аудитория жағдайында қатысушылары қарым-
қатынасын орнатады және т.б.). Бұл технология кәсіби шеберліктер мен 
дағдылардың қалыптасуын қамтамасыз етеді, креативті ойлауды дамытады, 
нақты жағдай шеңберінде стандартты шығаруға мүмкіндіктер береді. 
Біздер ұсынып отырған модель ағылшын тіліне оқытудың, меңгертудің 
келесідей интерактивті технологияларын қосып алады, олар: 
– 
миға шабуыл (өзінің мамандығын жарнамалау бойынша немесе сонлағы 
қандай да бір аспект бойынша) шығармашылық ұсыныстар жасау;
– 
жобалық іс-әрекет (аннотация, реферат, эссе жазу; мультмедиялық 
презентациялар жасау және т.б.).
«Проект-яғни жоба» сөзі түпкі туындауы болжау, модельдеу, құрастыру 
деген терминдермен қатысты қарастырылады. 
Философиялық 
аспектіде 
бұл 
жоба 
түсінігі 
түрлі 
авторлар 
көзқарастарымен әртүрі қаралып, әсіресе біздерге Н.Ф. Коряковцеваның 
ұстанымы қызықты болып отыр, ол дегеніміз жобалау технологиясы– «бұл
оқыту барысында өзараәрекет ету мен әлеуметтік өзараәрекет жүйесінде түрлі 
рөлдерді орындау болады (ұйымдастырушы, көшбасшы, орындаушы және т.б.) 
және шфнайы өзараәрекет кезінде проблемалы мәселелерді орындауға 
дайындық» [191]. 
Ғылыми әдебиеттерге талдау жұмысы ағылшын тілін меңгеруге 
даярлықты 
қамтамасыз 
етуге 
ӨТШТ 
(ТРИЗ) 
– 
технологиялары  
негізделетіндігін көрсетіп отыр, оның шеңберінде жеке тұлғаның және тұтас 
ұжымның шығармашылық сапалары даму үшін келесілер қолданатындығы 
айтылған: 
– шығармашыл жеке тұлғаның даму теориясы; 
– шығармашыл қиылдың даму әдісі; 
– шығармашыл ұжымдардың даму теориясы [192]. 


115 
«Портфолио», түсінігі білім саласы мен педагогикалық ғылымға бизнес 
пен саясаттан ене отырып, осы үздіксіз білім беруді жүзеге тиімді асыру 
технологияларының бірі болып табылады. Портфолио (фр. Porter – «баяндау, 
құрастыру, әкелу» және folio – «бет, парақ») – жетістіктер жиынтығы, досье, 
деген сөз. Портфолио – студент болсын, немесе оқытушының болсын 
еңбектерінің, жетістіктерін бағалау мен бақылаудың жаңа формасы, әрі ол 
өзіндік бағалауды қосып алатын оқыту мен еңбекте прогресс жасаудың 
сипаттамасы, дәлелдемесі [193]. 
Біздер үшін портфолио технологиясы аса маңызды, себебі мұнда педагог 
алдын ала өз жетістіктерінің жеке-дара іріктемесін жасай алады, ағылшын тілін 
меңгергендік процесі жайлы есеп жасай алады және оқыту, меңгеру процесі 
қалай жүріп жатыр, интеллектуалды және әлеуметтік деңгейлерде қалай өзара 
әрекет жасайды міне осының барлығына есеп жасай алады.
Бағалаушылық-нәтижелік 
компонент. 
Бағалаушылық-нәтижелік 
компонентке келесілер жатады: ағылшын тілі педагогтардыың тілді меңгеру 
даярлығы деңгейлерін констатациялау міндеттерін шешуге бағытталған 
диагностикалық құралдар; берілген деңгейлердің үздіксіз білім беру 
жағдайында даму критерийлері мен көрсеткіштері; болбарлы, болжамды 
нәтиже. 
Ағылшын 
тілін 
меңгеруге 
даярлықтары 
бойынша кәсіби 
құзіреттіліктері қалыптасқандығы критерийлері мен көрсеткіштер жүйесін 
жасау оның деңгейлерін өлшеу үшін және ағылшын тілін меңгеруге 
қаншалықты даярлықтарын анықтау әдістемелерін қолдануда нәтижелерді 
салыстыру үшін қажет болады. Қойылған міндеттерді шешу анкеттеу, тестілеу, 
бақылау, әңгімелесу мен шығармашылық жұмыстарды талдау көмегімен жүзеге 
асырылады.
Енді «критерий» түсінігіне анықтаманы қарастырайық. 
«Шетел тілдерінің сөздігіне» сәйкес, критерий (грек тілінен аударғанда 
kriterion – «талқылауға арналған шара») – «қандай да сипатқа баға, анықтама 
немесе бр нәрсенің жіктемесі, өлшемі» дегенді білдіреді.Білім саласына 
қатысты критерий, әдетте ереже бойынша, «педагогикалық іс-әрекет 
нәтижелерін бейнелеу үшін қызмет етеді» [194]. 
Осыған қарап, қорытынды жасауға болады, критерийлер деп ағылшын 
тілін меңгеру даярлығы нәтижелерін бейнелейтін негізі белгілі бір 
көрсеткіштер болатын шартты түрде тіркелетін деңгейлерді айтады. 
Төмендегі 4-кестеде үздіксіз кәсіби білім беру жағдайында педагогтардың
ағылшын тілін меңгеруге даярлықтары қалыптасқандығы критерийлері мен 
көрсеткіштері бейнеленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет