Аграрлы-шикізатты елдер: Папуа-Жаңа Гвинея, Алжир, Гвинея, Қырғыз Республикасы, Кот-д- Ивуар
Жаңа индустриялық елдердің негізгі даму үлгілері: азиялық, латынамерикалық
Дамудың азиялық үлгісі: ұлттық экономиканы басым түрде сыртқы нарыққа бағыттау негізінде дамуымен ерекшеленеді
Азиялық үлгі тән, ерекше көзге түсетін елдер: Малайзия мен Таиланд
Латынамерикалық үлгі: ұлттық экономиканы импорт алмастырушы бағытта дамытумен сипатталады
Постиндустриялық елде қалыптасқан феномен: жаңа экономика
Постиндурсиялық елдер құрылымына жатады: білім беру, ақпараттық-коммуникациялық нарықтар, инновациялар өндірісі, жоғары технологиялар саласы, ақыл-ой қызметтерін көрсету
Дүниежүзілік шаруашылық құрамы жіктеледі: 7 аймаққа
Дүниежүзілік шаруашылық құрамының аймақтары: Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Африка, Аустралия, Мұхиттық аралдар, ТМД, Шетелдік Еуропа мен Азия
Дүниежүзілік шаруашылықтың екі бөлікті моделі: дамыған елдер (Солтүстік), дамушы елдер (Оңтүстік)
Дүниежүзілік шаруашылықтың үш бөлікті моделі: дамыған елдер, өтпелі экономикалық елдер, дамушы елдер
Дүниежүзілік шаруашылықтың көп бөлікті моделі бөлінеді: 10 орталыққа (Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония, Қытай, Үндістан, Оңтүстік-Батыс Азияның мұнай өндіретін елдері, Жаңа индустриялық елдер, ТМД елдері, Бразилия мен Мексика)
Жаңа үшбөлікті модель: Ғаламдық орталық, өтпелі аймақ, шеткі аймақ
Жоғары дамыған елдердегі экономикалық аудандар типі: жоғары дамыған аудандар,ескі өнеркәсіпті аудандар, артта қалған аудандар, жаңадан игеріліп жатқан аудандар
Жоғары дамыған аудандар: Батыс Еуропа елдері
Батыс Еуропадағы жоғары дамыған аудандар: Үлкен Лондон мен Үлкен Париждің астаналық аудандары, Германияның оңтүстік аудандары, Италиядағы Милан-Турин-Генуя өнеркәсіп үшбұрышы, Нидерландтағы Рандстад агломерациясы
Достарыңызбен бөлісу: |