Word редакторында құжатты баспаға шығару Баспаға шығарылатын мәтінді алдын ала көру Құжатты баспаға жiбермес бұрын, алдымен оның қағаз бетiнде қалай орналасқанын арнаулы алдын ала мәтiн көру режимi арқылы қарап шығуға болады. Бұл бiраз уақытты және қағазды үнемдеуге мүмкiндiк бередi.
Алдын ала көру режіміне көшу үшін стандартты саймандар тақтасындағы Алдын ала көру (Предварительный просмотр) батырмасына шерту қажет. Бұл режимде құжаттың бірнеше беттерін қарап шығуға, экранда беттерді үлкейтуге және кішірейтуге, құжат мәтініне өзгертулер енгізуге болады.
Word редакторында бiрден мәтiннiң бiрнеше дана көшiрмесiн немесе құжаттың кейбiр беттерiн ғана баспаға шығаруға болады. Кез келген құжаттық мәтiндi Файл - қасиеттер (свойства) командасын орындағанда ашылған “Қасиеттер” сұқбат терезесiндегi сол құжат жайлы мәлiметтерiмен бiрге қағазға басып алуға болады.
Бұл режимде құжаттың бiр немесе бiрден бiрнеше беттерiн кiшiрейтiлген түрде қарап шыға аламыз, қажет болса, мәтiнге өзгерiстер енгiзуге болады. Мұнда құжаттың бiрнеше беттерiн көру барысында мәтiндi оқу немесе жеке графикалық элементтердi айқын Файл-Алдын ала көру (Файл-Предварительный просмотр) командасын бейнелеу мүмкiн емес. Алайда элементтердiң өзара орналасуы жайлы толық мәлiмет алып, төменгi сiлтеме қатарларды тез анықтауға болады. Құжатты алдын ала көру батырмасын шертемiз.
12.1-сурет “Алдын ала көру” саймандар тақтасының терезесі.
“Алдын ала көру” саймандар тақтасының батырмалары:
Баспаға шығу - “Баспаға шығу” сұхбат терезесiнде анықталған опцияларға сәйкес құжатты қағазға басуға жiбередi
Үлкейту - Үлкейту/Кiшiрейту (тышқан курсоры үлкейтiлген әйнекке айналады) (курсор пiшiнi стандартты) режимдерiн алма-кезек ауыстыруды iске асырады.
Бiр бет - Құжаттың жалғыз бетiнiң мазмұнын көрудi iске асырады
Бiрнеше беттер – Бiр уақытта құжаттың бiрнеше беттерiн қарап шығуды iске асырады.
Масштаб - Құжат бейнесiнiң масштабын экранда өзгертедi.
Сызық - Көлденең жылжу белдеу сызықтарын бейнелеп көрсетедi немесе жасырады.
Беттердi қиыстырып келтiру - Құжатты жан-жағынан ығыстырады. Беттiң соңғы жағындағы кiшiгiрiм көлемдегi мәтiндi құраған жағдайда қолданған тиiмдi.
Толық экранға–Экраннан тақталар мен басқа элементтердi жоюға есебiнен құжаттың мазмұнын көруге арналған облысты максималды үлкейтедi.
Жабу–Алдын ала көру режимдерiнен шығуды iске асырады.
Анықтама- Контекстi-тәуелдi анықтаманы ұсынады.
Алдын-ала көру режимiнде басқа беттердi бейнелеп көрсету үшiн Page Up және Page Down пернелерiн қолдануға болады.
Құжаттың жеке беттерiн бөлектеп көруге оралу үшiн “Бiр рет” батырмасын (одна страница) шертемiз.
Алдын-ала көру терезесiнде жұмыс iстеудi аяқтау үшiн Жабу батырмасын (Закрыть) шертемiз.