Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Мышьяктың қышқыл тұздарының қасиеттері



бет28/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

4. Мышьяктың қышқыл тұздарының қасиеттері. а) Зә-тәжірибесінде алынған натрий тетрагидроксоарсенатының (III) ерітіндісіне тұнба түзілгенше күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар, тұнбаның түсін, түрін байқаңдар. Реакция теңдеуін молекулалық-иондық түрде жазыңдар.
ә) 3-тәжірибеде алынған натрий тетрагидроксоарсенатының (III) 2-3 мл ерітіндісіне йод суын қосыңдар. Ерітіндінің түсінің өзгеруін байқаңдар.
5. Мышьяк қышқылын және оның тұздарын алу. Олардың қасиеттері.
(Тәжірибені тартпа шкафта жүргізу керек). Фарфор табақшаға шамамен 0,5г мышьяк оксидін салып, оған 5 мл концентрлі азот қышқылын қосыңдар. Қоспаны реакция аяқталғанша қыздырыңдар (не бөлінеді?). Сонан соң ерітіндіні кұрғағанша (неге?) кыздырыңдар. Алынған өнімді суда ерітіп, лакмус қағазымен сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Күміс нитратының ерітіндісін пайдаланып, ерітіндіде және иондарының бар екенін қалай білуге болады?
Сурьма
6. Сурьма алу. Шамалы сурьма (III) сульфидін натрий карбонатымен араластырыңдар. Көмір кесегін шұңқырлап ішіне дайындалған қоспаны салыңдар. Қысқышпен көмірді алып, оны жанып тұрған жалынға ұстап тотықсыздандырғыш жалынымен қыздырыңдар. Реакцияда қандай өнімдер түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
7. Сурьманың концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесуі. (тартпа шкафта жасау керек). Сынауыққа аздап сурьманың ұсақ кристалдарын салып, оған концентрлі күкірт қышқылын қосыңдар. Сынауықты штативке тік бекітіп қондырыңдар. Реакция нәтижесінде қандай газ бөлінеді? Ерітіндіде қандай өнімдер қалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
8. Сурьма гидроксидін алу және оның қасиеттері. а) Сурьма (III) гидроксидін алу үшін натрий гидроксидінің аз мөлшерін қосады (сілтінің артық мөлшерін қоспау керек). Тұнбаның түрін және түсін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Алынған тұнбаны екі сынауыққа бөліңдер. Біреуіне тұз қышқылының, екіншісіне натрий гидроксидінің ерітінділерін қосыңдар. Түзілген натрий тетрагидроксостибатын 9-тәжірибеге қалдырыңдар. Сурьма (III) гидроксиді туралы қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін молекулалық-иондық түрде жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет