А) Натрий висмутатымен азот қышқылының ортасында тотықтыру:
Реакцияның орындалуы: Марганец (ІІ) тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 3–4 тамшы 6н.HNO3ерітіндісін, 2–3 тамшы 0,1н. AgNO3 ертіндісін қосады. Осы ерітіндіге натрий висмутатының бірнеше түйіршігін қосып, шыны таяқшамен араластырып, цетрифугаттаймыз. Ерітінді таңқурай тәрізді түске боялады.
Б) Азот қышықлы ортасында қорғасын (ІV) оксидімен тотықтыру:
Реакция жоғары температурада жүреді. Хлорид иондары кедергі жасайды, сондықтан оларды AgNO3 ертіндісімен тұнбаға түсіру керек. Марганец (ІІ) иондарының концентрациясы өте жоғары болған кезде реакция нәтижесінде түзілген HMnO4 Mn2+ иондарымен тотықсызданады да, таңқурай түсті ерітіндініңорнына қоңыр түсті H2MnO3(MnO(ОН)2 тұнбасы түзіледі, сондықтан Mn2+ сұйық ерітінді болғаны дұрыс.
Реакцияның орындалуы: Пробиркаға PbO2немесе Pb3О4 түйіршігінің 2–3-еуін және азот қышқылы ерітіндісін қосып, қоспаны су моншасында қыздырамыз. Осы тотықтырғыш қоспасына 1 тамшы MnSO4 ертіндісін қосып араластырады да, тағы қыздырамыз. (MnСІ2 алуға болмайды).
4. Аммоний персульфатымен қышқыл ортада тотықтыру: Реакция Ag иондарының қатысында орындалады.
Реакцияның жүруіне хлорид иондары кедергі жасайды.
Реакцияның орындалуы: Марганец (ІІ) тұзы ерітіндісінің 1 тамшысын 1 тамшы дистсльденген сумен сұйылтады, осы ерітіндіге 2–3 тамшы HNO3, 1–2 тамшы 0,1н. AgNO3 және 50% - тік (NH4)2S2O8 ерітіндісінен 5–6 тамшы қосып, су моншасында 800С дейін қыздырады.