Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Дамушы елдердің экономикалық даму стратегияларына баға беру



бет35/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
2.Дамушы елдердің экономикалық даму стратегияларына баға беру. Дамушы елдер алдында экономиканың нығаюы мен дамуы, артта калушылыкты жою, халықтың өмір деңгейін көтеру және дүниежүзілік шаруашылыктағы орнын өзгерту мәселелері тұр. Ұлттық үкіметтер бұл мәселелердің шешімін индустрияландыруды жүзеге асырумен байланыстырады. Индустрияландыру - өнеркәсіпті басым түрде дамыту арқылы экономикада құрылымдық өзгерістерге алып келетін, өндірісті техникалық жағынан қайта жабдықтау және ел экспортын түбегейлі модернизациялауға мүмкіндік беретін кешенді үдеріс.
Дамушы елдерге тән экономикалық даму стратегияларын талдаунегізінде 6 топты бөліп қарауға болады :
1.Дамушы елдердің басым көпшілігінде эволюшіялық даму идеясына сәйкес, ізінен еріп даму стратегиясы кеңінен таралды. Мұның мәнісі - Азия, Африка мен Латын Америкасындағы жас мемлекеттер жалпы алғанда дамыған елдердің жолын қайталауы тиіс.
2.Импорт алмастырушы стратегия. Ол дамушы елдерде индустрия- ландырудың бастапқы кезеңдерінде жүзеге асырылды. Жергілікті өңдеуші өнеркәсіпті қаржылық қолдау арқылы ішкі сұраныстықамтамасыз ету. импортты, соның ішінде әсіресе тұтыну тауарларын қысқарту жүргізілді. Бұл ішкі нарықты игеру есебінен ұлттық кәсіпкерлікті нығайтып, жас өнеркәсіпті қорғауға мүмкіндік берді. Осының негізінде кейбір дамушы елдерде өнеркәсіптің орташа жылдық өсімі 6%-дан асып кетті. Бұл стратегия Латын Америкасындағы халық саны көп Бразилия, Мексикада колданылды.
3.Экспортқа бағдарлану стратегиясы. Ол экономиканың ашықтығы, халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді араласу арқылы әлемдік сауданы елдің қаржылық ресурстарын ұлғайту мен шаруашылық құрылымын жаңартуға пайдалану мақсатын көздеді.
Азиялық жаңа индустриялық елдер (Сингапур, Корея Республикасы және т.б.) экономикалық өрлеуіне Жапониямен тығыз қарым-қатынас орнатуы он ықпал етті. Жапония өзінің инвестіщнялары. жаңа технологиялары, басқару және сату тәжірибесі арқылы жаңа индустриялық елдерді қазіргі заманғы өндіріске үйретті және экспорттық мүмкіндіктерді ашып берді.
Азиядағы кейбір елдер өздерінің ғаламдық деңгейдегі бәсекелестік басымдылықтарын (адами капитал. бай табиғи ресурстар және 1.б.) пайдалана отырып, экспортқа бағдарлана алды. Мысалы, Үндістан, Қытай, Азияның мұнай экспорттаушы елдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет