Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет60/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

11. Күміс оксидін алу. Сілтінің ( ) әсерінен күміс нитратынан күміс оксидінің тұнбасын алыңдар, тұнбаның түсі мен қасиетін сипаттаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Күміс гидроксидінің төзімділігі туралы қандай тоқтамға келуге болады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Күміс гидроксидінің негіздік қасиетін эксперимент жүзінде дәлелдеңдер. Күміс оксидінің негіздік қасиетін көрсету үшін қандай қышқылды алу керек? Неге?
12. Күміс галогендері. а) Күміс галогендерін алыңдар. Алынған қосылыстардың түсі мен қасиетіне көңіл аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Тұнбалардың -ке әсерін байқаңдар. Неге? Күміс галогенидтері -те неге ерімейді?
ә) Күміс галогенидтерінің тұнбасын алыңдар, сүзіп, сумен жуыңдар. Оларға жарықтың әсерін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
13. Күміс нитраты ерітіндісінің лакмусқа реакциясы. Лакмуспен күміс нитраты ерітіндісінің реакциясын анықтаңдар. Күміс гидроксидінің негіздік күшіне қорытынды жасаңдар.
14. Күмістің комплексті қосылыстары. а) 11-тәжірибедегідей күміс оксидінің тұнбасын алып, оның сұйығын төгіп тастап, тұнба толық ерігенше аммиак ерітіндісін құйыңдар. Тұнбаның еру себебін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазып, алынған қосылысты атаңдар.
ә) Күміс хлоридінің тұнбасын алып сұйығын төгіп тастап, тұнба толық ерігенше аммиак ерітіндісін қосыңдар. Диаминкүміс хлоридінің пайда болуының реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Күміс галогенидтерінің тұнбасын алыңдар. Күміс галогенидтерін натрий тиосульфаты ерітіндісіне әсерін сынаңдар. Тұнбаның еру себебін түсіндіріңдер. Жүрген реакциялар теңдеулерін жазыңдар (пайда болған комплексті ионның анион екенін ескеру керек). Алынған қосылысты атаңдар.
Хром және оның қосылыстары
Бақылау сұрақтары
1. Хром, молибден, вольфрам атомдарының электрондық формуласын жазыңдар.
2. Периодтық жүйедегі VI тобының негізігі және қосымша топшасы элементтерінің құрылысы мен қасиеттерінің айырмашылығы қандай?
3. Хромның (ІІ), (ІІІ), (VI) қатары бойынша оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық табиғаты қалай өзгереді? Хром (ІІІ) гидроксидінің қышқылдармен, сілтілермен өзара әрекеттесуінің реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
4. Комплекс түзуші хром үшін қандай тотығу дәрежесі мен координациялық саны тән? Хромның комплексті қосылыстарына мысал келтіріңдер.
5. Хромның (ІІІ) және (VI) қосылыстары тотығу-тотықсыздану реакцияларында қандай қасиеттер көрсетеді? Бұл процестер қандай ортада жүзеге асады?
20 зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет