Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Хромның (III) қосылыстарының тотығуы мен тотықсыздануы



бет62/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71
4. Хромның (III) қосылыстарының тотығуы мен тотықсыздануы. а) Хром (III) тұз ерітіндісіне алғашқы мезетте түзілген тұнба ерігенше натрий гидроксидін қосыңдар. Алынған ерітіндіні 2 сынауыққа бөліңдер. Біреуіне 2-3 мл натрий гидроксиді ерітіндісі мен 2-3 мл бром суын қосыңдар. Келесі бөлігіне 2 мл натрий гидроксиді және 3 мл 3%-ті сутегі пероксиді ерітіндісін қосыңдар. Екі сынауықтағы ерітінді түсінің өзгеруін бақылаңдар. Сәйкес реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Хром (II) хлориді ерітіндісін тұз қышқылымен қышқылдандырыңдар, 2-ге бөліңдер, біреуіне 2-3 түйір мырыш салыңдар, аз ғана бензин құйыңдар, газ өткізгіш түтігі бар тығынмен жабыңдар, оның ұшын суға батырып құйыңдар. Біраз уақыттан соң ерітіндінің түсінің өзгеруін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Неліктен газ өткізгіш түтік суға батырылатынын, жұқа бензин қабатының маңызын түсіндіріңдер. Осы реакцияларда хром (III) хлориді қандай рөл атқарады? Осы тәжірибелер негізінде жалпы қорытынды жасаңдар: хром (III) қосылыстары тотығу-тотықсыздану реакцияларында қандай рөл атқаратындығын, ортаның қандай әсері бар екендігін көрсетіңдер.
5. Хромкалий ашудасын алу. Калий дихроматы ұнтағын (10 мг) кішкене стақанда суға ерітіңдер. Ерітіндіге реакция теңдеуі бойынша есептелген мөлшерінің жартысындай концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар. Стақанды мұзы бар ыдысқа салып қойыңдар, араластыра отырып 1 мл спиртті тамшылата отырып құйыңдар. Түсінің өзгеруін белгілеңдер. Алынған ерітіндіні жеңіл ғана қыздырыңдар, кристалдануға қалдырыңдар. Түзілген хромкалий ашудасын (квасцы) сұйықтан бөліп алыңдар, сүзгі қағазбен кептіріңдер, қристалдың пішініне көңіл аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған кристалды оқытушыға тапсырыңдар.
6. Хром ангидридінің алынуы мен оның қасиеттері. а) Стақанға немесе сынауыққа 3-5 мл калий дихроматының қанық ерітіндісін құйыңдар, оған 5-8 мл күкірт қышқылын (конц) аздап қосыңдар, стақанды салқын сумен салқындатыңдар, хром ангидридінің кристалының түсін белгілеңдер. Суыған ерітіндіні шыны немесе асбест сүзгілі воронкасында сүзіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Неліктен күкірт қышқылының (конц.) ерітіндісі алынғанын түсіндіріңдер.
ә) Алынған кристалдың бір бөлігін фарфор табақшаға салып, бірнеше тамшы спиртпен ылғалдандырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар, хром (III) оксиді мен сірке ангидриді (иісінен анықтауға болады) түзілетіндігін ескере отырып, хром ангидриді бұл реакцияда қандай қасиет көрсететінін түсіндіріңдер.
б) Алдыңғы тәжірибеде алынған хром ангидридінің кристалын 2-3 мл суда ерітіңдер. Калий иодиді ерітіндісін қосыңдар, ерітінді түсінің өзгеруін бақылаңдар. Ерітіндіде иод бар екендігін көрсетіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Хром ангидридінің қасиеті туралы қорытынды жасаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет