Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет61/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

Тәжірибелер:
Аспаптар мен реактивтер: 100 мл колбалар, сынауық, штатив, шыны таяқша, сыйымдылығы 100 мл стақандар, сынауыққа арналған газ өткізгіш түтігі бар тығын, мырыш ұнтағы, хром (ІІІ) оксиді, аммоний дихроматы, калий нитраты, калий карбонаты, калий дихроматы, бензин, этил спирті, сүзгі қағазы, мұз, темір сымы, ерітінділер: күкірт қышқылы, тұз қышқылы, натрий гидроксиді, сутегі пероксиді, аммоний сульфиді, барий хлориді, калий иодиді, калий хроматы, натрий нитраты, натрий сульфиті, күміс нитраты, хром сульфаты, хром (ІІІ) хлориді, бром суы, бейтарап лакмус ерітіндісі.
1. Хром (III) оксидтерінің алынуы және қасиеттері. а) Сынауыққа аздап ұнтақталған аммоний дихроматының ұнтағын сеуіп, штативке аузын төмен қаратып бекітіңдер. Сынауықтың аузын өзіңнің қасындағылардан басқа жаққа қаратып ұстап, астына қағаз төсеңдер. Тұздың жоғарғы қабатынан реакция басталғанша қыздырыңдар, сонан соң тоқтатыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы процестегі тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
ә) Хром (III) оксидінің алынған ұнтағына сумен, күкірт қышқылымен, азот қышқылымен әсер етіңдер. Хром (III) оксиді суда, сұйытылған қышқыл ерітіндісінде ери ме?
2. Хром (III) гидроксидінің алынуы және қасиеттері. а) Ішінде хром (III) тұз ерітіндісі құйылған сынауыққа тамшылатып хром (III) гидроксидінің тұнбасы түзілгенше натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Тұнбаның түсін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Түзілген тұнбаны 2 сынауыққа бөліңдер. Біреуіне сұйытылған қышқыл, екіншісіне - сілтіні көп мөлшерде қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Хром (III) гидроксиді қандай қасиет көрсетеді. Хром гидроксидінің сілтімен әрекеттесуінен түзілген өнімді келесі тәжірибелерге (3б) қалдырыңдар. Алынған ерітінділердің түстерін байқаңдар.
3. Хром тұздарының гидролизі. а) Хромның (III) тұзының ерітіндісіне лакмустың бейтарап ерітіндісін құйыңдар. Лакмустың түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Хром (III) тұз ерітіндісіне тұнба түзілгенше аммоний сульфиді ерітіндісін құйыңдар. Тұнбаның бір бөлігіне тұз қышқылын (сұйытылған), екіншісіне - сілті ерітіндісін құйыңдар. Жасалған реакцияларға қорытынды жасаңдар, тұнбаның құрамын анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Гидроксохроматтың (III) ерітіндісін (2-тәжірибеде алынған) қыздырыңдар. Хром (III) гидроксидінің тұнбасы түзілуін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Хромның (III) ерігіш тұзы немесе гидроксохроматтың қайсысы күшті гидролизденетінін көрсетіңдер? Қыздырудың қандай мәні бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет