Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Марганец (II) тұздарының қасиеттері



бет65/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

2. Марганец (II) тұздарының қасиеттері. а) Марганец (ІІ) тұзының ерітіндісіне аммоний сульфидінің ерітіндісін құйыңдар. Қандай зат тұнбаға түседі? Түсі қандай? Тұнбаны ауада қыздырса, не байқалады. Өзгеру себебін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Сынауыққа аздап қорғасын (IV) оксидін немесе сурик Рb3О4 салып 2-3 мл конц. азот қышқылы және 1-2 тамшы марганец (ІІ) сульфатын құйыңдар, қоспаны қайнатыңдар. Біраз уакыт тұрғаннан кейін ерітіндінің түсі өзгереді. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакция аналитикалық химияда марганец (ІІ) тұздарын анықтаудың сапалық реакциясы ретінде қолданылады. а) және ә) тәжірибелерінде марганец (ІІ) тұздары қандай қасиет көрсетеді?
3. Марганец (IV) оксидінің күкірт қышқылымен әрекеттесуі. Марганец (IV) оксиді түйіршіктеріне аздап концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар. Сынауықты газ бөлінгенше ақырын қыздырыңдар. Қандай газ бөлінетіндігін дәлелдеңдер. Бұл реакцияларда марганец (IV) оксиді қандай қасиет көрсетеді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
4. Калий манганатын алу. Сынауыққа бертолле тұзын салып, оған калий гидроксиді мен марганец (IV) оксидінің бірнеше түйірін қосып балқытыңдар. Алынған балқыманың түсі қандай? Суығаннан соң оны суда ерітіңдер. Ерітіндіге қай ион түс береді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакцияда марганец (IV) оксиді қандай қасиет көрсетеді? Калий гидроксидінің ролі қандай?
5. Марганец (IV) қосылыстарының қасиеттері. а) Марганец қышқылының түзілуі және ыдырауы. Калий манганатына (4-тәжірибеде алынған) сұйытылған сірке қышқылын құйыңдар. Ерітіндінің түсі өзгеріп, тұнба түзіледі. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Калий манганатының тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеті. 4-тәжірибеде алынған ерітіндінің бір бөлігіне түсі өзгергенше хлор суын құйыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
4-тәжірибеде алынған ерітіндінің екінші бір бөлігіне натрий сульфитін қосып қыздырыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Не байқалады?
Калий манганатына қышқылдық орта болғанша ақырындап күкіртті қышқыл қосыңдар, не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
5ә-тәжірибелерінде калий манганаты қандай қасиет көрсетеді? Калий манганатының тотықсыздануы үшін реакция ортасы қалай әсер етеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет