Реакция нәтижесінде қара түсті тұнба түзіледі. Реакция өте сезгіш.
Реакцияның орындалуы: SnCI2 ерітіндісінің 2-3 тамшысына NaOH ерітіндісін тамшылатып қосады, түзілген тұнба толық ерігенше тағы да артық мөлшерде 1-2 тамшы NaOH ерітіндісін қосады. Осы ертіндіге Ві3+ ертіндісін қосып, қара түсті тұнба түзілгенін байқау керек.
Fe2+катионының жекелік реакциялары 1. Сілтілердің (NaOH, KOH) әсері: Сілтілер темір (ІІ) иондарымен әрекеттескенде ақ түсті темір (ІІ) гидроксидін түзеді:
Бірақ бұл тұнба ауада тез тотығады да, жасылдан қызыл қоңыр түске дейін өзгереді:
Реакцияның орындалуы: Темір (ІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына осынша көлем NaOH ерітіндісін қосып, тотыққанын байқауға болады.
2. Аммиак ерітінділерінің (NH4OH) әсері: Аммиак ертінділері әсерінен темір (ІІ) иондары ақ түсті тұнба түзеді:
Бірақ реакция аяғына дейін жүрмейді, себебі бұл ертіндіде Fe(OH)2 түзілуіне рН жеткіліксіз. Реакция жүру үшін рН 12-13-ке тең болуы керек. Аммоний тұздары тұнбаның түсуіне кедергі жасайды.
Реакцияның орындалуы:
Темір (ІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына осындай көлемде NH4OH ерітіндісі қосылады.
3. Калийдің гексацианоферратының (K3[Fe(CN)6]) әсері: Темір (ІІ) иондары калийдің гексацианоферратымен (ІІІ) «Турнбулен көгі» атты көк түсті тұнба түзеді:
Реакция өте сезгіш. Түзілген тұнба тұз қышқылында ерімейді, бірақ сілтілер әсерінен бұзылады:
Қазіргі көзқарас бойынша бұл реакция «Берлин лазуріне» ұқсас, яғни реакция мына теңдеу бойынша жүреді: