Шикізат тапшылығын жою жолдары.
Шикізат қорының азаюы геологиялық барлау жұмыстарының кең
ауқымда жүргізіле бастауына себепші болды. Соның нәтижесінде, Дүниежүзілік мұхит түбінен темірдің. марганец пен мыстың, кобальттың ірі кен орындары табылған.
Дамушы елдердегі ғаламдық мәселелер
Адамзаттың ғаламдық мәселелері әсіресе әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елдерде айқын көрінеді. Сондықтан демографиялық және азық-түлік мәселелерін дамушы елдер мысалында қарастырамыз.
Демографиялық мәселе. Қазіргі кезде Жер шарында 7.6 миллиардтан астам халық тұрады. Халық саны өсуінің қазіргі қарқыны сақталса, халқының саны 49 жылдан соң екі есеге ұлғаяды.
XVIII ғасырда ағылшын ғалымы Т. Мальтус азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндігінің халық санының артуына сәйкес келмейтіндігі туралы әйгілі болжамын жариялады. БҰҰ деректеріне қарағанда, дүниежүзіндегі дамыған 20 елде халықтың табиғи өсуін арттыруды қолдайтын саясат жүргізілсе, 85 дамушы елде халық санының өсуін тежеуге бағытталған демографиялық саясат жүзеге асырылуда. Халықтың табиғи өсу көрсеткіштері әсіресе Африка мен Азияның дамушы елдерінде өте жоғары.
Азық-түлік мәселесі.
Ғалымдар дүниежүзі елдерін азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша бірнеше топқа бөледі:
I) азық-түлік өнімдерін экспортқа шығаратын елдер (АҚШ, Канада, Аустралия, ЕО құрамындағы кейбір елдер, Финляндия, Венгрия);
2) азық-түлік жетіспейтін, бірақ оны сырттан сатып алу мүмкіндігі бар елдер (Жапония);
3) азық-түлік өндірісі жергілікті сұранысты әрең қамтамасыз ететін елдер (Қытай. Үндістан. Оңтүстік Америка елдері):
4) азық-түлік жетіспейтін, бірақ өзін-өзі қамтамасыз ету үшін су және жер ресурстарын қарқынды игеріп жатқан елдер (Египет,Индонезия, Пәкістан, Филиппин);
5) жан басына шаққанда азық-түлікпен қамтамасыз етілу жағдайы төмен елдер (Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан дамушы елдері);
6) халық санының артуы аумақтың ресурстық мүмкіндігінен жоғары болуы себепті азық-түлік дағдарысы басталған елдер (Ганти, Непал. Сальвадор).
Шамамен алғанда, Жер шарында 1 миллиардтан астадам азық-түліктің жетіспеуінен зардап шегуде. Аштықтан жыл сайын 13-18 млн. Адам көз жұмса, оның 3/4-ін балалар құрайды.
Жалпы алғанда, ғаламдық азық-түлік мәселесіне бірнеше факторлар тобы: а) физикалық-географиялық жағдай және халықтың орналасуы; ә) көлік және байланыс құралдарының дамуы: б) әлемдегі саяси жағдай; в) дүниежүзілік экономика мен сауда қатынастары әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |