кез болса керек. Маңғыстауға аты танылып үлгірген дом-
түс көреді. Түсінде астындағы аты омақаса құлап мертігіп,
174
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
өзі омыртқасын зақымдап жүруден қалады. Баласының азап
шегіп жатқанын көрген әкесі арнайы ат арытып келіп, Бекет
Атаға баласының жағдайын баян қылады. Бекет Ата жігіт тің
жұмаға қараған күнге түс көргенін, сол түсті жорытқан нан
болғанын айтып, келе алмай үйінде қалған жігітке сырты нан
бірнеше айға шарттап, ем жасайды. Атаның емі қонып, дом-
бырашы жігіт жазылып, бұрынғыша серілігін жалғастыр ған
екен.
* * *
Маңғыстауды мекен еткен арабша да, орысша да сауатты,
байлығы басынан асатын Сарыбай атты жігіт ағасы Бекет Ата-
ға барып, сәлемдесіп, оның батасын алмаққа ниеттенеді. Бірақ
пендешілікпен әне шығам, міне шығам деп жүріп, екі-үш жыл-
ды өткізіп алады.
Сондай күндердің бірінде құдасының аулында жатып, тү-
сінде айдалада қонып отырған алып құсты көреді. Қандай ға-
ламат екенін білмекке атын сол жерде қалдырып, жақында-
ған сайын құс үлкейе береді. Ақыры киіз үйдің көлемін дей
болғанда қанатының астыңғы жағынан есік ашылып, оқалы
көк түсті киім киген әдемі қыз төмен қарай баспалдақ түсіріп,
ішке шақырады. Сарыбай ішке кіріп, айналасына қараса,
аппақ отырғышта жайғасқан сақалды адамдарды көреді. Қыз
меңзеген қатардан орын алып, терезеден қараса, бұлттың ара-
сында ұшып келеді екен. Қанша мезгіл өткені белгісіз, Сары-
байды діттеген жеріне әкеліп түсірген алып құс қанатынан дау-
ыл тұрғызып, қайтадан ұшып кетеді…
Сарыбай түсін бір балгер кемпірге жорытқан екен, ол:
—Құспен ұшқан жақсы, бірақ сенің түсіңе енген құс тіптен
басқа екен. Жоруға тым қиын соғып отыр, дұрысы Бекет Ата-
ға тез жеткенің. Кешіксең, бір бәлеге ұшырап қалуың ғажап
емес,—деген соң жұмаға қарсы жолға шығады. Келсе Бекет
Ата жолаушылап кеткен екен, Атаны күтіп жатып, Сарыбай
түсінде басын қар шалған таудың үстімен әлгі алып құспен та-
ғы да ұшады.
Сарыбай Ата келген соң көрген түсін тағы айтады. Ата сәл
ойланып отырады да, түстің жоруын келесі күнге қалдырады.
Ертесінде таңғы ас үстінде:
174
175
ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ
—Сарыбай інім, менің болжамым алдамаса, күндердің кү-
нінде Құдайдың қолдауымен өте ақылды адамдар өзің көр ген
алып құсты жасап шығарып, қалаған жағына ұшып барып ке-
летін болады,—дегенде сенер-сенбесін білмей Сарыбай аң-таң
болады.
Қаншалықты шындық бар екенін бір Алланың өзі біледі,
әңгімені айтушылар мұндай жайды анықтау үшін ауылдас-
тары Атаға жүгінгенін айтады. Ата оларға жұма күнгі таңда
көрген түстің көпшілігі дәл келетінін, сондықтан шама
келгенше жорытпаған дұрыс екенін, жорытса түс жоруға
қабі ле ті бар адамға ғана айтуға болатынын айтыпты. Осы-
ны жадында сақтаған кейбіреулердің жұма күнгі көрген
түсін жорытпайтыны, ешкімге айтпайтыны осы күнге дейін
кездесіп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: