Висмут 13. Метал висмуттың қышқылдармен әрекеттесуі.(жұмысты тартпа шкафта жасау керек). Екі сынауыққа метал висмуттың бір-бір түйірін салыңдар, біріншісіне концентрлі күкірт қышқылын, екіншісіне сұйытылған азот қышқылын қосыңдар. Реакция жүре ме? Түсіндіріңдер. Сынауықты аздап қыздырыңдар. Азот қышқылының ерітіндісімен висмут әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Концентрлі күкірт қышқылы висмутпен әрекеттескенде қандай газ түзілетінін иісінен дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
14. Висмут (III) оксидін алу.Тигельде висмут (III) нитратының бірнеше кристалдарын тұз толық ыдырағанша қыздырыңдар. Реакция енімдері қандай? Түсін байқаңдар. Суытқанда реакция өнімдерінің түсі қалай өзгереді? Висмут нитратының ыдырау теңдеуін жазыңдар.
15. Висмут (III) гидроксидін алу және оның қасиеттері.Висмут (III) нитратынан висмут (III) гидроксидін алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған висмут (III) гидроксидіне қышқылдың және сілтінің артық мөлшерін қосыңдар. Не байқалады? Висмут (III) гидроксиді қандай қасиет көрсетеді? Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
16. Висмут (III) тұздарының гидролизі. Висмут нитратын судың бірнеше тамшысында ерітіңдер. Алынған ерітіндіні лакмус қағазымен сынаңдар. Лакмус түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. Ерітіндіні тұнба түзілгенше дистилденген сумен сұйылтыңдар. Түзілген тұнбаның құрамы екенін ескере отырып, гидролиздену теңдеуін жазыңдар. Ол қалай түзіледі?
17. Висмут қосылыстарының тотықтырғыш қасиеттері. Марганец (II) сульфатының 2 н азот қышқылы қосылған ерітіндісіне аздап құрғақ натрий немесе калий висмутатын салыңдар. ионына тән ерітіндінің түсін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакцияда натрий висмутаты қандай қасиет көрсетеді? Азот қышқылының ролі қандай?
18. Оңай балқитын құйманы дайындау (Вуд кұймасы).(жұмысты тартпа шкафта жасау керек). 20 г висмут, 5 г қорғасын, 2,5 г қалайы және 4,5 г кадмийді өлшеп алыңдар. Темір немесе фарфор тигельге 20 г висмуг пен аздап парафин салыңдар. Парафин металды тотығудан қорғайды, ол балқыманы 1 см қалыңдықта жауып тұруы керек. Тигельді асбестті картоннан жасалған тесікке орнатып, висмут балқығанша қыздырыңдар. Балқыманы темір сыммен араластыра отырып, оған бірінен соң бірін қорғасын, қалайы және кадмийді қосыңдар. Біркелкі балқыма пайда болғанша араластырыңдар. Оны суытпай суы бар фарфор стақанға құйыңдар. Бензол немесе эфирге батырылған шүберекпен құйманың бетіндегі парафин іздерін кетіріңдер. Қағаздан таяқша жасап құйманы ауада парафинсіз қайта балқытыңдар.
Құйманың балқу температурасын анықтап, оны қалыпқа құйыңдар. Егер алынған таяқшаны қайнап тұрған суға салса, ол балқиды. Вуд кұймасының балқу температурасы 70°С.