Sb3+катионының жекелік реакциялары 1. Сілтілердің (NaOH, KOH, NH4OH ) әсері: Sb (III) иондары сілті және аммиак ерітінділерімен метасурьма қышқылының ақ түсті тұнбасын түзеді:
Тұнба сілтілердің артық мөлшерінде және күшті қышқылдарда ериді:
Реакцияның орындалуы: Сурьма (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы сілті ерітіндісін қосып, тұнбаның түзілгенін байқау керек. Тұнбаны 2-ге бөліп, НСІ және NaOH ерітінділерінде еріту керек.
2. Гидролиз реакциясы: Сурьма (ІІІ) тұздарының сұйытылған ерітінділері қыздырған кезде гидролизденеді. Реакция нәтижесінде ақ түсті негіздік тұздар түзіледі:
Реакцияның орындалуы:
Сурьма (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 5-6 тамшы дистильденген су қосып, су моншасында қыздырамыз
3. Натрий тиосульфатының (Na2S2O3) әсері: Әлсіз қышқыл ортада сурьма (ІІІ) тұздары мен натрий тиосульфатын қыздырған кезде қызыл түсті сурьма (ІІІ) оксидінің дисульфиді тұнбаға түседі.
Реакцияның орындалуы: Сурьма (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына әлсіз қышқылдық ортада 2-3 тамшы Na2S2O3ерітіндісін қосып, су моншасында қыздырамыз.
4. Дербес металдармен тотықсыздандыру: Кернеу қатарында сурьмаға дейін орналасқан металдар бос күйге дейін тотықсыздандырады:
Sb5+ катионының жекелік реакциялары 1. Гидролиз реакциясы: Сурьма (V) тұздары ертінділерін сұйытылтқан кезде гидролизденеді. Реакция нәтижесінде ақ түсті SbO2CI түзіледі: