Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет24/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71
1. Фосфор аллотропиясы. (жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек.)
а) Біраз қызыл фосфорды сынауыққа салып, мақтамен жауып, штативке көлбеу бекітіп, жайлап қыздырыңдар. Фосфор буы сынауықтан шығып жануы мүмкін, сақ болыңдар, жануды болдырмау керек. Сынауықтың қабырғаларында ақ фосфор дағы түзіледі. Сынауықты қараңғы жерге апарып, ақ фосфордың жарық шығаруын байқаңдар. Ақ фосфорды сынауықтан шыны таяқшамен алып ауада ұстаңдар, не байқалады? Жүріп жатқан реакция теңдеуін жазыңдар. Тәжірибе нәтижесінен фосфордың қай аллотропиялық түрі активтілеу екені туралы қорытынды шығарыңдар (тәжірибеден кейін сынауықты зертхана қызметкерлеріне өткізіңдер).
ә) Бұл тәжірибені оттан алыста жүргізу керек. Ақ фосфор түйірін сүзгі қағазымен кептіріңдер. 1 мл күкіртті көміртегінде ерітіңдер (сынауықты абайлап, жаймен шайқаңдар). Сүзгі қағаздың бөлігін алынған ерітіндіге батырыңдар. Қағазды қысқышпен қаңылтыр үстіне ұстап, күкіртті көміртегінің ұшып барып, ақ фосфордың өзінен өзі тұтануын байқаңдар (сынауықты ерітіндісімен зертхана қызметкеріне өткізіңдер). Осы әдіспен қызыл фосфордың да күкіртті көміртегінде еруін сынаңдар. Ақ және қызыл фосфордың күкіртті көміртегінде ерігіштігін салыстырыңдар.
2. Фосфинді алу және оның қасиеттері. Фарфор табақшаға эквивалентті концентрациясы 4 моль/л-ге тең тұз қышқылын аздап құйып, 2-3 кальций фосфоритін пинцетпен салыңдар. Газдың бөлінуін және тұтануын байқаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Фосфордың және азоттың сутекті қосылыстарының тұрақтылығын салыстырыңдар.
3. Фосфор (V) оксидін алу. (жұмысты тартпа шкафта жүргізеді). Асбест торға қойылған фарфор табақшаға аздап 0,4-0,5 г қызыл фосфор салып, табақшаның үстіне құрғақ воронканы төңкеріп бекітіңдер, қызыл фосфорды қыздырылған шыны таяқшамен тұтандырыңдар. Воронка қабырғасында қандай зат түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар. Фосфор түгелдей жанып болғанда воронканы штатив сақинасына қойып 5а-тәжірибеге сақтаңдар.
4. Фосфор қышқылы иондарына тән реакциялар. а) Натрий гидрофосфатының ерітіндісіне күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Түсі қандай? Азот қышқылын қосқанда не байқалады? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
ә) Азот қышқылы қосылған аммоний молибдаты ерітіндісінің көлеміне фосфор қышқылын немесе оның тұзы ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосыңдар. Қоспаны қыздырыңдар. Не байқалады? Тұнбаның түсі және түрі қандай? Байқаңдар. Осы реакцияның теңдеуі:

б) Екі бөлек сынауықта мета- және дифосфат ерітінділеріне күміс нитраты ерітінділерін қосыңдар. Тұнбаға түскен заттың түсі қандай? Азот қышқылының ерітіндісін қосқанда не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Күмістің мета- және дифосфаттары қандай ортада тұнбаға түседі?
в) Белоктың судағы ерітіндісін 2 сынауыққа құйып, бір сынауыққа натрий метафосфатының, ал екіншісіне натрий дифосфатының ерітіндісін, содан соң екеуіне де сірке қышқылын құйыңдар. Белок, натрий метафосфаты және сірке қышқылы құйылған сынауықта не байқалады?
а, ә, б, в-тәжірибелерге қорытынды жасау үшін иондарын ерітіндіде қалай анықтау керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет