Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет13/99
Дата06.01.2022
өлшемі1,94 Mb.
#12226
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   99
12. ЖӘНІБЕК БАТЫРДЫҢ ТҮСІН 

АБЫЛАЙДЫҢ ЖОРУЫ 

Абылай хан Қарақалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру тар-

тып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды дейді:

—Абылай мен екеуміздің таласымыз дін емес, дүние ғой. 

Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық. Мен жекпе-

жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын, 

Абылай да өзіне қараған қазақтан (елінен) «осы сырттан-ау» 

деген біреуін таңдап шығарсын. Менің кісім Абылайдың шы-

ғарған кісісін күші асып, өлтіріп кетсе, малдан, жаннан Абы-

лай безіп шықсын, біз олжа қылайық. Абылайдың кісісі менің 

кісімді күші асып, өлтіріп кетсе, малдан, жаннан қол жуып, екі 

қолды төбеге қойып, біз шығалық, Абылай олжа қылсын. Уағда 

осы болсын,—деп.

Абылай хан: 

—Жарайды, болса болсын,—депті.

Қалмақтың бұрыннан белгілі бір сырттаны бар екен, жол-

барысты құйрығынан ұстап алып лақтырады екен және жер-



176

177


ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

ге бір-ақ қойып өлтіретұғын күші бар екен. Абылайда өйтіп 

сыналған белгілі сырттан жоқ екен. Өзінің сынауы бойын-

ша, Шақшақ немересі Жәнібекті шығармақ болды дейді. Жә-

нібектің туған шешесі Есім хан өлтіретұғын Тұрсын ханның 

қызы екен. Ташкентті шапқанда Шақшақ батыр Есім ханның 

батырының басы екен. Тұрсын ханның бір қызын Есім хан ба-

ласы Жәңгір ханға олжалап алып бергенде, бір қызын Шақ шақ 

батыр баласы Қошқар батырға олжалап алып беріп, Жәнібек 

сонан туып, сонда Жәнібектің шешесі Абылайға айтып тап сы-

рып, қосқан екен:

—Аттың сырттаны жауһарлысын үш жыл іздетіп, зорға 

таптым. Ағаштың сырттаны жауһарлысын үш жыл тарап зорға 

таптым. Адам сырттанын мырза Құдай бір күн төсекте жат қан 

түсімде берді. Осы жолы алып барып, ненің сырттаны болса да, 

бір айқастыр,—деп.

—Ертең қалмақтың сырттанына сен шығасың,—деп оған 

айтып қойды дейді.

Сол түнде жатып Жәнібек бір түс көріп, түсінен шошып оя-

нып, түн ішінде қосын жығып, еліне қайтпақшы болып, «ханға 

айтып кетейін» деп жетіп келсе, Жәнібектің түсінен қорқып 

оянғанын хан да түсінде көріп: «маған келмей кетпес-ау» деп 

басын көтеріп, тосып отыр екен. Таң жаңа сәуле беріп, ондағы-

мұндағы көрінерлік мезгіл екен:

—Батыр, жай ерте келдің бе? Асығып-үсігіп бір нәрседен 

қысталып жүрсің бе, немене?—дейді.

—Тақсыр, бір жаман түс көрдім. Сол түсімнен қорыққан-

нан: «осы жолы өліп кетсем, тұқымсыз кетермін» деп қайтуға 

ыңғайланып, сізге білдіріп кетейін деп жүрегім аузыма 

тығылып, әрең келдім,—дейді.

 Хан сонда атшысын «Шыйеш» дейді екен:

—Шыйеш! Мирақор!—деп шақырды, атшысы: 

—Алдияр, тақсыр,—деп жетіп келді.

—Уа, менің қарт Бөгенбай берген Нарқызыл жирен атымды 

есіктің алдына алып кел,—дейді.

 Ханды онан басқа ат көтеріп жүре алмайды екен. Мира қо ры 

атты есіктің алдына алып келгенде, Жәнібекке:

—Жай қолыңды,—дейді.

12-0185



178

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Жәнібек қолын жайып, ұшып тұра келгенде: 

—«Жақсы түске де садақа, жаман түске де садақа»—деп 

еді. А, Құдай, осының түсін мен неге жорысам, сен соған қабыл 

қыл,—деп жирен атты түс садақасы деп айтып, жалма-жан сой-

дырып, талатып жіберді.

—Айт, батыр, енді түсіңді,—дейді.

—Түсімді айтсам, тақсыр, қалмақтан жекпе-жекке пәлен ше 

деген жайсаңы шықты да, бұл жақтан мен шықтым. Екеу міз 

шартпа-шұрт болып қалғанда, мені ол найзамен шаншып тү-

сірді. Кеудеме атша мініп, тамағымнан кесуге ыңғайланғанда 

«енді бауыздап тастайды-ау!» деп кеудеме көз салсам, қарасам, 

оң емшегімді бір айдаһар жылан еміп жатыр екен, сол емшегімді 

бір айдаһар жылан еміп жатыр екен. Шошып ояна келсем, түсім 

екен. Көрген түсім—осы,—дейді.

—Түсің түс-ақ екен. Мұнан жақсы түс бола ма? Түсіңде сені 

ол шаншып түсірген болса, өңіңде оны сен шаншып түсіреді 

екенсің. Түсіңде сенің кеудеңе ол мініп жүрген болса, өңіңде 

оның кеудесіңе сен атша мінеді екенсің. Түсіңде сенің тамағы ңа 

ол қылыш даярлаған болса, өңіңде оның тамағына сен қылыш 

даярлайды екенсің. Оң емшегіңді еміп жатқан айдаһар жылан 

өзіңнен туып, үстіңе бала ойнақтайды екен, өзі асқан айдаһар ер 

болады екен, батыр атанады екен. Сол емшегіңнен айдаһар еміп 

жатса, өзіңнен бір қыз туып, онан туған жиен о да айдаһардай 

ақырып туады екен. Ұлдан туған ұрпағың, қыздан туған жие-

нің тұлпар мініп, ту ұстай туады екен. Осынша өсіп-өнейін деп 

тұрсың. Сен қалай өлесің, бар, жекпе-жекке кіре бер. Жүсіп 

пайғамбардың түсі болсын да, Жақып пайғамбардың жоруы 

болсын,—дейді.

Хан түсін қолмен қойғандай жорыған соң, бір жағынан атын 

сойып таратып жатқан соң, Жәнібектің қорқынышы қа шып 

кетті, жүрегі тасып кетті, қайрат-қуаты бұрынғысынан да ба-

сым болып асып кетті. Сол жерден атын алдырып мініп:

—Жекпе-жек! Жекпе-жек!—деп айғайлап шыға шапты 

дейді. 


Қалмақтың жайсаңы құты қашып, аяғын тәлтіректеп ба сып, 

найзасын қалай толғарын білмей, өзінен-өзі қалбалақтап, са-

сып, айқасып қалған қарсаңда Жәнібек батыр шаншып түсіріп, 



178

179


ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

үстіне аттай мініп, тамағынан қылышты тигізер тигізбесте 

шалқасынан жатқан қалмақ:

—Тоқта,—дейді,—түнде сен де көріп едің, мен де көріп 

едім. Сені мен алып едім-ау, табанымның астына салып едім-

ау. Сенің түс жорушың жақсы жорығандықтан, менің түс жо-

рушым ретін тауып айта алмағаннан алып кеттің-ау,—дейді.

Сонда Жәнібек басын кесуге қимады, қолынан ұстап же-

тектеп, Абылай ханға алып келді. Өзі өскен-өнген жан екен, он 

бір ауыл екен. Сол он бір ауылға тимей, өзге қалмақты тұттай 

жалаңаш тонап алып, олжа қылып қайтыпты дейді. Жан болса, 

осындай болсын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет