Зерттеу нысаны: мектеп бағдарламасындағы логикалық есептер. Жұмыстың мақсаты



бет7/8
Дата11.12.2023
өлшемі63,79 Kb.
#136894
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
67 Г,10 сынып — копия

Әзіл айтсаң да,
Әділ айт.
Шешуі: Айталық, шегіртке бірінші қарақшыдан екінші қарақшыға түсу үшін Х рет қатты, У рет жай ыршулар жасасын. Сонда шегіртке 3х + 2у аралыққа қарғиды. Бұл аралық 1 елі.
Демек, 3х + 2у= 1
Бұдан х-тің орнына 0, 1, 2,... – бүтін сандарын қояйық.
Шегіртке артқа қарғыса х пен у теріс сан, ал алға қарғыса х пен у оң мән қабылдайды деп түсіндіріп, х=1,у=-1,у=2 екенін табамыз.
Бұл есептерге қарағанда қазақ халқы теріс сандар мен де амалдар қолдана алған деген қорытындыға келемін

III. Қорытынды

Логикалық есептердің тоғыз тарау иірімдерінің бүге-шігесін меңгеріп, зерде тезіне салып, керегенің көгіндей атқаратын қызметін түсіну, көген түймесін табу - есепті шешудің алтын балдағы. Оны көп, із кессең табасың. Әр баланың мақсаты – өзінің білім деңгейін көтеру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, іздену. Осы мақсатты іске асыру барысындағы міндетім сол тақырыпты игерумен қатар ,кең ауқымды есептерді шешуді зерттеу,ойлау қабілетімді машықтыру.


Бұл жұмыста біріншіден, ойлау ұғымының мағынасын ашып, логикалық ойлаудың ерекшеліктеріне тоқталдым.
Екіншіден, ойлау заңдарын қарастырып, әрқайсысын жекелей көрсеттім.
Үшіншіден , логикалық есептердің анықтамасын, олардың алатын орынын және олардың түрлерін көрсеттім.
Төртіншіден, логикалық есептерді шешу әдістерін, шығарудағы қиыншылықтарын нақты мысалдармен көрсетіп, есептеудің тәсілдерін қарастырдым.
Жұмыс барысында менің дербес жұмыс істеу мүмкіндігім, көңіл қоя білу қабілетім дамыды. Математиканың сан алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын, ойлау элементтерімен өрнектеген зертеу жұмысы қызықты, әрі ұтымды. Зерттеу барысында жүргізілетін жұмыстар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап, танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысы менің зор ынтамды тудырды, білгенімді тереңдетіп, жаңа іс-қимылға жетеледі
Сондықтанда бұл шығармашылық жұмыс келешекте менің жолдастарыма өз білімдерін тереңдетуіне көмектесетіне сенімдімін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет