Реакцияның орындалуы: Темір (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1–2 тамшы калий гексацианоферраты ерітіндісін қосады.
6. Темір (ІІІ) ионының тотықсыздану реакциясы: А) Қалайы (ІІ) хлоридінің (SnCI2) әсері: Станнум (ІІ) хлоридінің әсерінен темірдің (ІІІ) ионы темірдің ІІ валенттілігіне дейін тотықсызданады:
Б) Калий иодидінің (КІ) әсері: Реакция нәтижесінде темір (ІІІ) тотықсызданады, ерітіндіде дербес (бос) күйіндегі иод бөлінеді:
Mn2+ катионының жекелік реакциялары 1. Сілтілердің (NaOH, KOH, NH4OH) әсері: Марганец (ІІ) катионы сілтілермен, ақ түсті тұнба түзеді:
Марганец (ІІ) гидроксиді қышқылдарда ериді, сілтілердің артық мөлшерінде ерімейді:
Марганец (ІІ) гидроксиді ауадағы оттектің әсерінен тотығады:
Сутек пероксиді қатысында қара–қоңыр түсті тұнба түзіледі:
MnО(OH)2 сұйытылған қышқылдарда ерімейді, бірақ концентрлі тұз қышқылында жоғары температурада ериді, сутек пероксиді қатысында күкірт қышқылында да ериді.
Реакцияның орындалуы: Марганец (ІІ) тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына осынша көлем NaOH, КОН, NH4OH ерітінділерінің бірін қосып, ақ тұнбаның түзілгенін байқау керек.
Бірақ реакция аяғына дейін жүрмейді. Ерітіндіге NH4СІ ерітіндісін қосатын болса, онда ерітіндінің рН–ы жоғарылайды да, Mn(OH)2 мүлдем түзілмейді.
Реакцияның орындалуы: Марганец (ІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы аммиак ерітіндісін қосады.
3. Mn2+ иондарын MnO4- күйге дейін тотықтыру реакциялары: Тотығу реакцияларының марганец (ІІ) иондарын анықтауда маңызы зор. Бұл реакцияларда түрлі тотықтырғыштарды пайдалануға болады, олардың әсерінен таңқурай түсті MnO4- түзіледі: