Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Кобальт (III) гидроксидін алу және оның қасиеттері



бет71/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

17. Кобальт (III) гидроксидін алу және оның қасиеттері. (жұмысты тартпа шкафта жасау керек!). а) 1-2 мл кобальт (ІІ) хлориді ерітіндісіне 4-5 мл бром суын қосып, содан кейін натрий гидроксиді ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Алынған тұнбадан мүмкіндігінше сұйықтықты бөліп алып, тұнбаға концентрлі тұз қышқылы ерітіндісін құйып қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияда кобальт (ІІІ) гидроксиді қандай қасиет көрсетеді? Алынған ерітіндіге су құйыңдар. Ерітіндінің түсінің өзгеруін түсіндіріңдер.
18. Кобальттың комплексті қосылыстарын алу. а) Кобальт аммиакатын алу. Кобальт (ІІ) хлориді ерітіндісіне аммоний хлориді ерітіндісін және артық мөлшерде алынған аммиак ерітіндісін қосыңдар, түзілген кобальт аммиакатының түсіне көңіл бөліңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Ауада ерітіндінің түсінің біртіндеп өзгеруін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Калий (ІП) гексанитриткобальтатын алу. Кобальт (ІІ) хлориді ерітіндісіне артық мөлшерде калий ниритін, содан соң аздаған сірке қышқылын қосып қыздырыңдар. Газ бөлінгені байқалады (қандай газ?) және тұнба түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңдар. Реакцияда калий нитриті қандай қасиет көрсетеді?
19. Никель (II) гидроксидін алу және қасиеті. Никель (II) гидроксидін алыңдар. Оның қасиетіне және түсіне көңіл бөліңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Сұйытылған қышқылға және артық мөлшерде алынған сілтіге тұнбаның қатынасын сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Никель (II) гидроксиді қандай қасиет көрсетеді?
20. Никель (III) гидроксидін алу және оның қасиеті. (жұмысты тарпа шкафта жүргізу керек!) а) 1-2 мл никель (ІІ) хлориді ерітіндісіне 4-5 мл бром суын, содан соң натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Алынған тұнбадан мүмкіндігінше сұйықтықты бөліп алып, тұнбаға концентрлі тұз қышқылын қосыңдар, оны қыздырыңдар, қандай газ бөлінеді? Осы реакцияларда никель (III) гидроксиді қандай қасиет көрсетеді?
21. Никель (II) аммиакатын алу. Никель (II) сульфаты ерітіндісіне алғашында түзілген никель (II) гидроксосульфаты ерігенге дейін аммиак ерітіндісін қосыңдар. Алынған никель (II) аммиакаты ерітіндісінің түсіне көңіл бөліңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет