Learning Together әдісін де қолдандық.
«Бірге оқимыз» (Learning Together) кооперативті әдісінің келесі бір
нұсқасы 1987 жылы Миннесот штатындағы университетте жасалды (David
Johnson, Roger Johnson).
Жүргізілу кезеңдері:
1. Сыналушылардың оқу тобы 3-5-тен түрлі оқу деңгейлеріне қарай
бөлінеді.
2. Әр шағын топ қандай да бір тапсырманың жеке бір бөлігі сияқты бір
тапсырмадан алады, сөйтіп онымен бүкіл топ жұмыс жасайды. Шағын
топтардың бірлескен жұмысы нәтижесінде жалпы ортақ тапсырманың
шешіміне қол жеткізіледі. Шағын топтың жұмысы әрбір сыналушының
жетістіктеріне қарай бағаланады. Сондықтан да, мұндай жағдайларда
154
топтардағы тапсырмалар күрделілігі мен көлеміне қарай жіктеліп
дифференцияцияланады. Шағын топтағы әрбір мүшесінің белсенділігі міндетті
түрдегі талап ретінде қалады, әрине әрқайсысының мүмкіндіктеріне қарай. Бұл
әдістің авторларының пікірілеріне сай, басты назар шағын топтардың
жинақталуы, топтасуы мәселесіне (әрбір мүшесінің жеке-дара және
психологиялық ерекшеліктеріне қарай) және әрбір шағын топ үшін тапсырма
беру түріне де аударылуы тиіс.
3-ші бөлім бойынша тұжырымдар
Анықталған және эксперименттік дәлелденген ұйымдастырушылық-
дидактикалық жағдайлар өз алдына үздіксіз білім беру жағдайында біріккен-
диалогты танымдық іс-әрекет пен өнімді-бағытталған өзгетілді іс-әрекет
процесі барысында жалпыкәсіби құзіреттерді тиімді қалыптастыратын
маңызды факторды білдіреді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың
барысында алуан түрлі диагностикалық әдістердің кешенін қолдану ағылшын
тілін меңгеруге даярлықты жақсартатын жалпы кәсібіи құзіреттердің
қалыптасқандық динамикасын анықтауға және барлық көрсеткіштер бойынша
жағымды, дұрыс өзгерістердің орын алуын тіркеуге де мүмкіндік берді.
Жүргізілген диагностика объективті және дәл, себебі біріккен-диалогты
танымдық
іс-әрекет
пен
өнімді-бағытталған
өзгетілді
іс-әрекет
қалыптастыратын жалпы кәсіби құзіреттер қалыптасқандық критерийлері мен
көрсеткіштеріне негізделген. Мұндай критерийлер мыналар: біріккен-диалогты
танымдық
іс-әрекет
барысында
өзгетілді
оқырмандық
іс-әрекеттің
шығармашылық өнімдерін жасау шеберлігін дамыту: реферат, аннотацияны,
эссе, жарнаманы, мультимедиялы презентацияны; қысқа байланысты
жазбаша/ауызша хабарламаларды құру үшін алынған ақпараттарды қолдану
шеберлігі; түрлі тақырыпта кең көлемдегі эссе мен эссе жоспарын құрай алу
шеберлігі; керекті ақпараттарды ағылшын тілінде жазбалар, тезистер мен
жоспар ретінде тіркей алу шеберлігі; ағылшын тілі оқытушысының кәсіби
мәдениетаралық коммуникация ерекшеліктері жөнінде білімнің болуы;
ағылшын тілінде терминологиялық сөздік қордың кеңеюі; біріккен-диалогты
танымдық іс-әрекет негізінде түрлі тақырыпта аналитикалық-синтетикалық
амалдар, операцияларды орындау шеберлігі; оқу-ғылыми аутентті ақпаратты
сыни тұрғыдан қабылдай алу шеберлігі мен қажетті ақпаратты таңдау;
ғаламтордан және өзге қайнар көздерден алынған жарнама, мақалалардағы
позитивті, негативті жақтарын ерекшелеп бөле алу шеберлігі; өзгетілді
коммуникация процесінде пәнаралық байланыстарды қолдану шеберлігі;
метабілімдер мен әмбебап оқу әрекеттерін меңгеру.
Үздіксіз білім беру жағдайында біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет
пен өнімді-бағытталған өзгетілді іс-әрекеттің жалпы кәсіби құзіреттерін
қалыптастырудың әдістемесі екі циклдан тұрады: біріккен-диалогты өнімді-
бағытталған оқырмандық іс-әрекеттің технологиялары (бірінші дидактикалық
цикл), ол төрт кезеңнен тұратын алгоритмді білдіреді: диагностикалаушы;
мәтіннің экспозициясы (мотивациялайтын); мәтіндік; оқу-ғылыми мәтінді
түсінуді бақылау кезеңі мен оқу-ғылыми мәтіндерді оқу негізінде
155
шығармашылық өнімдерді құру технологиясы (екініші дидактикалық цикл),
келесі кезеңдерге бөлінеді:
1) өнімді, өзіне шығармашылық іс-әрекеттің аса маңызды нәтижелерін
қосып алады: ағылшын тілі педагогтардың кәсіби сөздік қоры, екінші, қосалқы
өзгетілді мәтіндер (конспект, реферат, аннотация, эссе), креативті жазбаша
жұмыстар (жарнамалар, концерт, іс-шаралар және т.б.), шығармашылық
жобалар, мультимедиялы презентацияны;
2) коммуниктивті кезең – яғни, коммуникативті-когнитивті бақылау мен
өзіндік бақылау кезеңі, педагогтарға өз жетістіктерінің логикалық тізбесін
құруға мүмкіндік береді, өздерінің тәжірибелерін жүйелеуге, өзінің жеке
оқырмандық іс-әрекетінің нәтижелерін бағалауға да үйретеді. Осы кезең тілдік
портфолиодан,
рефлексия
мен
өзіндік
жеке
жетістіктерді
өзіндік
рефлексиялаудан тұрады.
Тәжірибелік-эксперименттік оқытудың мақсаты үздіксіз білім беру
жағдайында біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет пен өнімді-бағытталған
өзгетілді іс-әрекетте жалпыкәсіби құзіреттерді қалыптастыруға бағытталған
әдістемелердің тиімділігінің диагностикасын жасау болды.
Диагностикалаушы кезеңде негізгі зерттеу әдістері болып анкеттеу,
диагностикалау, әңгімелесу, бақылау, тестілеу, шығармашылық жұмыстардың
талдауы және өзгелері табылды.
Ұсынылған әдістемелердің ендірілуі келесі жайтты анықтауға мүмкіндік
берді, яғни педагогтарда үздіксіз білім берудің біріккен-диалогты танымдық іс-
әрекеті жағдайында өзгетілді оқырмандық іс-әрекеттің өнімді-бағытталған
шеберліктерінің даму динамикасы, жалпы кәсіби құзіреттерінің қалыптасуында
кәсіби лингвистикалық білімдерінің артуы байқалады (ЭТ) және керісінше, сол
шеберліктердің дамуы деңгейінің жағымды динамикасы егер де ағылшын тілін
оқытуда зерттелетін критерийлерді жүйелі қалыптастыру мен мақсатты
бағытталған оқыту жоқ болатын болса, әлсіз байқалатын болды (БТ-да).
156
Достарыңызбен бөлісу: |