Зерттеу нысаны: мектеп бағдарламасындағы логикалық есептер. Жұмыстың мақсаты


Жауабы: Болат қытай тілін, Ербол жапон тілін, Ардақ араб тілін үйренуде. 2.Кестелер тәсілі



бет5/8
Дата11.12.2023
өлшемі63,79 Kb.
#136894
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
67 Г,10 сынып — копия

Жауабы: Болат қытай тілін, Ербол жапон тілін, Ардақ араб тілін үйренуде.

2.Кестелер тәсілі
Мәтіндік логикалық есептерді шешуде қолданатын негізгі тәсіл – кестелер құру. Есептің шарты бойынша, берілгендер кестеге енгізіледі. Кестелер есептің шартын көрнекі беріп қана қоймай, есепті шығару барысында дұрыс логикалық ойлауға қөмектеседі. Кестелер тәсілімен шығарылған есептің үлгісін қарастырайық.

2-есеп. Бим, Бам және Бом атты үш клоун аренаға қызыл, жасыл және көк көйлекте шықты. Олардың бәтеңкелерінің түсі де сондай. Бимның көйлегі мен бәтеңкесінің түсі бірдей. Бомның бәтеңкесі де, көйлегі де қызыл емес. Бам жасыл бәтеңкеде болды, ал көйлегінің түсі басқа. Клоундар қандай киімде болды?
Шешуі.
Бағандарына клоундардың көйлектері мен бәтеңкелерінің мүмкін болатын түстерін, ал жолдарына клоундардың атын жазатын кесте құрастырайық.Кестені есептің шартына сәйкес толтырамыз. Бамның бәтеңкесі жасыл, ал көйлегі жасыл емес.2-жол мен 5-бағанның шаршысына +, ал 2-жол мен 2-бағанның шаршысына - қоямыз. Осыдан Бим мен Бомның бәтеңкелері жасыл бола алмайды, ал Бамның бәтеңкесі көк пен қызыл бола алмайды. Осыларға кестеде – қоямыз.Ары қарай Бомның бәтеңкесі де, көйлегі де қызыл еместігін кестеде – арқылы көрсетеміз. Кестеден қызыл бәтеңке Бимде ғана болады, ал Бомның бәтеңкесі көк болады. Біз клоундардың аяқ киімінің түстерін анықтадык, кестенің оң бөлігі толтырылды. Бимның көйлегінің түсі бәтеңкесінің түсіндей, яғни қызыл болады. Енді жасыл көйлек киген Бом болып шығады, олай болса Бам көк көйлекте. Біз кестені толық толтырдық.




Көйлек

Бәтеңке

Бим

+

-

-

+

-

-

Бам

-

-

+

-

+

-

Бом

-

+

-

-

-

+




Қызыл

Жасыл

Көк

Қызыл

Жасыл

Көк

Жауабы: Бим қызыл көйлек, қызыл бәтеңке, Бам көк көйлек, жасыл бәтеңке, Бом жасыл көйлек, көк бәтеңке киген..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет