Зертханалық жұмыс ds max-пен алғашқы жұмыстар ds max интерфейсімен танысу. Негізгі мәзір. Құрал жабдықтар панелі



бет9/14
Дата10.03.2023
өлшемі1,94 Mb.
#73273
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Метод лаб изд 45 (1)

Есеп беру мазмұны

1. Жұмыстың мақсаты.


2. Жұмысқа арналған тапсырманы суреттеу.
3. Өз дискінде орындалған тапсырмамен құрылған файлдың болуы.
4. Бақылау сұрақтарына жауап.


Жұмысқа арналған тапсырма



  1. «Lab_3» файлын ашу. Сахнаға жарықты қосыңыз. Төменде берілген иллюстрацияны қолданыңыз.




Сурет 6.1 – Белгіленген жарық қорлары



Сурет 6.2 – Сахнаның қорытынды есептелуі





  1. Көпжақ құрыңыз: көпжақ центрінің координаттары (0; 0), радиусы 40 бірлік (сурет 6.3). Нәтижесінде пайда болуы керек. Сахна сыртынан бақылайтын камера және оны жарықтандыратын жарық қорын құру. Файлды «Lab_6» атымен сақтау.




Сурет 6.3 – Құрылған объект




Бақылау сұрақтары



  1. Бастапқыда жарық қорлары қалай орнатылады?

  2. Стандартты жарық қорларының түрлерін атаңыз.

  3. Азат көзшам жарық қорын сипатта.

  4. Қанша фотометрикалық жарық қоры бар?

  5. Барлық жаққа бағытталған жарық қорын қалай құрады?

  6. Көзделген көзшамды қалай құрады?

  7. Азат камераның ерекшелігі неде?

7 зертханалық жұмыс




Материалдармен жұмыс. Объекттерге материалды тағайындау


Жұмыстың мақсаты: Базалық материалдарды оқып білу, жаңа материалдарды құру, оларды объекттерге тағайындау.


Әдістемелік нұсқаулар

Құрылған объекттердің визуалдылығы үшін реалды болып көрінуіне, оларға сәйкес материалдар беріледі. Материал ұғымы астарында түстер жиыны, фактура, көрініс құрамы түсіндіріледі. Әрбір объек жеке материалмен жарықтануына, орналасуына геометриясына және т.б. байланысты берілуі қажет. Материалдарды құру үшін арнайы бағдарламалық модуль берілген – Material Editor (материалдар редакторы) сурет 7.1. материалдар редакторын шақыру үшін Rendering (Визуализация) мәзірінде Material Editor (материалдар редакторы) командасын таңдайды.





Сурет 7.1 – Материалдар редакторының терезесі


Мысалдар ұяшықтары объектке берілетін материалды көруге мүмкіндік береді. Бастапқыда материалдарды өзгерту панелінде 6 ұяшық мысалы беріледі, бірақ редакторды бұдан да көп ұяшыққа келтіруге болады. Ағымдағы мысал ұяшық айналасында ақ рамкамен белгіленеді.


Материалдарды өзгерту құралдары. Материалдарды өзгерту үшін материалдар редакторы терезесінде орналасқан құралдар қолданылады.
Get Material (Материалды алу) – дайын немесе жаңа материалды алуға мүмкіндік береді;
Put Material to Scene (Материалды сахнаға орналастыру) – сахна құрамында материалды жаңартуға мүмкіндік береді;
Assign Material to Selection (бөліске материалды тағайындау) – сахнаның барлық белгіленген объекттеріне активті мысал ұяшығынан материалды тағайындауға мүмкіндік береді;
Reset Map/ Mtl to Default Settings (Шығыс материалды орнату/текстура картасы) – бастапқыда қолданылатын активті мысал ұяшығынан материалға шығыс мәндерін қайтарады;
Make Material Copy (материалды көшіру) – «ыстық» материалдан көшірме алуға мүмкіндік береді;
Put to Library (кітапханаға орналастыру) – активті мысал ұяшығынан материалды материалдар кітапханасына орналастыруға мүмкіндік береді;
Material Effects Channel (Монтаж әсерінің каналы) – материалды 16 графикалық әсер каналдарының бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді;
Show Map in Viewport (проекция терезесінде текстураны көрсету) – визуализация кезінде проекция терезесінде объект бетінде материалдың растрлы структурасы қалай көрінетінін көруге мүмкіндік береді;
Show End Result (қорытынды нәтижені көрсету) – комбинирленген материалдың қорытынды түрінің режимін қосады;
Make Preview (эскиз құру) – реалды масштаб уақытында мысал ұяшығында материалдың анимациясының эскизін көруге мүмкіндік береді;
Background (Фон) – бастапқыда қара болатын мысал ұяшығының фонын өзгертуге мүмкіндік береді;
Backlight (артқы жарық) – артқы жарықты беретін материал мысалы артынан қосымша жарық қорын орналастырады;
Ыстық және суық материалдар. Сахна объектісіне арналған материал «ыстық» деп саналып, оның ұяшығының бұрыштарында ақ үшбұрыштар пайда болады. Ыстық материалды өзгерту автоматты түрде сахна объектісінде көрінеді. «Ыстық» материалды өзгертуге қарағанда «суық» материалды өзгерту сахнаның сыртқы көрінісіне еш әсерін тигізбейді.
Материалдарды беру және жою. Объектке материал беру үшін қажет:

Материалды көшіру әдісі жекелеген материалды беруге арналған.
Объекттер тобына материалды беру үшін, осы объекттерді белгілеп Assign Material to Selection (Белгіленгендерге материал беру) батырмасына тышқанның сол жақ батырмасымен басу керек.
Аталған объектке материалды беруді жою үшін қажет:

  • Material/ Map Browser (Материалды көру мен текстура картасы) диалог терезесін шақырып, Get Material (материалды алу) батырмасына тышқанның сол жақ батырмасымен шерту;

  • Material/ Map Browser (Материалды көру мен текстура картасы) терезесіне шертіп, None (жоқ) жолында, тышқан батырмасын жіберіп оны кез келген терезе проекциясына апарып және қажетті объектке қою.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет