Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Қауіпті аймақтар және машиналар мен механизмдерге қойылатын талаптар



бет37/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

4.4. Қауіпті аймақтар және машиналар мен механизмдерге қойылатын талаптар

Қауіпті аймақтар деп жұмыс орнындағы адамның жарақат алуына ыңғайлы жерлерді айтамыз. Мысалы: машиналардың қозғалыстағы бөлшектері, ток жүріп тұрған ашық электр сымдары, жүк көтергіш крандар жұмыс істейтін жерлер, тіпті мал шаруашылығында - күтімдегі малдар.


Қауіпті аймақтарда адамдардың жарақат алуын болдырмау үшін:
1. Жұмысшыны ол жерге барғызбау керек; ол үшін қауіпті аймақты қоршау және қашықтан басқаруды ұйымдастыру қажет;
2. Машиналар мен механизмдерді жарақты күйде ұстау қажет;
3. Жұмысшының ол жерде қатаң тәртіп сақтауы қажет. Ол үшін жұмысқа рұқсат етудің белгіленген талаптары орындалуы керек, жүмысшыларды қауіпсіздік техникасына оқыту керек, жүмыс орнында ескерту плакаттарын, қауіпсіздік белгілерін іліп, жарық және дыбыс белгілерін пайдалану қажет. Мысалы, машинаны жүргізер алдында белгі берілуі тиіс.
Ауыл шаруашылығындағы техникаларда қауіпсіз жүмыс жасау, ең алдымен, олардың барлық агрегаттарының жарақты болуына байланысты. Сондықтан тракторларға төмендегідей талаптар қойылады:
- тракторлар толық жиынтықты және жарақты болуы тиіс;
- тракторда қажетті құралдар мен жабдықтар, су кұятын термос, дөрі салынған қорап болуы қажет;
- трактор ұшқын сөндіргішпен, от сөндіргішпен, темір күрекпен қамтамасыз етілуі тиіс.
4.5. Электр және қопарылыс қауіпсіздігі

Адамның ағзасына электр тогының әсері әр түрлі болуы мүмкін. Атап айтқанда, токтың әсерінен адам денесіндегі ұлпалардың жыртылуы, дененің күюі, қанның ұюы, жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы, сол арқылы жүректің, өкпенің және кейбір бұлшық еттердің жұмыстары тоқтауы мүмкін.


Электр тогының адамға әсерін, негізінен, екі түрге бөледі:
- электр жарақаты (дененің кейбір жерлері);
- электр соққысы (жүрек пен өкпенің жүмысының бірдей тоқтауы).
Көп жылғы зерттеудің қорытындысы бойынша, жиілігі 50 герц, күші 0,1 ампер ток 3 секунд ішінде адамның жүрегін тоқтатады. Адам 0,02 ампер токта есінен айырылып, өзін-өзі игере алмайды. 0,01 ампер ток қауіпсіз деп есептеледі, өйткені бүл кезде адам токтан қолын өзі ажыратып әкете алады.
Токтың адамға әсері оның жанасу уақытына да байланысты.
Тіпті токтың адам денесімен жүру бағыты да шешуші рөл атқарады. Өйткені, жүрек арқылы өткен ток өте қауіпті болады, сондай-ақ жүйке жүйесіне токтың әсер етуі де өлімге душар етеді. Мысалы, жүйке жүйесіне әсер еткен 0,08 ампер токтың өзі адам өлтірген.
Электр тогының малға әсері де адамға жасайтын әсерімен бірдей.
Енді электр тогынан қорғану жолдары қандай?
1. Электр қондырғыларында жұмыс істеуге тек қана куәлігі бар, аттестациядан өткен адамдарға рұқсат етіледі және олар инструктаждан өтуі тиіс;
2. Токпен жүмыс жасайтын адамдардың денесі, киімі, құралдары қүрғақ болуы тиіс;
3. Токпен жұмыс істегенде қорғану құралдарын пайдалану қажет. Олар; изоляцияланған тұтқалар мен қүралдар, ток өткізбейтін резеңке қолғаптар мен кебістер, уақытша қоршаулар, электр тогын жерге тұйықтағыштар, нөлдік сымға тұйықтау, көзәйнектер, монтердің белдіктері, т.с.с.
4. Электр қондырғылары орнатылған жерлерге түрлі плакаттар мен жазулар ілінуі қажет. («өмірге қауіпті!», «кіруге болмайды!», «кернеумен жүмыс істеп түр!»,т.с.с.); |
Жұмыс барысында электрлік қондырғылардың ток жүретін жерлерінің сыртқы оқшаулағыш қаптамалары| зақымдануы мүмкін. Соның әсерінен электрқозғалтқыштың қорабы, станоктар мен стендтердің қораптары, т.б. тораптардың қораптары электр тогына тұйықталып электрлік кернеуде болады. Егер ол қораптарға адам жанасса, онда оны ток ұрады, тіпті өлтіріп жіберуі мүмкін.Сондықтан электр қондырғыларының металдан жасал-ған ток жүрмейтін бөлшектері жерге тұйықталуы тиіс.Сонда ғана оған жанасқан адамға әсер ететін электр тогының күші қауіпсіз деңгейге дейін төмендейді.
Нөлдік сымға тұйықталған желілерде зақымдалған фазаның сымы нөлге тұйықталған қорапқа жанасқан кезде сол фазада қысқа тұйықталу үдерісі болады да, тез
балқитын сақтандырғышты күйдіріп немесе ажыратқыш автоматқа әсер етуі арқылы апат болуы мүмкін учаскені тізбектен ажыратады. Бұл үдеріс тез атқарылуы үшін қысқа тұйықталу тогының күші жоғары болуы тиіс.



Электр тогының соққысынан қорғану құралдары оларды пайдалану түрлеріне қарай үжымдық және жеке құралдар болып бөлінеді; ал атқаратын қызметтеріне қарай оқшаулағыш, қорғағыш және қосымша қүралдарға бөлінеді. Оқшаулағыш қүралдарға әр түрлі штангалар, айырғыш қысқыштар, кернеу көрсеткіштері, ток өткізбейтін қолғаптар, резеңке төсеніштер, кеуіштер,оқшаулағыш аспаптар, т.б. жатады. Қорғағыш қүралдарға әр түрлі тосқауылдар, торлар, қалқандар, көшпелі жерге тқйықтағыштар, т.б. жатады. Қосымша құралдарға сақтандырғыш белдіктер, жезтырнақтар, сатылар,қорғағыш кһзілдіріктер, противогаздар, т.б. жатады.


Электр тогының соққысынан қорғағыш құралдарды пайдалану жөне сақтау белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Әрбір құралдың инвентарлық нөмірі болуы
және олар қоргану құралдарын есепке алудың журналына тіркелуі тиіс. Қорғану құралдары белгіленген нормаға сөйкес мерзімді байқаудан өткізіледі. Пайдалану мерзімі біткен немесе жарамсыз қорғану құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Электрлік мүмкіндікті теңестіру ауылшаруашылық малдарының электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолданылады. Ол үшін малдың алдыңғы және артқы аяқтарының астындағы бетонға диаметрі 6-8 мм сым салынып, жерге тұйықтағышқа жалғанады.
Статикалық электр қуаты диэлектрлік қатты, сүйық және газ күйіндегі заттардың өзара үйкелісінен пайда болады. Автоцистерналармен жанар-жағармай тасымалдағанда немесе оларды құбырлармен айдағанда, тегершік пен (шкив) қайыс белдіктің арасындағы үйкелісте, дәнді немесе сабанды турағанда олардың үйкелісінен пайда болатын зарядтар қопарылысқа, өртке, тіпті адамдардың жарақат алуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Статикалық электр қуатынан қорғанудың негізгі жолы - ол заттардың үйкелу жылдамдығын бәсеңдету, жерге тұйықтау арқылы зарядты жерге жіберу. Мысалы, резеңке доңғалақтары бар жанармай тасымалдайтын машиналарға металл, шынжыр тағылады және кем дегенде, шынжырдың бес тізбесі жерге тиіп жүруі тиіс. Жауын кезінде найзағайдың соққысы да өмірде кездесіп түрады. Найзағайдың қауіптілігі сонда, оның соққысы тек қана жылу мен механикалық әсер жасап қоймайды, оған қоса оның электрмагниттік әсері бар. Демек, найзағай денеге тікелей соққы жасауы да мүмкін және басқа бір ток өткізетін заттар арқылы да денеге әсер етуі мүмкін. Оның кернеуі, әдетте, ондаған мың вольт болады.
Бұл адамға қауіптілігімен қатар, өрт шығаруы, қопарылыс туғызуы мүмкін. Найзағай көбіне биік ғимараттарға, ағаштарға, электр, радио, телефон желілеріне соғады.
Сондықтан одан қорғану үшін жайтартқыш, найзағайдан қорғағыш қондырғыларын орнату керек.
Сонда найзағай биік және жерге тұйықталған ғимараттар мен заттарға түсетін болады.
Найзағай кезінде далалық жерлерде жұмыс істеп жүрген адамдар жүгірмей, бір орнында отыруы, тіпті жерге жатуы дұрыс болады. Электр желілерінің, жайтартқыштардың, жеке өсіп тұрған ағаштардың жанындағы ашық әрі биік жерлерде тұру да қауіпті. Найзағай кезінде су ағып жатқан арықтардың бойында, темір-



9-сурет. Жайтартқыш:


1. Найзагай қабылдағыш;
2. Сым;
3. Жерге тұйықтағыш

жолдың жанында, жайтартқыш орнатылмаған оқшау үйлерде болмаған жөн. Үйдің ішінде электр сымдарынан, радио, телефон желілерінен алыс отыру қажет. Найзағай кезінде телевизор антеннасын жерге қосып, есік-терезені, форточканы жабу керек. Осының бәрі найзағайдың соққысы болу мүмкіндігін азайтады.




Қопарылысқа қауіпті аймақ
Тез тұтанатын сұйықтардан бөлініп шығатын газдар мен булардың көлемі бөлменің ішкі көлемінің 5 пайызын алып тұратын болса, онда технологиялық аппараттан тік және көлденең бағытта 5 метрге дейінгі кеңістік қопарылысқа қауіпті аймақ деп есептеледі. Сыртқы қондырғылардың қопарылысқа қауіпті аймағы оның класына байланысты өлшемдерімен шектеледі. Мысалы,жұмыстың қалыпты режимінде ауамен араласып қопарылыс қаупін тудыратын газ немесе бу бөліп шығаратын, тез тұтанатын сұйықтар сақталатын бөлмелердің класс В-1 аймағы; қопарылыс қаупін тудырмайтын класс В-1а-аймағы; апаттың немесе ақаулықтың әсерінен қопарылыс қаупін тудыратын класс В-1б-аймағы; жанатын газдар немесе тез тұтанатын сұйықтар сақталатын сыртқы қондырғылардың класс В-Іг-кеңістігі; ауада ұшып жүретін жанғыш шаң мен талшықтар бөліп шығаратын бөлмедегі класс В-11 аймағы; қопарылыс қаупін тудырмайтын шаңдар мен талшықтар бөліп шығаратын бөлмедегі класс В-ІІа-аймағы. Электр жабдықтары қопарылыстан сақталу мүмкіндігіне қарай үш топқа бөлінеді: қопарылысқа қарсы сенімділігі жоғары жабдықтар, қопарылысқа қауіпсіз жабдықтар, қопарылысқа қауіпсіздігі ерекше жоғары жабдықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет