Марганец және оның қосылыстары
Бақылау сұрақтары
1. Марганец атомының электрондық формуласын жазыңдар.
2. Бөлме температурасында және қыздырғанда марганецтің концентрлі, сұйытылған тұз қышқылына, күкірт қышқылына және азот қышқылына әсері қандай?
3. Марганец (ІІ) қосылыстары тотығу-тотықсыздану реакцияларында қандай қасиет көрсетеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Марганец (VІ) қосылыстарын қалай алуға болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. концентрлі тұз қышқылымен және күкірт қышқылымен, сондай-ақ сілті қосып балқытқанда қандай зат түзіледі? Бұл реакцияларда қандай қасиет көрсетеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
6. Егер реакция ерітіндіде жүретін болса, калий перманганатының тотықсыздануы нәтижесінде түзілетін заттардың құрамына қандай факторлар әсер етеді?
№ 21 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер:
Аспаптар мен реактивтер: сақинасы бар штатив, қорғасын (ІV) оксиді (немесе сурик Рb3О4), марганец (ІV) оксиді, калий гидроксиді, калий перманганаты, калий хлораты, марганец сульфаты, индикатор қағазы, шыра, ерітінділер: күкірт қышқылы, азот қышқылы, күкіртті қышқыл, натрий гидроксиді, сірке қышқылы, қымыздық қышқылы аммоний сульфиді, темір сульфаты, калий бромиді, натрий сульфиті.
1. Марганец (ІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері. а) марганец (ІІ) тұздарынан марганец (ІІ) гидроксидін алыңдар.
ә) Тұнбасы бар ерітіндінің бір бөлігін басқа сынауыққа құйып, ауада қалдырыңдар. Неліктен тұнба түсінің өзгеретіндігін жазып, түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Тұнбаға сұйытылған қышқылдың және көп мөлшердегі сілтінің әсері қандай? Марганец (ІІ) гидроксидінің қасиеті жөнінде қандай қорытынды шығаруға болады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Марганец (ІІ) гидроксидінің тұнбасына аз ғана бром суын құйыңдар. Не түзіледі? Бұл реакцияда марганец (ІІ) гидроксиді қандай реакция көрсетеді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |