Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет23/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71
12. Қыздырғанда нитраттардың ыдырауы. (ә,б-тәжірибелерін тартпа шкафта жүргізу керек). а) Штативке бекітілген сынауыққа 1 г натрий нитратын салып қыздырыңдар. Газ бөлінгенін байқаңдар. Қандай газ түзілгенін анықтау үшін сынауыққа суығаннан кейін тәжірибе жасаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Калий нитратын қыздырғанда қалай ыдырайтынын еске түсіріңдер.
ә) Сынауыққа бірнеше түйір салыңдар, штативке тік бекітіп қатты қыздырыңдар. Тұз қандай өзгерістерге ұшырайды, байқаңдар.
Қандай газдар түзіледі? Сынауықта тәжірибеден кейін не қалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Күміс нитратының бірнеше түйірін сынауықта қыздырыңдар. Қандай газдар түзіледі? Сынауықта не қалды? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Тәжірибелер нәтижесін салыстырыңдар, металл активтігіне нитраттар ыдырауы тәуелді ме? Бұл заттар ыдырағанда не себептен әр түрлі өнімдер түзіледі?
Фосфор және оның қосылыстары
Бақылау сұрақтары
1. Фосфор атомының электрондық формуласын жазыңдар. Қосылыстарында фосфор қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
2. Фосфордың қандай аллотропты түрөзгерістері бар?
3. Фосфордың химиялық қасиеттері.Фосфордың тотығу, тотықсыздану және диспропорциялану реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Фосфиннің алынуы, реакция теңдеуін жазыңдар. Фосфин мен аммиактың электрон-донорлық қасиеттерін салыстыру, айырмашылығын салыстыру.
5. Тотығу-тотықсыздану реакцияларда фосфин қандай қасиет көрсетеді?
6. Фосфор (ІІІ) және (У) оксидтерінің графикалық формулаларын жазыңдар, олардың химиялық қасиеттері.
7. Фосфор қышқылдары: мета-, орто-, дифосфор қышқылдарының графикалық формулаларын жазыңдар.
10 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер:
Аспаптар мен реактивтер: Сыйымдылығы 200 мл колба, сыйымдылығы 100 мл стақан, штатив, сынауықтар, фарфор табақша, асбест торы, шыны түтікше, сүзгі қағаз, мақта, ақ және қызыл фосфор, кальций фосфиді , марганец (ІV) оксиді немесе калий перманганаты , натрий дигидроортофосфаты , натрий гидроортофосфаты , фосфор (ІІІ) хлориді , фосфор (V) хлориді , ерітінділер: күкірт қышқылы (ρ=1,84 г/мл), азот қышқылы (ρ=1,4 г/мл), тұз қышқылы (ρ=1,18 г/мл),сірке қышқылы , ортофосфор қышқылы , аммоний молибдаты , кальций хлориді , натрий метафосфаты , натрий карбнаты , күміс нитраты , натрий ацетаты , темір (ІІІ) хлориді , алюминий сульфаты , белок.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет