5. Мыс (II) оксидін сутегімен тотықсыздандыру. Шамалы мыс (II) оксиді бар құрғақ сынауықты түп жағынан көтеріңкі етіп штативке бекітіңдер. Кипп аппаратынан бөлінген сутегінің тазалығын тексеріп, мыс (II) оксиді бар сынауыққа жіберіңдер, қыздырыңдар (58-сурет). Қандай өзгеріс байқалады? Мыс (II) оксидінің түсі қалай өзгереді? Сынауықтың қабырғасында су тамшылары бөлінетінін байқаңдар. Реакция біткеннен кейін қыздыруды тоқтатып, сынауықтағы заттарды сутегін жібере отырып суытыңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер, реакция теңдеулерін жазыңдар.
6. Атом күйіндегі сутегімен (бөліну кезіндегі сутегі) калий перманганатын тотықсыздандыру. Калий перманганаты ерітіндісінің 2-3 тамшысын сұйытылған күкірт кышқылының ерітіндісіне қосыңдар, қоспаны екіге бөліңдер. Біріншісіне - мырыш түйірін салыңдар, екіншісіне - Кипп аппаратынан сутегін жіберіңдер. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Түсіндіріңдер.
Реакция теңдеуі:
Хлор және хлорсутегі
Бақылау сұрақтары
1. Хлор атомының электрондық формуласын және электрондардың атомдық орбитальдарды орналаусын жазыңдар.
2. Хлор молекуласындағы хлор атомдарының тотығу дәрежесін, коваленттілігін және байланыс типін көрсетіңдер.
3. Қосылыстарда хлор атомы қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді? Қосылыстарға мысал келтір.
4. Сульфаттық әдіс бойынша хлорсутегін алуда неге қатты хлоридтерді және концентрлі күкірт қышқылын пайдаланады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
5. Фтор мен хлордың молекула құрылысы мен сутекті қосылыстарының қасиеттерін салыстырыңдар. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
6. Концентрлі тұз қышқылының тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.
№2 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер.
Аспаптар мен реактивтер: хлорды алуға арналған құрал, үш стақан (200, 500мл), бөлгіш воронка, сынауықтар, бес банка, темір қасықша, кристаллизатор, Вюрц колбасы; концентрлі және , мыс сымы, темір, сурьма ұнтақтары, қызыл фосфор, скипидар ( ), мырыш түйірі, кальций оксиді, кальций карбонаты; ерітінділер: күміс нитраты, индиго, фуксин, сия, күкіртсутегі, хром (ІІІ) сульфаты, лакмус.
Достарыңызбен бөлісу: |