Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны



бет36/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

Назар аудару, зер салу - еңбек қауіпсіздігінің басты кепілі. Ол кезде адам басқа еш нәрсе ойламай, тек қана назары қолындағы затқа түседі. Мысалы, жүргізуші машина айдағанда жолға ғана қарап отырады. Адамның бір затқа қызығып, еріксіз назар аударуы мүмкін. Мұндай жаңғалақтықтың әсерінен адам жарақат алып қалуы мүмкін.
Есте сақтау, жадында сақтау - адамның бұрын көрген, естіген, қабылдаған сезімдерінің белгі беруі. Әр адамның есте сақтау қабілеті әр түрлі болады және ол адамның зерделілігіне, сол құбылысқа назар аударуына байланысты.
Ойлау - құбылыстың қасиеттерін және олардың өзара байланысын анықтау мақсатында есте сақталған жайларды пайдалану арқылы атқарылатын адам бойындағы жоғары психологиялық үдеріс. Мәселен, автомобиль жүргізушісін трактор айдауға отырғызғанда, ол ойланып, жылдамдықты дұрыс таба білуі қажет. Әйтпесе апатқа ұшырауы мүмкін.
Әсерлену, қызығу - адамның затқа қатынасын білдіреді. Оның пайдасы да, зияны да бар. Сондықтан барлық жағдайда адам өзін-өзі игере білуі қажет.
Жұмысқа қабілеттілік, іскерлік - адамның өз жұмысын мерзімінде сапалы орындау қабілеті. Ол адамның денсаулығына, машықтануына, еңбек пен демалыс режимін дұрыс пайдалануына байланысты.
Шаршағыштық - адамның қабілетінің төмендеуі. Ол кезде адамның есте сақтау қабілеті нашарлап, зерделілігі төмендейді, қауіпті жағдайды алдын ала сезбейді.Ондай адамдарға демалыс беріледі, жұмысқа қосуға болмайды.
Осы айтылғандарға қоса адамның қауіпсіз жұмыс жасауына бүкіл ұжымның еңбек қорғау ережелерін сақтауының үлкен маңызы бар.
Еңбек қауіпсіздігіне дұрыс көңіл бөлінген кәсіпорындарда қайғылы оқиғалар сирек кездеседі.Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді шаралары жоғарыда айтылған факторларды зерттеп, талдай отырып жасалады.
Мысалы, тракторларды және басқа өздігінен жүретін, ауылшаруашылық машиналарын жүргізуге жасы 17-ден асқан, тиісті қүжаты бар және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алған адамдар жіберіледі. Ал жай ауылшаруашылық машиналарында жүмыс істеуге 16 жастан рұқсат етіледі. Бірақ олар машинаның құрылысын, оған күтім жасауды және қауіпсіздік техникасын білуі тиіс.
Машиналарда жұмыс істеуге ішімдік ішкен адам жіберілмейді. Автомобильді жүргізуге жасы толған, тиісті куәлігі бар адамдар жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет