Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Жаппай қарулану және әскери шығындар



бет61/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
10 сыынп лекция 52 бет

Жаппай қарулану және әскери шығындар.
Дамушы елдерде әскери шығын мөлшері жоғары, бұл олардың әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығын жоюға кедергі келтіруде.
Елдің әскери қуатын арттыруға бағытталған милитаризм (лат.militaris - әскери) экономика, саяси және идеологияның басын қосатын біртұтас жүйе болып табылады.
Халықаралық лаңкестікпен күрес шаралары. Әлем қауымдастығы халықаралық лаңкестік төндіретін қауіп-қатерді айқын сезінуде. Осы себепті 1970 жылдан бастап әлемдік деңгейде халықаралық ланкестік әрекеттерінің заңсыздығы жөніндегі бірқатар келісімшарттар қабылданған. Олардың арасында 1970 жылы Гаагада қабылданған «Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы келісімшарт»: «Кепілгерлерді ұстаумен күрес туралы келісімшарт (Нью-Йорк, 1979 ж.); «Лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі келісімшарт» (1999 ж.) бар.
Мемлекеттердің лаңкестік әрекеттерге қарсы қызметін үйлестірумен халықаралық және аймақтық ұйымдар айналысады. Мысалы, 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиғалардан соң БҰҰ Қауіпсізік Кенесі Лаңкестікке қарсы комитет құрды, ол мемлекет аралық үйлестіруді жүзеге асырып, мүше елдерге лаңкестікнен күресте техникалық көмек көрсетеді. 2006 жылы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар және оған қосымша әрекет ету жоспары түріндегі Ғаламдық ланкестікке қарсы стратегияны қабылдады. Қазіргі кезде ланкестік ғаламдық құбылыс болып табылады, ал оған қарсы күреске мемлекеттер мен тұтас аймақтар бірігуде.
Энергетикалық мәселе. Энергетикалық ресурстар өндірісінің монополиялануы. тұтыну салаларының қарқын дамуы энергетикалық шикізаттың тапшылығына және олардың бағасының күрт артуына себепші болды. Бастапқы энергетикалық ресурстар қатарына жататын мұнай, табиғи газ, көмір, жанғыш тақтатастар, торф, ағаш отын, су ресурстары қорының шектеулі болуы қалпына келетін немесе сарқылмайтын балама ресурс түрлерін пайдалануды жеделдетті.
Қазіргі кезде дүниежүзінің 32 елінде АЭС бар немесе салынып жатыр, олардағы блоктардың жалпы саны 449-ға жетіп отыр . Олардың үлесіне дүниежүзінде өндірілетін электр энергиясының 11% тиесілі. Кейбір елдерде АЭС-тердің электр энергиясы өндірісіндегі үлесі басқа энергия көздерімен салыстырғанда басым бола бастады. Мәселен, Францияда бұл көрсеткіш 72% тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет