4.Ішкі сұранысты ынталандыру стратегиясы. Ол ішкі сұраныстың ұлғаюы негізінде өндірісті ынталандыруды көздейді. Бұл жерде мемлекеттің қатысуы қолайлы әлеуметтік климат орнату, өмір сапасын жақсарту, білімді, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру, жалақы мөлшерін арттыру арқылы тұрақты ішкі сұранысты қамтамасыз етеді. Бұл стратегия алғаш рет АҚШ пен Еуропа елдері үшін жасалған болатын, кейіннен оны 1998 жылы әлемдік дағдарыстан соң көптеген азиялық елдер пайдалана бастады.
5.Инвестиция есебінен өсу стратегиясы. Ол өндірісті ұлғайтудың факторы ретінде қаржыны жылдам жинақтауға негізделеді. Шетелдік инвестицияларды тарту арқылы қаржының өсімі ғана емес, елдер арасындағы технология алмасу да жүзеге асырылады. Бұл стратегияға инвестицияларды ынталандыру, қолайлы бизнес ортасын қалыптастыру (жемқорлыққа қарсы күрес, экономикалық тұрақтылық және т.б.), экономикадағы ұзақ мерзімдік мақсаттардың басымдылығы тән. Қытай өзінің дамуының жекелеген кезендерінде осындай стратегия ұстанған болатын.
6. Еңбекпен қамтуды кеңейту арқылы даму стратегиясы. Ол мемлекеттің жана жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамтамасыз етуді арттыруға негізделеді. Мемлекеттің экономикаға араласуы еңбек нарығын нығайтуға және еңбек нарығына тұрғын халықтың жекелеген топтарын (әйелдер, жастар және т.б.) тарту үшін арнайы жағдайлар жасауға бағытталған. Осындай даму жолын халық саны көп Қытай мен Үндістан қолданып келеді.
Геосаясаттың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу пәні, негізгі категориялары Геосаясаттың мақсаты мен міндеттері. Геосаясат терминінің авторы - швед ғалымы Рудольф Челлен. Ол мемлекетті «кеңістіктегі географиялық ағза» деп, ал геосаясатты «мемлекет туралы ілім» ретінде анықтаған. Челлен кез келген мемлекеттің нығайып, күшеюі үшін экономикалық демографиялық, әлеуметтік, әскери саясатты жүргізіп, геосаясатқа үлкен көңіл бөлуі қажет деп есептеген. Қазіргі заманғы геосаясаттың басты мақсаты - мемлекеттің геостратегиясын анықтап, тұжырымдау.
Осыған сәйкес геосаясаттың негізі де ауысты, яғни бұрын физикалық-географиялық факторларға басым көңіл бөлінсе, қазіргі кезде экономикалық факторға көп көңіл бөлінеді. Геосаясатшылардың айтуынша, дүниежүзінде жаңа әлемдік тәртіп орнықты. Бұл көпполюсті әлем экономикалық фактордың алғашқы орынға шығуы, интеграциялық және сауда одақтарының қалыптасуы, ғаламдық деңгейде қарама-қарсы жаңа топтардың (бай - солтүстік, кедей - оңтүстік, батыс – христиан,шығыс - мұсылман әлемі және т.б.) пайда болуымен сипатталады.
Геосаясат қолданбалы ғылым, оның бірнеше міндеттері бар.