2.2 Логикалық есептерді анықтау.
Мектептегі оқыған жылдарымызда біз әртүрлі есептерді, соның ішінде логикалық есептерді шығарамыз. Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер деп атаймыз. Яғни, логикалық есептерге әдетте математикалық амалдар қолдану емес, тек логикалық ойлауды қажет ететін есептерді жатқызуға болады. Осындай есептерді шығару үшін адамға тапқырлық, байқампаздық, ойын жүйелей білу сияқты біліктіліктер қажет. Осындай түрдегі есептерді шығару үшін, олардың жалпы белгілерін, заңдылықтарды анықтауды, болжам жасап, оларды тексеруді, ой тізбегін құруды, қорытынды жасауды үйрену керек. Логикалық есептердің басқалардан айырмашылығы, олардың есептеулер емес, ойтолғаулардың көмегімен шығарылатындығында. Математикада шығарылуы логикалық ойлауды дамытатын есептер ерекше орын алады. Себебі, бұл есептер математикаға бейім оқушылармен қатар, оны жақсы көрмейтін оқушыларды да қызықтырады.
2.3 Математика оқулықтарында кездесетін логикалық есептерді топтастыру.
Логикалық есептер стандарт емес есептердің кең көлемін құрайды. Бұған, объектілерді немесе берілген қасиеттері бойынша қандай да бір орынды анықтауды қажет ететін мәтіндік есептер кіреді. Логикалық есептерге ақиқат, жалғанды анықтауға, сұйықтарды құюға, жалған монеталарды өлшеуге берілген есептер де жатады. Логикалық есептердің саны да, шығару тәсілдері де алуан түрлі. Математика ғылымында логикалық есептер бірнеше түрге бөлінеді. Солардың әрбіреуіне жеке-жеке тоқталайық және мысалдар келтірейік.
1. «Кімдікі екенін тап» түріндегі есептер.
1.1 Марат, Жанат және Қанаттың фамилиялары Омаров, Сабыров және Ыбыраев. Жанат, Қанат және Сабыров математика үйірмесінің мүшелері, ал Қанат және Ыбыраев музыкамен айналысады. Әр баланың фамилиясы қалай?
1.2 4 спортшы: Әлия, Ғалия, Мадина, Динара гимнастикадан өткен жарыста алдыңғы 4 орынды алды, бірақ олардың кез – келген екеуі бір орынды бөліскен жоқ. Егерде а) Әлия – ІІ – ші орын Динара – ІІІ – ші орын
ә) Әлия – І – ші орын Ғалия – ІІ – ші орын
б) Мадина – ІІІ – ші орын Динара – ІҮ – орын алды деп есептесек, кім нешінші орын алды?
2.Тактикалық есептер .
2.1 Сыйымдылығы 8, 5, 3 л. үш ыдыс сөреде тұр.бірінші ыдыс сумен толтырылған,ал қалған екеуі бос. Осы ыдыстардың көмегімен бір литр суды қалай өлшеп алуға болады?
2.2 5 монетаның біреуі жалған, қалғандарының массалары бірдей шын монеталар. Жалған монета шын монетадан жеңіл. Кір тасы жоқ таразымен ең көп дегенде 2 рет өлшеп, жалған монетаны қалай табуға болады?
3 Жиындардың қиылысуы мен бірігуін табу есептері
3.1 100 туристердің ішінде неміс тілін білетіндер -30 адам, ағылышын тілін -28 адам, француз тілін-42 адам бар. Сонымен бірге, ағылшын және неміс тілдерін білетіндер -8 адам, ағылшын және француз тілдерін - 10 адам, неміс және француз тілдерін – 5 адам, үш тілді бірдей білетін – 3 адам. Туристердің нешеуі бір тілді де білмейді, нешеуі тек қана ағылшын тілін, нешеуі француз тілін, ал нешеуі неміс тілін біледі?
3.2 Бір облыста 10 қала бар және олардың әрқайсысы бір-бірімен темір жолмен қосылған. Осы облыстың қалаларын қосатын неше темір жол бар?
4. Әріпті, санды ребустар, жұлдызшалар және геометриялық фигуралар арқылы берілген есептер
4.1 Берілген шартқа байланысты сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз:
О - ∆ = 2
+ ∆ =9
- ∆ = 3
О +∆ = ?
4.2 Берілген әріптердің орнына сәйкес келетін цифрларды табыңыз:
АВСД
АВС
+ АВ
А
4 3 2 1
5 Ақиқат не жалғанды анықтауға арналған есептер.
5.1 Дөңгелек стол басында жеті адам отыр. Олардың әрқайсысы кезекпен: « Менің екі көршім де - өтірікшілер»,- деді. Өтірікшілер әрқашан өтірік, ал қалғандары әрқашан шындықты айтады. Сонымен қатар, барлығы өздерінің көршілері өтірікші ме, әлде өтірікші өтірікші емес пе екенін біледі. Стол басында неше өтірікші отыр?
5.2 Кәрім, Омар және Біржан аулада ойнап жүрді. Балалардың біреуі абайсызда терезенің әйнегін сындырып алды. « Әйнекті сындырған мен емес »,- деді Кәрім. « Әйнекті Біржан сындырды »,- деді Омар. Кейінірек осы айтылғандардың біреуі ақиқат,ал енді біреуі жалған екені анықталды. Балалардың қайсысы әйнекті сындырған ?
6. «Екі қала» түріндегі есептер.
6.1 Бір аралда А және В деген екі қала бар. А қаласында шыншылдар, ал В қаласында өтірікшілер тұрады. Саяхатшы осы екі қаланы қосатын жолда арал тұрғынын кездестірді. Саяхатшы қай қала қай жақта орналасқанын және аралдық шыншыл ма, әлде өтірікші ме екенін білмеді, бірақ бір ғана сұрақ қойып, екі қаланың тұрған жерін анықтай алды. Саяхатшы қандай сұрақ қойды?
7. «Қалпақ» түріндегі есептер.
Үш қария араларындағы ең данасы кім екенін анықтай алмай, төртінші қарияға жүгінді. Ол ойланып, мынадай сынақ берді : « Менде бес қалпақ бар – екі ақ және үш қара. Біз қараңғы бөлмеге кіреміз де, мен сендердің бастарыңа бір-бір қалпақ кигіземін. Сол бөлмеден шыққаннан кейін кім басындағы қалпақтың түсін дұрыс тапса, сол араларыңдағы ең дана. Қариялар келісіп сол айтқанды орындады. Біраз уақыттан кейін олардың біреуі : «Менің басымда қара қалпақ»,- деп айғай салды. Ол қалай пайымдады?
8. Логикалық тестер.
8.1 Сұрақ белгісінің орнгына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңыз:
8.2 Сандар белгілі бір заңдылықпен орналастырылған. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды анықтаңыз:1; 3; 7; 13; 21; ...?
9. Ұлттық мазмұнды логикалық есептер.
9.1 Алты қанат киіз үйге екі мысық келіп кірді де, бірінші керегенің түбіне екеуі балалап, әрқайсасы алтыдан балалады. Олардың бәріде мысық болып өсті де, тағыда алты- алтыдан балалады, т.с.с. осылайша әр керегенің түбіне барып балалап шықты .Сонда киіз үйден неше мысық өсіп шығады?
9.2 Шекпен киген қара мен қарқаралы хан.
-Мейірімді алдияр! Өз бағыңыздан бір алма алуға рұхсат етіңіз, - деді қара. Хан алуға рұхсат етті. Қара баққа келсе, бақ үш рет қоршауға алынған екен. Әрбір қоршау қақпасында жасауыл тұр.
Қара бірінші жасауылға келіп:
Хан маған бір алма алуға мейірімділік жасады, - деді.
Ал, бірақ шығарда алған алмаңның тең жартысын, және бір алма бересің, - деді жасауыл.
Қақпадағы екінші және үшінші жасауылда оған осылай деді. Жасауылдарға сұраған алмаларын беру үшін, қара бақтан неше алма алуы керек?
Өзінің шарқын білген,
Өзгенің нарқын біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |