References
1 Bill Fleming. Creating three-dimensional characters. Lessons: Per. s angl. / M.:
DMK, 2011. – 448S.: ill. (Series «For designers»).
2 Bondarenko S.C., Bondarenko, M.Y. 3D Max. Easy start. – SPb.: Peter, 2012. –
128S.: ill.
3 Burlakov, M.C. Autodesk 3ds MAX2012. Tutorial 3D Studio MAX2012 with e-
book (+CD).Dialectics, 2012. – 512S.: ill. (Series «Manual»).
4 Hubbell D., Borgman So, 3D Studio VIZ for the designer / Diasoft, 2012. – 663c.
5 Kelly L. Murdock. Autodesk 3ds MAX12.The Bible of the user.3D Studio MAX12
(+DVD).Dialectics, 2012. – 1344S.: ill. – Series «the Bible» user).
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December,
2015
__________________________________________________________
____
71
МАМЫРБАЙ Жақсылық,
ОРЫНБАСАР Махаббат,
АБИЛХАНОВА Аяулым,
№24 жалпы орта мектебінің 2 «Б» сынып оқушылары,
Есіл ауданы, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: САРСЕНОВА Ҧлжалғас Лесовна,
№24 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мҧғалімі,
Есіл ауданы, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
ИСАНОВ Нҧрсҧлтан,
№24 жалпы орта мектебінің 3 «А» сынып оқушысы,
Есіл ауданы, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ШАКЕТОВА Гҥлжан Батырбекқызы,
№24 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мҧғалімі,
Есіл ауданы, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
ЕЛІМІЗДЕГІ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР
Күнделікті ӛмірде біз пайдалы қазбаларды пайдалану арқылы бар
жұмысымызды тындырып жүрміз. Осылай деуімізге де себеп бар. Барлық ыдыс-
аяқтар – қазан, қасық, шанышқы, пышық, мінетін кӛліктер, үйді жылытатын кӛмір,
жанар-жағар майлар, айта берсек, толып жатыр. Бұлардың бәрі дерлік жерден
алынған пайдалы қазбалар.
Пайдалы қазбалар – бізге берілген табиғаттың сыйы емес пе? «Сыйға – сый...»,
- демекші, біз де осы тамашы сыйды дұрыс әрі тиімді пайдалануымыз керек деп
ойлаймыз. Осы сыйдың келер ұрпақтыңда ӛз несібесі бар.
«Табиғат – ортақ үйіміз», - деп ылғи айтамыз. Соны айтып қана қоймай,
жұмыспен дәлелдеу керек. Еліміздің болашағы біздің, жас ұрпақтың қолында емес
пе? Біз сондықтан еліміздегі пайдалы қазбаларды зерттеп, оларды қызғыштай
қорғап, еліміздің ӛркендеуіне ӛз үлесімізді қоссақ деген мақсат пен арман бар бізде.
Сол асыл мақсат жолындағы алғашқы қадамымыз деп білеміз осы жұмысымызды.
Табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін деп екіге бӛлінеді.
Бірінші – қалпына келетін ресурстарға Күннен алынатын жылу және жарық
энергиясы, жаңбыр суы, жел энергиясы, ӛсімдік және жануардан алынатын ӛнімдер
жатады. Екінші – кӛмір, мұнай, металдар мен құрылыс материалдарының
миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан шӛгінділері қазіргі тұтынушылар үшін
қалпына келмейтін ресурстарға жатады. Олардың кӛпшілігі, мысалы, кӛмір мен
мұнай да Күн энергиясының әсерінен түзілген. Сондықтан қалпына келмейтін
ресурстарды қалпына келетін ресурстарға қарағанда тиімді пайдалану қажет.
Жіберілген қателердің салдары орасан кӛп зиян келтіруі мүмкін.
Кӛптеген қосылыстар мен материалдардың ӛндірісі үшін негізгі шикізаттардан
басқа, соңғы ӛнімнің құрамына кірмейтін, бірақ ӛндірістік процеске белсенді
қатысатын қосымша заттар: отын, су, атмосфералық ауа, ӛршіткілер, еріткіштер,
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December,
2015
__________________________________________________________
____
72
балқымалар, тұрақтандырғыштар, тежегіштер және т.б. қажет. Оларды қолданғаннан
кейін де іске жаратуға болады.
Халық шаруашылығында қолданылатын табиғи минералды заттар пайдалы
қазбалар деп аталады. Ал олардың жер қыртысында немесе жер бетінде жинақталуы
– кен орындары деп аталады.
Пайдалы қазбалар физикалық құрылымына қарай бірнеше типке бӛлінеді:
қатты (әр түрлі рудалар, кӛмір, мәрмәр, гранит, тұз), сұйық (мұнай, минералды
сулар); газ күйідегі (жанғыш табиғи газдар, гелий, метан).
Оларды қолдану саласы бойынша 5 топқа бӛледі:
I топ – отын-энергетикалық минералды заттар (кӛмір, мұнай, табиғи газ,
шымтезек, тақтатас, уран);
II топ – металдар кендері: қара (темір), түсті (мыс, алюминий, мырыш, қалайы,
сирек және асыл ванадий, германий және т.б.);
III топ – химиялық шикізат: күкірт, калий тұздары, апатиттер, фосфориттер
және т.б;
IV топ – құрылыс материалдары, жасанды және бағалы тастар (гранит, мәрмәр,
яшма, агат, алмаз және т.б.);
V топ – гидроминералды пайдалы қазбалар (жерасты тұщы сулары және
минералды сулар).
Пайдалы қазбаларды ӛндіріп алудың бірнеше жолы бар. Бірінші, ашық түрде
руда табылған мекенді алқапқа айналдырып, қазып алу. Бұл экономикалық тұрғыдан
ӛте үнемді тәсіл болып келеді. Себебі бұл жолмен қазуға салыстырмалы тұрғыдан
кӛп техникалық жабдықтар қажет болмайды. Кӛмір қазып алудағы шахта тәсілі
біршама кӛп қаржыны талап етеді. Сондықтан кӛмірдің бағасы қымбаттау болып
келеді.
Ал мұнайды алу тәсілі де ӛте тиімді ойластырылған. Оны мамандар труба
арқылы сорып, Жер бетіне шығарады. Одан бӛлек, сораппен (насос) шығару жолы да
кең қолданысқа енген. Айта кетсек, пайдалы қазбаларды ӛндіруде қолданылатын
ерекше әдіс-тәсілдер де бар. Олардың бірі геотехнологиялық әдіс деп аталады.
Аталған әдіс кӛбіне руданы ӛндіруде қолданылады.
Пайдалы қазбаларға деген сұраныс күн ӛткен сайын артып келеді. Сонымен
қатар, минералды шикізаттар да күнделікті ӛнеркәсіпте тиімді пайдаланылып жатыр.
Дегенмен, пайдалы қазбалар қайта қалпына келмейтін шикізат болғандықтан,
олардың тек қажет кезінде ғана ӛндіріп алған дұрыс болады.
Ол үшін:
- Қазып алу кезінде қазбалардың шығынын азайту;
- Барлық компонентті қамтитын рудаларды ғана қазуға рұқсат ету;
- Пайдалы қазбалардың жан-жақты қолданысқа енуіне жол беру;
- Бір жерден қазып ала бермей, ӛзге кен орындарын табуға тырысу қажет.
Осы жолдармен, пайдалы қазбалардың ӛндірілу кӛлемін алдағы уақытта
артуына емес, тиімді қолдануына мән беру керек. Себебі шамадан тыс пайдалы
қазбалардың ӛндірілуі Жердің тартылу күшіне де ӛз әсерін бермей қоймайды. Айта
кетсек, Жер бетіндегі үлкен болған кен орындар негізінен солтүстік жартышарда
орын тепкен. Демек, кӛп ӛтпей екі полюстің тепе-теңдігін сақтап тұрған Жердің
салмағы ӛзгеруі мүмкін. Ал Жердің салмағы ӛзгеретін болса, гравитацияның
ауытқып кетуі де ықтимал.
Пайдалы қазбалардың негізі тау кені және минерал болып табылады. Олар
кӛбіне адамның қоғамдық ӛміріне қажет шикізат ретінде қазып алынады.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December,
2015
__________________________________________________________
____
73
Пайдалы қазбалардың тҥрлері. Жасалыну эволюциясына байланысты
барлық пайдалы қазбалар магмалық, жауындық және метаморфтық болып бӛлінеді.
Олардың Жер бетінде орналасуында да белгілі бір заңдылық бар.
Бір мекенде жинақы күйде табылатын пайдалы қазбалар магмалық болып
есептелінеді. Бұл руданың магмадан және одан бӛлінетін ыстық су қоспасынан
қалыптасатынын білдіреді. Магма Жер қыртысына дейін кӛтеріліп, қатты күйге
ӛзгеріп отырады. Магманың қозғалысқа енуі, яғни жер бетіне кӛтерілуі
тектоникалық қозғалыстың әсерінен болады. Нақтырақ айтар болсақ, Жер
қыртысының әр қабатынан біркелкі кӛтеріле, Жер бетіне жақындайды.
Пайдалы қазбаларды ӛндіріп алудың бірнеше жолы бар. Бірінші, ашық түрде
руда табылған мекенді алқапқа айналдырып, қазып алу. Бұл экономикалық тұрғыдан
ӛте үнемді тәсіл болып келеді. Себебі бұл жолмен қазуға салыстырмалы тұрғыдан
кӛп техникалық жабдықтар қажет болмайды.
Кӛмір қазып алудағы шахта тәсілі біршама кӛп қаржыны талап етеді.
Сондықтан кӛмірдің бағасы қымбаттау болып келеді. Ал мұнайды алу тәсілі де ӛте
тиімді ойластырылған. Оны мамандар труба арқылы сорып, Жер бетіне шығарады.
Одан бӛлек, сораппен (насос) шығару жолы да кең қолданысқа енген.
Қазақстандағы кӛмір мен темір қоры 300-500 жылға жетеді деп хабарлайды
баспасӛзде. Демек, пайдалы қазбалар қоры жеткілікті. Темір, кӛмір секілді пайдалы
қазбалар қоры кемінде 300 жылға жетеді. Яғни, Қазақстан қазіргі таңда осы пайдалы
қазбалармен қамтамасыз етілген.
Мамандардың айтуынша, еліміздегі пайдалы қазбалардың осындай қорымен
алдағы уақытта Қазақстан негізгі ресурсты сол қорды пайдалануға жұмсауы керек.
Ресми деректерге сүйенсек, геология саласын қаржыландыру жылдан жылға
қарқын алып келеді. 2019 жылға дейін Үкімет бекіткен бағдарламада аталған саланы
республика бюджетінен 119 миллиард теңге кӛлемінде қаржыландыру
қарастырылып отыр.
Адамзат қоғамының минералды – шикізат ресурстарын пайдаланбай ӛмір сүруі
мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл
олардың кӛпшілігінің қорларының уақыт ӛте келе толығымен таусылуы мүмкін
екендігін кӛрсетеді.
Қазақстан – жердегі минералды – шикізат базасына бай аздаған елдердің бірі.
Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың (олардың 29-ы металдар)
Қазақстанда 39-ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ, жоғары кӛрсеткіштер тек
Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия және АҚШ – 42, Бразилия – 41 түрлі пайдалы
қазбалар ӛндіріледі.
Мұнай мен табиғи газ қорлары бойынша республика әлем елдерінің бірінші
ондығына кіреді, мұнда тас және қоңыр кӛмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш,
мыс, уран және сирек кездесетін металдар т.б. табылған.
Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін ӛндіру, қайта ӛңдеу және байыту
процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи
газ концентраттарын ӛндіру ықпал етеді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кен-металлургия
кешені Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің
қатарына қосылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін басым салалардың бірі ретінде
белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы
нарықтардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті ӛнімдер шығару
болып табылады.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December,
2015
__________________________________________________________
____
74
Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат
балансында айтарлықтай күшті позицияға ие. Әлемдік минералды шикізат
нарығының дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Арнайы мамандардың
мәліметтері бойынша әлемдік зерттелген қор жӛнінен Қазақстанның алар үлесі
мынадай: алтын – 2,7% (әлемде 8-ші орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец –
30% (2-ші орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-ші орын), темір
– 6%, кобальт – 3,9% (5-ші орын), хром – 37,6% (8-ші орын), боксит – 1,4% (10-шы
орын), никель – 1,4% (12-ші орын).
Минералды шикізат ӛнімдерін ӛндіру және алу жӛнінен республика хром
бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші, мырыш және қорғасын
бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы
орында.
Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат нарықтарында Қазақстанның
атқаратын рӛлі аз емес, ал Еуразиялық субконтинентте хром бойынша монополист,
темір, марганец, алюминий жӛнінен ӛңірлік нарықта (ТМД елдері, бірінші кезекте
Ресей) айтарлықтай ықпалы бар. Бұл жетістіктер ӛздігінен келген жоқ, ол ғалымдар
мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің ерен еңбегінің жемісі болды. Кезінде
осы сала Қазақстан ғылымының қарыштап дамуына зор әсер етті. Отандық геология,
кен ісі, металлургия салалары әлемдік жетістіктерге қомақты үлес қосты.
Соңғы 25 жылда Қазақстан ғылымының алдында қосымша міндеттер пайда
болды. Яғни, отандық ғылымның жауапкершілігі артты. Кеңес ӛкіметі кезінде осы
саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен – жаңа технология
жасау, оларды сынақтан ӛткізу, ӛндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын,
ал ӛндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік ғалымдарға
тапсыратын.
Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін, біздің үкіметіміз ондай маңызды
бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті,
еліміз экономикасының стратегиялық бағыттары бойынша Президент Жарлығымен
бірнеше ұлттық орталықтар құрылды. Оларға ӛз салаларында мемлекеттік
бағдарламаларды іске асыру жүктелді. Сондай құрылған орталықтың бірі –
«Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жӛніндегі
ұлттық орталығы» РМК. Бұл мекемеге тау-кен, металлургия бағыттары бойынша
бағдарламаны орындау жүктелді. Әрине, бұл міндет бұрынғы істеліп жатқан
жұмыстарға қосымша атқарылып жүр. Мекеме қазір Орталық Азиядағы ірі
ғылыми кәсіпорындардың бірі.
Ал жекеменшікке ӛтіп кеткен кәсіпорындарға келсек, әрине, нарықтық эконо-
микада мемлекет кәсіпорынның шаруасына араласпайды. Әйтсе де үкімет ӛз мен-
шігіндегі кен орнын кәсіпорынға пайдалануға бергеннен кейін, сол пайдалы қазбаны
ӛндіру мен ӛңдеу барысында жеке қожайындардың мемлекет мүддесін бұзбауын
қадағалап отыруы тиіс.
Біріншіден, кен орнын пайдаланушылар руданы ӛндірген кезде үкімет белгі-
леген норматив бойынша, руданы барынша толық (тек қана бай руданы емес) қазып
алулары керек.
Екіншіден, руданы ӛңдеген кезде оның құрамында бар элементтерді мейлінше
толық бӛліп алу керек.
Үшіншіден, металдардың ӛзіндік құнын шектен тыс жоғарылатпауы, сату
бағасын тӛмендетпеуі тиіс.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December,
2015
__________________________________________________________
____
75
Тӛртіншіден, ӛндіріс үдерісінде қоршаған ортаны ластамауы, ал егер оған
нұқсан келтірсе, сол үшін үкіметке жеткілікті мӛлшерде тӛлем тӛлеуі тиіс.
Бесінші, ӛндірісте істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Осы бағыттарда кәсіпорынның жұмысын бақылайтын мемлекеттік органдар
бар. Біздің жұмысымыз жоғарыда аталған пункттер бойынша әлемдегі осындай ӛн-
дірістердің кӛрсеткіштері мен ғылыми жетістіктерін назарға ала отырып, ӛндірілетін
шикізаттардың ерекшеліктерін ескеріп, үкімет органдары нормативтерді белгілеуі
үшін қажетті материалдармен, ұсыныстармен қамтамасыз етуге саяды.
Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі – қара
металлургия және түсті металлургия салаларынан тұрады. Қара металлургия темір,
марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферроқұймасы, отқа тӛзімді ӛнімдер,
металл сынықтарын қайта ӛңдеу ӛндірістері сияқты 12 саладан тұрады. Түсті
металлургия 26 ӛнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек
металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын ӛңдеу сияқты 8
саладан тұрады.
1996-2005 жылдар аралығында Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне 55
млрд. доллардан астам. Соның ішінде жер қойнауын игеруге 40 млрд. доллардан
астам инвестиция салынды. Мамандардың айтуынша, кӛмірсутегі шикізатына
бағытталған инвестициялардың орта есеппен 79 проценті ӛнім ӛндіруге, 21 проценті
геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалды. Қазіргі жағдаймен Қазақстан
кӛмірсутегі шикізатының қорына қарай әлемдегі алдыңғы ондыққа кіреді. Ал табиғи
газдың барланған қоры бойынша еліміз дүние жүзінде 15-ші орында.
Расталған және алып пайдалануға болатын мұнай қоры 35 млрд. баррельді, газ
қоры 3 трлн. текше метр. Каспий теңізінің қазақстандық бӛлігінде 120-ға жуық
құрылым анықталған. Олардың арасында кӛмірсутегі шикізатының үлкен қоры
болуы әбден мүмкін. Мамандардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің
қазақстандық бӛлігінің кӛмірсутегі ресурстары 12-17 млрд. тонна болады.
Солтүстік Каспий жобасының аясындағы алғашқы барлау бұрғылау
жұмыстарының алғашқы нәтижелері – Каспийдің қазақстандық бӛлігінің болашағы
зор деген қорытынды жасатып отыр. Республикамызда 197 мұнай және газ кен
орындары, олардың ішінде 102 мұнай, 29 газ конденсаты, 30 мұнай-газ конденсаты,
6 мұнай-газ, 11 газ конденсаты және 12 газ кен орындары ашылған. Мұнайдың
ашылған кен қорлары 3 млрд. тоннасы, ал газдың анықталған қорлары 3 трлн. текше
метрді құрайды.
Негізгі мұнай мен газды ӛндіру Батыс Қазақстанда жүзеге асырылады. Онда
мұнайдың 90,4% және газ конденсатының 100% ӛндіріледі. Бұл ӛңір Қазақстан
аумағындағы неғұрлым ластанған және экологиялық жағдайы нашар аудандар
қатарына жатады. Тау-кен ӛндіру ӛнеркәсібінің мұнай ӛндірісі саласы жеке
тұрғыдыан алғанда да басымдық маңызға ие (2030 жылға қарай мұнай ӛндіруді
жылына қарай 150 млн. т.-ға дейін жеткізу болжамын есепке алғанда).
Тас кӛмір мен қоңыр кӛмір ӛндірудің де экологиялық салдары бар. Қоршаған
ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа
түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап ӛтейік. Сондай-ақ
темір, марганец, хром, қорғасын, мырыш, мыс рудаларын алтын, фосфориттер,
құрылыс тастары мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін
ӛңдеумен және қайта ӛңдеумен байланысты кӛптеген рудниктер және карьерлер
табиғи ортаға жағымсыз әсер етеді. Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December,
2015
__________________________________________________________
____
76
табиғатының литогенді ортасын қорғау жӛнінде тиімді шараларды қолдануды талап
етеді.
Жер қойнауларын қорғау мәселесі литосфера қабаттарынан минералды
шикізатты рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар түрінде неғұрлым толығымен
айырып алуды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Жер
қойнауларын қорғау жӛніндегі шаралар кешені сондай-ақ рельеф формасының
сақталуын, геодинамикалық процестердің кӛрініс табуда жоюын қамтиды.
Осыған байланысты пайдалы қазбалардың кен орындарын кешенді түрде
ӛңдеу, минералды шикізатты ӛндіру, ӛңдеу, және тасымалдау кезінде шығынды жан-
жақты жоюға ұмтылу жер қойнауын эксплатациялаудың басты қағидасы болуға тиіс.
Бұл шығындар неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым кӛп пайдалы қазбалар болашақ
ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жер қойнауында қала береді.
Тау-кен ӛндіру ӛнеркәсібі қоршаған ортаға жан-жақты әсерін тигізеді. Бұл рельефтің
ӛзгеріске ұшырауынан, карьерлердің, жарлардың, террикондардың пайда болуынан
және тау жыныстарының құлауынан кӛрінеді. Пайдалы қазбаларды ӛндіру топырақ,
атмосфера, су бӛгендері мен жерасты суларының сулық режимінің жағдаййына әсер
етеді. Мұның үстіне ӛсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің мән жайлы түбірімен
ӛзгереді.
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ӛңдеу тікелей ландшафтардың
геохмиялық жағдайына, техногендік аномалиялардың пайда болуына әсерін тигізеді.
Ӛндіру және қайта ӛңдеу процесінде пайдалы қазбаларды шала алу минералдарды –
шикізат ресурстарын эксплутациялаудағы басты кемшілік болып табылады.
Технологиялық дамымаудың нәтижесінде түсті металлургияда ӛндірілген рудаларды
байыту кезінде алынған шикізаттың 10-20% ғана пайдаланылатыны, ал 80-90%
лақтырылатыны мәлім болды.
Бұл қалдықтар химиялық реагенттер сіңген тау жыныстарының ұсақталған
түрін білдіреді. Концентраттарды балқыту процесінде материалдың пайызына
жуығы шлаққа айналады. Байыту фабрикаларында ӛңдеу процесінде минералды
шикізат кӛп жұмсалады. Руданың негізгі компоненттерін айыру кезінде қосалқы
лақтырылып тасталады да, су мен жел эрозиясы нәтижесінде жойылып кетеді.
Қосалқы пайдалы компоненттердің жалпы құны кӛбінесе негізгі түрдің құнынан
жоғарғы болатынын ұмытпауымыз тиіс. Ӛндірістік қалдықтарды қайтадан
пайдалану үлкен экологиялық және басқа да қиыншылықтармен жалғасады және
барлық уақытта мүмкін бола бермейді. Нәтижесінде қалпына келтірілмейтін табиғи
ресурстар үлкен шығынға ұшырайды.
Қалдықсыз кен қалдығы аз ӛндірісті жасау жер қойнауының байлықтарын
неғұрлым толық пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.
Жер қойнауы ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде келесі
басымдықтар жатқызылуы тиіс: пайдалы қазбалар ӛндіру технологиясын жетілдіру;
ӛңделген жынысты пайдалану арқылы кен орындарын кешенді түрде ӛңдеу; пайдалы
қазбалар кен орындарын үнемдеп пайдалану олардың іске жарау ерзімін ұзартуға
ұмтылу; қажетті жағдайларда сирек кездесетін минералды шикізаттардың орнына
басқа нәрсе қолдану; тау-кен орындары игерілген жерлерді кеңінен ӛңдеу және т.б.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December,
2015
__________________________________________________________
____
77
Достарыңызбен бөлісу: |