Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет44/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
оқудың маңыздылығын сезінбейді. Бірінші курстағы студенттер шетел тілдерін 
білу, білімді игеру олардың жеке тұлғасының маңызды компоненті екендігін 
түсінбейді, әрі шетел тілдерін оқу – бұл тек жаңа білімдер алу ғана емес, әрі 
барлық ақыл-ой процестерінің белсенді болуы мен ақыл- ой дамуы толығымен 
дамуы да. Ағылшын тілін меңгеру барысында алынатын білімдер кәсіби 
эрудицияның компоненті бола отырып, педагогтардың ғылыми әрі өндірістік 
жүйедегі оқытушыға тән кәсіби іс-әрекетін табысты да нәтижелі орындауға жол 
ашады.
Сонымен қатар студенттердің қарым-қатынасты қажетсінулерін және 
олардың өз ойларын білдіруде түрлі шаралар қолданғысы келетіндіктерін білу 
аса маңызды. Көптеген педагогтар (89%) ең басты міндет деп қателіктер 
жібермеу қажет деп біледі, тек біразы ғана (17%) ағылшын тілінде қарым-
қатынас жасап сөйлесу процесінің мазмұнының құндылығын баса көрсеткен.
Педагогтар жауаптарын талдау барысында студенттерге ағылшын тілін 
меңгерту 
барысында 
олардың 
соншалықты 
қызығушылық 
танытпайтындықтарын және берілген тапсырманың көлемінен аса алыс 
кетпейтіндіктерін көрсетті. Сауаланама нәтижесінен педагогтар кәсіби іс-
әрекеттегі ағылшын тілінің аса қажеттігін, шығармашылық шеберліктерді 
дамытудың 
да 
маңыздылығын 
атап, 
бұл 
айтылғанның 
барлығы 
қалыптастырушы эксперимент барысында барлық тапсырмаларды орындауда 
мотивацияларының артуында көрінгендігіне дәліл болды. 
Сауалнама нәтижелері біздерге келесі қорытындыға келуге жеткізді, яғни 
барлық оқытушылар өздерінің жеке өзгетілді оқырмандық іс-әрекет өнімдерін 
жасау мақсатында оқу-ғылыми мәтіндер мен материалдарды оқуға бағытталған 
(78% педагогтар); 85% педагогтар өнімді-бағытталған оқытудың тактикасы мен 
стратегиясын игерудің аса құнды әрі маңыздылығын баса атап көрсетеді. Тест 
тапсырмаларын талдау, ағылшын тілі педагогтары мен студенттер, 
оқушылармен әңгімелесулер өткізу нәтижелері осы өнімді-бағытталған оқтуға 
кедергі келтіретін бірқатар сыртқы факторлардың болатындығын және олардың 
оқу процесіне және тілді меңгеруге кедергі келтіретіндігін айтып отыр. Оларға 
мыналар жатады: тілді жаттықтыру бағдарламаларының жетілмегендігі; 
өзгетілді қарым-қатынастың аргументті психологиялық-лингвистикалық 
заңдылықтарын көзге ілмеу, елемеушілік (бұл педагогтардың өздерінің 
көзқарастарын баяндап жеткізе алмауда байқалады және т.б.); ағылшын тілінде 
өнімді-бағытталған оқыту мазмұнына, сипаты, көлемі мен құрылымына 
талаптардың жасалмағандығы; жаттығулар саны мен оларды ұйымдастыру 
өнімді-бағытталған сөйлеу тілін дамытуға септігін тигізбейтін мазмұндағы 
оқулықтар мен оқу құралдарының жоқтығы; тиісті нәтижеге жеткізетін сатылы, 
қадамдық әдістемелер алгоритмінің жоқтығы. 
Педагогтарға «Менің мамандығымдағы ағылшын тілінің рөлі» деген 
тақырыпта қысқаша эсссе жазу тапсырмасы берілді, онда олар осы пәнге деген 
қарым-қатынастарын білдірулері аса маңызды болды.
Сабира М., 38 жас: «Біздің қазіргі таңда мәдениеттер диалогы аса 


128 
маңызды. Өзге мәдениет адамдары көмегімен, олармен байланыс жасау арқылы 
сен өзіңнің интеллектуалды деңгейіңді көтересің және қарым-қатынас аумағын 
кеңейтесің және шетелдік саяхат кезінде өзгелермен қарым-қатынас жасай 
отырып, сен өз еліңнің мәдениетін алға тартасың, көрсетесің. Бұл дегенің 
қандай қызықты және керемет тартымды – өзге дүниетаным мен идеологияны 
зерттеу, меңгеру». Сержан О., 27 жас: «Сегіз жастан бері мен ағылшын тілін 
оқып келемін. Мені бұл тілді оқуға ешкім мәжбүрлеген жоқ, бұл менің жеке 
өзімнің қалауым, шешімім. Қазір мен осы тілді жақсы, жаман емес дәрежеде 
меңгеремін. Оқуды ұнатамын және түпнұсқа кітаптарды оқығым келеді. Бұл 
маған шетелдік менің әріптестерім қолданатын педагогикалық әдіс-тәсілдер 
жайлы білгем келетін жайларды мәлім ететін болады. Әрі мен ағылшын тілінде 
мәтіндер мен материалдар оқу арқылы менің осы тілде айтылымым, сөздерді 
айтуым жаттығады. Әрі маған бұл шетелдік түрлі конкурстарға, форумдар мен 
мастер-кластарға қатысуыма көмек береді. Мен өмірде көп нәрсеге қол 
жеткізгім келеді. Мен саяхаттауды жақсы көремін, біршама елдерге барып 
қыдырғым келеді. Ал ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас жасау тілі 
қатарына кіреді».
Алтынай М., 48 жас: «Кез-келген заманауи адамға қазір міндетті түрде 
шетел тілдерін білген жөн. Ағылшын тілінде өте көптеген тамаша кітаптар 
жазылған, олардың әрине тек түпнұсқасын оқыған абзал! Сонымен қатар осы 
тілде қаншама әдемі әндер мен музыкалық журналдар, басқа да мәдениет 
нысандары жасалған. Біздер ол дүниелерді аудармасыз да түсінетін боламыз 
егер де шетел тілдерін, ағылшын тілін оқып меңгеретін болсақ. Біздердің шетел 
әріптестерімізбен байланыс-қатынастарымыз одан сайын күннен күнге кеңейіп 
келеді. Бүгінгі күні барлық сала бойынша шетелдік мамандармен алмасу 
тәжірибеге белсенді түрде еніп отыр. Міне бұл да ағылшын тілін оқу 
қажеттігінің тағы бір дәлелі, аргументі. Бұл менің әрине жеке өзімнің 
көзқарасым, бірақ мен ойлаймын қалған әріптестерім мені қолдайды деп 
сенемін». 
Күләш О, 36 жас: «Мен ойлауымша ағылшын тілін білгенімнің көптеген
оң жақтары бар. Жастарға айтарым сол, міндетті түрде шетел тілдерін білсең 
сен тек пайдасын көресің. Оның себептерін атар болсам, біріншіден, 
жаһанданудың қарқындап дамуы біздердің шетелдік әріптестерімізбен көбірек 
араласуымызды қажет етіп отыр. Біздер оны ағылшын, немесе шетел тілдерін 
білмесек орындай алмаймыз. Екіншіден, шетел тілдерін білу кез-келген сала 
бойынша білімдерімізді байытып, толықтырады, айталық көркем мәдениет 
саласында, педагогика мен психология, құқықтану салаларында. Ақырында, 
біздер заманауи, табысты әрі зиятты, интеллегентті және жан-жақты дамыған, 
шетел тілдерін білетін адамдар болғымыз келеді». 
Владимир Р., 49 жас: «Қазіргі уақытта халықаралық және мәдениет 
аралық құзіреттіліктер – бұл экономикалық және әлеуметтік табысқа алып 
келетін маңызды кілт. Тілдік құзіреттер жаңа нарық жолдарын ашады және 
бәсекелестік тұсында артықшылықтарға қол жеткізеді. Кез-келген білім 
мекемесі болашақта өз педагогтарына талап ретінде сөйлеу тілінен кем емес 
деңгейде міндетті түрде бір тілді меңгеруді қоятын болады. Мектепте не 


129 
жоғары оқу орны болсын кез-келген мұғалім не педагог міндетті түрде кәсіби 
ақпаратпен, озық тәжірибемен бөлісіп алмасу үшін шетелдік әріптестерменен 
жеке байланыс-қатынаста болғаны жөн. Ол үшін түпнұсқа тілінде мақалалар 
оқу керек. Одан бөлек шетелдік әріптестермен араласып қатынасқан жеңіл әрі 
«бірінші болып өз аузынан есту» бөлек құнды дүние болады». 
Сауле М., 38 жас: «Кез келген оқытушы қандай пән мұғалімі болуына 
қарамастан жан-жақты аса дамыған болуы тиіс. Шетел тілдерінен білімі болуы 
оған бұл ретте қатты көмек болады. Егер де ол информатика мұғалімі болса, 
онда ол ЖОО-да немесе мектепте ағылшын тілінде өзі сайтын ашып, балалар 
құрдастар тауып, ал ересектер, яғни педагогтар әріптестер тауып байланыс 
жасау үшін аса маңызды болмақ. Егер де музыка пәнінің оқытушысы болса, ол 
ағылшын тілінде үлгі ретінде кеңге танымал және фольклорлы әндерді 
балалармен бірге жаттаумен айналысса болады. Қазіргі заманауи білім беру 
стандартары әрбір мұғалімді қандай да бір шетел тілдерін білуге міндеттейді. 
Менің беретін ақылым, кеңесім: ағылшын тілін біліңіздер, үйреніңіздер!». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет