Зерттеу нысаны: мектеп бағдарламасындағы логикалық есептер. Жұмыстың мақсаты


Логикалық есептерді шешу жолдары мен тәсілдері



бет4/8
Дата11.12.2023
өлшемі63,79 Kb.
#136894
1   2   3   4   5   6   7   8
2.4 Логикалық есептерді шешу жолдары мен тәсілдері
Логикалық есептерді шешу өте қызықты. Оларда не сандар, не функциялар, не үшбұрыштар, не векторлар жоқ болғандықтан, ешқандай математика жоқ сияқты. Сонымен қатар, есептің шартында, берілген объектілердің арасындағы байланыстарда математиканың бар екендігі айқын сезіледі.Кейбір адамдар үшін логикалық есептерді шешу қиын емес. Олар қулықпен құрылған байланысты жылдам байқап, дұрыс жауабын береді және қалай тапқанын түсіндіре алады. Сол кезде басқалар оп-оңай табылатын жауапты көре алмағанына қынжылып қалады.Логикалық есептерді түрлі тәсілдермен шешуге болады екен. Бұл тәсілдердің әрқайсысының қолдану аймағы бар. Логикалық есептерді шығаруды қалай үйренуге болады.
Көптеген логикалық есептер берілген жиындағы элементтердің байланысу заңдылығын анықтап, олардың арасында сәйкестік орнатуға байланысты шешіледі. Мұндай есептер шешу кезінде келесі алгоритмді қолданған ыңғайлы:
1) Мәтіннің мазмұнын анықтау.
2) Болған оқиға туралы толық ақпарат құрастыру.
3) Ақпараттың бір бөлігін алып тастау немесе өзгерту жағдайын қарастыру.
4) Берілген есептің шартына қосымша логикалық шарт құрастыру.
5) Пайымдаулар арқылы мүмкін жауапты тексеру. Қарама-қайшылықсыз жауап енгізілген шарт дұрыс екенін білдіреді. Егер дұрыс жауап болмаса
келесі 6-пунктті қолдану керек.
6) Қосымша шартта ақпарат жеткіліксіз, немесе берілген есеп кайшылықпен өзгертілген. Есептің шартын өзгертеміз не толықтырамыз да, 5-пунктті колданамыз.
Логикалық есептерді шешудің негізгі әдіс-тәсілдері.
Логикалық есептерді шешудің бірнеше тәсілдері белгілі. Олар:

      • Пайымдау тәсілі;

      • Кестелер тәсілі;

      • Графтар тәсілі;

      • Блок-схемалар тәсілі;

      • Эйлер дөңгелектері тәсілі;

      • Ұлттық есептерді шығару жолдары.

Олардың әрбіреуіне жеке тоқталып, есептер шығару үлгісін көрсетейік.

  1. Пайымдау тәсілі

Пайымдау тәсілімен ең қарапайым логикалық есептер шешіледі. Пайымдау кезінде сызбалар, қысқаша жазбалар, ақпаратты іріктей білу көмегін тигізеді. Есептің барлық шарттарын тізбектей, пайымдаулар жүргізе отырып, есептің жауабы болатын қорытындыға келеміз. Бұл тәсілмен келесі мысалда танысуға болады.
1-есеп. Ардақ, Болат және Ербол қытай, жапон, араб тілдерін үйренуде. Олардың әрбіреуі кай тілді үйреніп жүр деген сұраққа, біреуі: «Ардақ қытай тілін үйренуде, Болат қытай тілін үйренбейді, ал Ербол араб тілін үйренбейді»,- деп жауап берді. Соңынан, осы жауапта біреуі ақиқат, ал екеуі жалған екені анықталды. Балалардың әрқайсысы қай тілді үйреніп жүр?




Шешуі. Үш тұжырым бар. Егер бірінші ақиқат болса, балалар әртүрлі тіл үйренетіндіктен, екінші де ақиқат.Бұл есептің шартына қайшы, сондықтан бірінші тұжырым жалған. Егер екінші ақиқат болса, онда бірінші мен үшінші жалған болу керек. Онда ешқайсысы да қытай тілін үйренбейтін болады.Бұл есептің шартына қайшы келетіндіктен, екінші тұжырым да жалған. Үшінші тұжырымды дұрыс, ал бірінші мен екіншіні жалған деп есептеу қалады. Яғни, Ардақ қытай тілін үйренбейді, қытай тілін Болат үйренуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет