2. Кәсіби науқастануды зерттеу.
Өндірісте өрбір көсіби науқастану мен улану зерттеледі. Жергілікті дәрігер 24 сағаттың ішінде адамның уланғандығы яки науқастанғандығы жайлы санитарлық пидемиологиялық станцияға хабарлауы тиіс. Санэпидстанция дәрігері мекеменің өкімшілігімен жөне кәсіподақ үйымымен бірге отырып зерттеу жасайды және №164 нысандағы акт толтырады.
БТ нысаны
Тұрмыста, жұмысқа барар жолда немесе жұмыстан
қайтар жолда болған қайғылы оқиғаны зерттеудің
актісі
1. Зақымданушының аты-жөні______________________
2. Жүмыс орны (цех)________________________________
3. Қызметі (көсібі)__________________________________
4. Қайғылы оқиға 20____жылдың_______________айының_____ __ күні сағат__________________ болды
5. Қайғылы оқиғаның себептері мен жайының түсініктемесі (сондай-ақ, қосымша көрсеткіштердің көзін баяндау: емдеу мекемесінің анықтамасы, полицей жөне басқа органдардыңанықтамалары, куөлардың көрсетулері; оқиға қай жерде болды, жарақат алған кезде зақымданушы мас па еді, т.с.с.)
6. Қандай емдеу мекемесінде (мекен-жайы) жөне қашан (күні, уақыты) алғашқы дөрігерлік жәрдем көрсетілді
7. Зақымданудың түрі
8. Қайғылы оқиғаны кім және қашан зерттеу жүргізді
Зерттеу жүргізушілердің қолы:
Күні, айы, жылы:
Бұл акт негізгі заңды құжат болып есептелді
Жасалынған актіге сәйкес жәбірленушінің емдеу парағына ақы төлеу, оның алған зиянын мекеменің өтеуі,қажет болған жағдайда зейнетаңының мөлшері белгіленеді. №164 актіге еөйкес, аудандық немесе қалалық СЭС тоқсан сайын №43 есеп жасайды. 1970 жылдан бас тап есепке қосымша екі тарау қосылады, олар: уланған және науқастанған топтағы адамдардың саны және улануы мен науқастанудың салдарынан зақымданған адамдардың саны.
Өндірісте болған қайғылы оқиғаларды зерттеудің қүжаттары жарақаттанудың себептерін талдауға және оның негізінде қайғылы оқиғалардың себептерін жоюға бағытталған шараларды жасауға мүмкіндік береді. Өндірістегі қайғылы оқиғалардың алдын алудың шаралары.
Өндірістегі қайғылы оқиғалар мен көсіби науқастанумен күресудің шаралары техникалық, санитарлық - гигиеналық және үйымдастыру шараларынан тұрады.
Техникалық шаралар өндірістік үдерістерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. Ескірген өндіріс жабдықтарын адамның жарақаттануын болдырмайтын жаңа жабдықтармен алмастырудың, механизмдердің қозғалыстағы белшектерін және электр тогы жүретін ашық желілерді қоршап қоюдың маңызы зор. Сақтандырғыш қүралдарды пайдалануда адамдардың жарақаттануын болдырмаудың алғышарты болады.
Атап айтқанда жүк көтеретін крандардың, лифтілердің жүк көтеру биіктігін шектейтін ажыратқыштар, металл жонатын станоктардың суппортының қозғалу шегін
шектейтін ажыратқыштар, электрлік қондырғылардың балқығыш сақтандырғыштары мен автоматты ажыратқыштары, қысыммен жүмыс істейтін ыдыстар мен құбырлардың жарылуына жол бермейтін мембраналар мен клапандар өндірісте қайғылы оқиғалардың алдын алудың тиімді жолдары болып табылады.
Машиналар мен аппараттарды қашықтан басқару, өндіріс үдерістерін реттеуді автоматтандыру, жабдықтарды мерзімді сынақтан өткізіп түру, қайғылы оқиғалардың алдын алу шараларына жатады. Санитарлық-гигиеналық шараларға төмендегідей жүмыстар жатады:
1) бөлмені және жүмыс орындарын үтымды жарықтандыру;
2) өндірістік бөлмелердің қажетті микроклиматы қамтамасыз ету;
3) жабдықтардың дірілі мен қатты дыбыс шығаруын бөсеңдету;
4) адам ағзасына зиян келтіретін заттарды алмастыру;
5) сумен тиімді жабдықтау жөне канализаңияның жүмысын бақылауға алу;
6) жүмыс орнының жөне бөлменің тазалығын қамтамасыз ету.
Ұйымдастыру шаралары төмендегідей жүмыстарды қамтиды:
1) еңбек заңдылықтары мен еңбек қорғаудың ережелерін бүлжытпай орындау;
2) өндірістік жабдықтардың жоспарлы-ескерту жөндеулерін дер кезінде жүргізу;
3) еңбек қорғау шараларының кәсіпорындық және бөлімшелік байқауларын үйымдастыру;
4) еңбекшілерге еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасы жайлы нүсқаулар беріп түру және оқыту;
5) еңбек қорғаудың кабинетін немесе бүрышын үйымдастырып, онда лекңиялар оқуды, кинофильмдер көрсетуді үйымдастыру;
6) көрнекі үгітпен насихаттау, еңбек қауіпсіздігі жайлы белгілер мен плакаттар ілу;
7) әрбір жүмысшыдан оның ішкі өндірістік тәртіпті сақтауын, жүмыс орнының таза болуын жөне олардың жеке гигиенасын сақтауын талап ету.
Достарыңызбен бөлісу: |