Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Мал азығын дайындаудағы қауіпсіздік



бет42/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

4.10. Мал азығын дайындаудағы қауіпсіздік
шаралары
Табиғи шөп дайындайтын машиналарда жұмыс жасауға сол жерде инструктаж алған адамдар қатыстырылады. Олар жұмысты бас киімін киіп, киімінің ілгегін салып жасауы тиіс. Айналып тұрған бөлшектердің жанында киімдерін шешіп немесе киіп қимылдауға, қолғаптарын немесе құрал-саймандарын жұмысшы мүшелерінің үстіне қоюға жөне киімінің қалтасына үшкір аспаптарды салуға тыйым салынады.
Түнгі жұмыстардың алдында агрегаттың жарық беру нүктелері тексеріліп, олардың жұмысшы органдарына жеткілікті жарық түсірілуі тиіс.
Тракторды жүргізуді басқа адамға беруге болмайды, сондай-ақ ол жұмысқа қатысы жоқ адамды келтіруге тыйым салынады. Агрегаттың қозғалысы кезінде адам тракторға мініп немесе түсіп жүруіне, шөмелелерде демалып ұйықтауға болмайды. Демалыс орны шабындықтан тыс жерде белгіленіп қойылуы тиіс.
Жұмыс алдында трактордың ауылшаруашылық машиналарымен жалғанған жерлерінің мықтылығы, карданды берілістері мен белгі беру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі. Шөп шабатын және оны престейтін машиналардың жұмысшы мүшелерін жұмыс үстінде қолмен тазартуға тыйым салынады. Трактордың гидрошлангаларының бекітілуі, тежегіш таспалардың сенімділігі тексеріледі.
Пішен маялағышпен көтеретін шөптің салмағы нормадағыдан аспауы тиіс. Шөпті жинағанда көзілдірік пен қолғап киюі қажет. Шөмеле тасығыш аспапты көтеріп қойып, электр желілерінен өтуге болмайды. Шөп тиелген агрегаттың жүру жылдамдығы тегіс жерде 11 км/сағат, ал бір қапталына еңкіш жерлерде 5 км/сағаттан аспауы тиіс.
Пішендеме мен сүрлем салу жұмысы мекеме басшысының бұйрығымен қатысты мамандардың біреуіне жүктеледі. Траншеяны (көмбені) таптауға I немесе II класты трактор жүргізушілері шынжыр табанды тракторлармен пайдаланылады.
Шөп тиеген кезде машинаның шанағының ернеуінде немесе тіркемелі арбада адам болмауы керек.
Сүрлем салынып болғаннан кейін көпке дейін көмірқышқыл газы бөлініп шығады. Сондықтан оны әрбір ашқан сайын бір сағаттан желдетіп алып барып жакындау қажет.
Табиғи шөпті химиялық жолмен өңдеу басқа әдістерге қарағанда тиімді болады және оны мал жақсы жейді, жүғымды болады. Қазіргі кезде фермаларда мал азығы кальцилендіру және ашыту, содалармен, мочевинамен өңдеу жүмыстары жүргізіледі.
Бүл қоспаларды дұрыс пайдаланбаса, ол малды да, адамды да улауы мүмкін. Сондықтан оларды сақтағанда, пайдаланғанда қауіпсіздік талаптары қатаң орындлуы тиіс.
Атап айтқанда, сақтайтын қоймалар құрғақ, арнайы жабдықталған, кемінде бес күндік қор сақтауға мүмкіндігі болуы тиіс, ал бөлмелердің есіктері құлыпталы қойылуы тиіс. Әсіресе, аммиак суы жабық ыдыстарда жан-жағы қоршалған аулаларда сақталады. Өйткені олар тез ұшып кетеді, ауаны ластайды. Ыдыстан аққан аммиак суын тоқтатарда противогаз киіп жұмыс істеу қажет. Олармен шөпті мал қорасының ішінде өңдеуге болмайды, адамдар кезәйнек киіп, жел жақта тұрып жұмыс істеуі тиіс.
Аммиак суы ауамен қосылғанда ыстық жерде қопарылуы мүмкін. Сондықтан оның жанында от жағуға шылым шегуге тыйым салынады. Бұл жүмыстарға жасы 18-ге толған, арнайы инструктаждан және дәрігерлік байқаудан өткен адамдар ғана жіберіледі және бұл жұмыстарды мал дәрігерлері немесе зооинженерлер басқаруы тиіс. Ол адамдар арнайы киімдермен, қорғану құралдарымен, дәрі қораптарымен қамтамасыз етілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет