Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет36/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

Ағылшын тілін меңгеруге даярлыққа функционалды көзқарас оқу 
процесін ерекше бір басқаша ұйымдастыруды білдіреді, әрі ол білім 
алушылардың функционалы сауаттылығын қалыптастырға бағытталған 
механизмдер мен құрылымдарды қосып алады. Білім алушылардың 
функционалды сауаттылығы метапәндік құбылыс – бұл оқырмандық іс-әрекетті 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін келесі шеберліктер мен қабілеттердің 
жиынтығы: түрліше оқу түрлерін қолдану; мәтінді оқудың бір түрінен 
екіншісіне ауысу; іздену, таңдау, ақпаратты ұсыыну мен жүйелеуді жасай алу; 
жазбаша оқу-ғылыми мәтіндерді мағынасын зерделеу, олардың мазмұнын 
мәтінді түсіну, қысқарту, көшіру сияқты амалдар орындау. Функционалды 
сауаттылық студентке, не оқушыға білім бағдарламасы талап ететін шекарадан 
асатын жеке өз бетінше жаңа танымдық мақсаттар құруға кең мүмкіндіктер 
береді [182].
Функционалды бағытты идея ретінде айрықша бөле отырып, біздер келесі 
көзқарасты бағыттарды ерекше деп ұсынамыз:
субъектілі-іс-әрекеттік бағыт бұл білім алушыларды белсенді өзін-өзі 
дамытушы және өзін өзі ұйымдастырушы субъект ретінде өз оқу және басқа іс-
әрекетін шығармашыл, дербес жүзеге асыратын, оны саналы басқаратын, 
нәтижелерге жауап беретін тұлға деп қарастырады. Бұл көзқарас белсенділік, 
креативтілік, 
шығармашылық 
және 
жаңа 
ақпараттық-инновациялық 
педагогикалық пен білімдік технологиялар, өзін-өзі оқыту арқылы жүзеге асады 
[183]. Субъектілі-іс-әрекеттік көзқарас білім алуышылардың және педагогтың
жалпы топтың жекелеген шығармашылық танытуына көзделген. Білім 


111 
алушылардың шығармашылық белсенділігіне бағытталушылық олардың шетел 
тілдерін оқуға деген мотивацияларын жоғарылатады. Ағылшын тілі 
оқытушысы бұл бағытта білім алушыларды түрлі жұмыс стратегиялары, 
тәсілдерімен таныстырады; 
құзіреттілік көзқарасты бағыт 
білім алушылар мен педагогтардың 
тілді меңгеруге даяр болуы мен әлеуметтенуі, даралығы, өзін-өзі өзектендіре 
алушылығын дамытуға септігін тиімді тигізетін білімдер мен шеберліктер, 
белгілі бір құзіреттіліктердің қалыптасу процесіне бағытталған. Осы шетел 
тілдерін меңгеруге даярлықты жүзеге асыруда оқыту құрамына құзіреттер, 
репродуктивті және шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі, әлемге деген 
құндылықты қатынас тәжірибесі де кіреді [149, с. 53; 184]. Әрі осы тілді 
меңгеруге даярлық егер де жеке тұлғалық әлеует ескерілетін болса, тиімді 
жүзеге асатын болады
– коммуникативті-когнитивті бағыт танымдық іс- әрекетке сүйенуді 
білдіреді [185]; 
пропедевтикалық бағыт ағылшын тілінен кәсіби білімдер мен 
шеберліктер, дағдыларды меңгеруді білдіреді. Бұл бағыт жеке дербес түрде 
мәтіндік іс-әрекеттің өнімдерін жасауға мүмкіндіктер береді (рефераттар, эссе, 
аннотациялар, жобалар, презентациялар және т.б.) [186].
Заманауи дидактикада бұрыннан танымал классикалық және ғылым мен 
тәжірибе дамуы барысында қалыптасқан принциптер жүйесі бар. Біздер өз 
зерттеуімізде жалпыға танымал дидактикалық принциптерге сүйенеміз 
(кешенділік принципі, мәдени бағытталған, психологиялық жайлылық, кәсіби 
бағытталған), және арнаулы (аутентикалық, шығармашылық белсенділік, 
аутентикалық мәтін үлгісіне сүйену) принциптер. 
Бүгінгі күні ағылшын тілін меңгеруде және осы тілге оқытуда жоғары оқу 
орнында кешенділік принципі өзекті болып отыр.
Заманауи дидактика сонымен қатар мәдени бағыттылық принципін де 
ұстануды талап етеді, ол яғни сол не өзге тілді халық туралы стереотипті 
ұғымдардың болмауын, сол меңгеретін тілдің иелері жайлы адекватты түсінік 
ұғымның болуын білдіреді.
Психологиялық жайлылық принципі оқу процесіндегі мүмкін болатын 
стресс тудырушы факторларды болдырмауын және мейлінше жайлы 
атмосфераны құруды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет