2. Фосфат иондарының (Na2HPO4) әсері:
Фосфат иондарының әсерінен темір (ІІІ) иондары тұнбаға түседі.
Реакция нәтижесінде сарғыш тұнба түзіледі. Темір (ІІІ) фосфаты сірке қышқылында ерімейді, бірақ минералды қышқылдарда ериді.
Реакцияның орындалуы:
Темір (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы натрий гидрофосфатының ертіндісін қосу керек.
3. Натрий ацетатының (СН3СООNa) әсері:
Натрий ацетаты ертіндісі темір иондарымен қызыл түсті комплексті тұздар түзеді:
Жоғарғы температурада негіздік ацетат тұнбаға түседі:
Реакцияның орындалуы:
Темір (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 3-4 тамшы натрий ацетаты ертіндісін қосып қыздырады. Тұнбаның түзілгенін байқау керек.
4. роданид иондарының (NH4SСN) әсері:
Темір (ІІІ) катионы роданид иондарының концентрациясына тәуелді түрлі құрамды комплексті тұздар түзеді:
Комплексті тұздың түсі қызыл, неғұрлым роданид иондарының концентрациясы жоғары болса, ерітіндінің түсі соғұрлым қою болады. Бұл реакция сезгіш, бірақ Ғе3+ иондарымен түрлі комплексті тұздар түзе алатын иондар, мысалы: Ғ-, РО43- шарап және лимон қышқылдарының иондары анықтауға кедергі жасайды:
Реакцияның орындалуы:
Темір (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 1–2 тамшы аммоний (калий) роданиді ерітіндісін қосу керек.
5. Калийдің гексацианоферратының (K4[Fe(CN)6]) әсері:
Калийдің гексацианоферраты (ІІ) темір (ІІІ) катионымен қара көк «берлин көкшілі» деген тұнба түзеді:
Бұл тұнба сұйытылған тұз қышқылында ерімейді, бірақ сілтілердің әсерінен Ғе(ІІІ) гексацианоферраты (ІІ) ыдырайды, нәтижесінде темір (ІІІ) гидроксиді тұнбаға түседі:
Реакцияның сезгіштігі өте жоғары, ертіндіде темірдің (ІІІ) концентрациясы өте төмен болған кезде ғана тұнба түзілмейді, бірақ көк түсті коллоидті ерітінді түзіледі.
Концентрлі қышқылдардың әсерінен темір (ІІІ) гексацианоферраты (ІІ) бұзылады:
Реакцияны орындаған кезде Ғе4[Fe(CN)6]3 реактивін артық мөлшерде пайдаланбау керек, себебі түзілген тұз артық мөлшерде мына реакция бойынша ериді:
Достарыңызбен бөлісу: |