Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Ауыл шаруашылығында еңбек жағдайының



бет39/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

4.7. Ауыл шаруашылығында еңбек жағдайының
ерекшеліктері

Ауыл шаруашылығындағы еңбек жағдайы өнеркәсіп пен құрылыстағыдан гөрі көп өзгеше. Мәселен, егін және мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың аумағы үлкен. Демек, жүмысшылар мен машиналардың алыс жерлерге баруына тура келеді. Сон- дай-ақ, бір адам әр түрлі жұмыстарды атқаруы мүмкін. Олар ашық ауа астында, ауа райының және жолдың түрлі жағдайларында жұмыс істейді.


Әр түрлі жұмыстарды атқару үшін түрлі-түрлі машиналар мен механизмдер пайдаланылады, машиналар мен тракторлар көбіне жолсыз, далалық жерлерде жұмыс
істесе, кейде механизаторлардың жеке-жеке учаскелерде жұмыс істеуіне тура келеді.
Жыл маусымының өзгеруіне байланысты жұмыстың бүкіл технологиялық үдерістері де өзгеріп түрады. Сондықтан адамдар бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысты-
рылып отырады. Қысқасы, ауыл шаруашылығында еңбек жағдайының елеулі ерекшеліктері бар.
Осындай жағдайларда басшылар мен мамандардың еңбек қорғау шараларын сөл әлсіретуінің өзі адамдардың жарақат алуы мен науқастануына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан жүмысшыларды әр түрлі жұмысқа пайдаланғанда еңбек қорғау заңдылықтарының ережелері қатаң сақталуы тиіс.
Айталық, автомобильдердің, тракторлар мен комбайндардың жүргізушілерінің көздері жақсы көретін, құлақтары жақсы еститін, жүйке жүйелері сау адамдар болуы шарт. Олардың жұмыс істеуге кедергі жасайтындай дене кемшіліктері болмауы тиіс.
Сол себепті жұмысқа қабылданарда олар міндетті түрде дөрігерлік байқаудан өткізіледі.
Ауыл шаруашылығының өр түрлі жұмыстарына адамдарды пайдалануда олардың жасы, жынысы, денсаулығы, кәсіби шеберлігі, мамандығы, жұмыс өтілі, дәл сол кездегі ахуалы ескеріледі. Мәселен, жұмысқа науқастанып тұрған шаршаған немесе мас адамдарды пайдалануға болмайды.
Жұмыстың техникасы мен технологиясын және қауіпсіздік техникасы ережелерін білмейтін адамдарды жұмсауға тыйым салынады. Ауыр жұмыстар мен еңбек жағдайы денсаулыққа зиянды жұмыстарға әйелдер мен жасөспірімдерді пайдалануға болмайды.
Сондай-ақ, улы химикаттармен жұмыс істеуге, электр жабдықтарында, жылу жүйелерінде жұмыс жасауға, техниканы жүргізуге тек қана арнайы дайындығы бар сол мамандықтың куәлігін алған адамдар ғана қабылданады. Тіпті, сүрлем, пішендеме салуға І-ІІ класты трактор жүргізушілері пайдаланылуы тиіс.
Жұмысқа қабылданатын адамдар қауіпсіздік техникасының нұсқауын алуы шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет